Басшылық

1313

 

Жарас Сәрсек – «Үркер» журналының Бас редакторы

 

Жарас Сәрсек 1968 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданына қарасты Сүмбе ауылында туған. 1986-1988 жылдары Германияда әскери борышын өтеген. 1990-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған. 1996-2000 жылдары республикалық «Парасат» журналында редактор, аға редактор, бөлім бастығы болып қызмет істеген. 2000-2001 жылдары «Жетісу» газетінде, 2001-2003 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 2003-2005 жылдары «Әдебиет айдыны» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары болып қызмет істеген. 2005-2008 жылдары – «Заң» газетінде бас редактордың орынбасары болып қызмет істеген. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі. «Керуен көшіп барады», «Жүрегімнің ішінде жүрегім», «Қастерлім», «Түнемел» атты жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар антологиясы», «Мәртебелі поэзия» сияқты он шақты ұжымдық жинаққа енген. Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. «Қастерлім» жыр жинағы үшін 2008 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын алған. 2007 жылғы – Македония Республикасында өткен дүниежүзілік түркі ақындары фестивалінің лауреаты. Екі мәрте Президент сыйлығының иегері. Бүгінде Республикалық «Үркер» журналында қызмет атқарады. 2011 жылы «Тәуелсіздікке 20 жыл», 2012 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен марапатталған.