• Әдебиет әлемі
  • 09 Шілде, 2012

Бәйшешек еркелей тербеліп...

Мен Әйгерім Өтешқалиева Орал каласы Жаңақала ауданының тұрғынымын. Өзім оқушымын. Кішкентай кезімнен қазақ әдебиеті пәнін өте жақсы көремін. Өлеңмен жазылған шығармаларды көп оқимын. Төменгі сыныптан бастап қазақ, орыс тілдерінде өлең шығарамын, шығармалар жазамын. Өлеңдерімнің көбі достық, Отан, туған жерге, табиғатқа арналған. "Үркер" журналын әрдайым оқып тұрамын. Бұл журналды оқуға маған ақын апам Ақұштап Бақтыгереева кеңес берген еді. Биыл бір жылға жазылдым.

Автор

Ұрпақ ойы Жаңақала қасиетке тұнған жерім, Ақын, күйші, дүлділдер туған елім. Қуат алып суы мен ауасынан Ата-баба рухымен төске өрледім. Көлдерің небір құсқа толып жатыр, Самал жел белдеріңді желпіп жатыр. Тарихың құммен бірге борай көшіп, Ұрпағыңнан ұрпаққа жетіп жатыр. Тұтасып әр ұлттармен іргеміз, Қуаныш пен қайғыда да біргеміз. Ортақ міндет, ортақ мақсат алдыға Татулықта бақытты күн кешеміз. Жалпы ойымды айтсам егер қорытып, Көрінесің күн көзінен тым ыстық. Аман-есен болып сенің ұрпағың Жақсылыққа әр қадамың жолықсын. Көктемнің шашуы. Аспанда құс ұшты желді қуалап, Сәулесін төкті күн нұрланып. Бәйшешек еркелей тербеліп, Қаптады қыр төсін қаумалап. Қасына жақындай абайлап, Үндемей көп қарап тұрдым мен. Көктем жел гүлдерін аймалап, Тыңдатты еріксіз әуенін.

333 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы