Біз туралы

 «Үркер» журналы туралы

 Алғаш жарық көруі: «Үркер» атты қоғамдық-саяси, әдеби журналдың тұсауы 2008 жылы роман-газет болып кесілген. 2009 жылдан бастап жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси басылымы болып жаңа мазмұнда оқырманға жол тартты. Тақырып аясы барынша кеңейді.

Бағыты: жастар шығармашылығын оқырманға кеңінен насихаттау. Әзірше бұл басылым осы мақсатта ауқымды жұмыс істеп келе жатқан бірден-бір басылым.

Таралымы: 5000 дана. Түрлі-түсті мұқабамен 52 бет боп жарыққа шығады.

Алған марапаттары: 2008 жылы Сенат төрағасы Қ.Тоқаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының журналдар арасындағы бәйгесінің жеңімпазы.