• Әдебиет әлемі
  • 26 Наурыз, 2012

Қалықтамау қиянат қыран үшін

Жанат Райымов 1988 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Бүгінде Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті. «Бұлақ сылдыры» атты жыр жинақтарының авторы. Жауынды күні Жауынды күнді жаным сүймейді оншалық, Күйлер кешемін қалғандай мұңға қоршалып. Күткен адамым келмей қоятын тәрізді, Алайын десем алдынан шығып қарсы алып. Жан-жағымдағы жора-жолдасым жаны ізгі, Күн шықпай қалса күлмей қоятын тәрізді. Жүрегім бірге былғанып бара жатқандай, Батпақ аяқпен былғаса біреу дәлізді. Күл түстес бұлттар күрсініп күнсіз аспаннан, Жалықпайды екен, сан жетпес тамшы тастаудан. Ойлаймын кейде дария мынау дүние, Мүмкін осындай тамшы тірліктен басталған. Анау отырған ажары аппақ бұрымды, Сезім-сырымды біліп ап бүгін бүлінді. Ең болмағанда қолшатыр болсам қолында Жаңбырды бұлай жамандамас ем бүгінгі. Жауынды күні жабырқау ойға байланам, Тамшы тұраған топырақтай мынау лайланам. Нөсер ме, нұр ма, білмедім оны, алайда, Әсер етпейді, етпейді маған айналам. Жауынға мынау болса да көнем жейде кір, Батпақтарменен баттаса берсін мейлі өңір. Болмасыншы тек тағдырым жаңбыр сияқты, Болғаны жақсы шуақты күндер бейнебір. Сен бара жаттың... Сен бара жаттың асығып сабаққа жылдам, Не істермін басқа артыңнан қарап қалудан. Ұмытқан шығар дедім де ұшыраспадым, Ұмытпаса екен деп тілеп Жаратқанымнан!!! Сен бара жаттың асығып сабаққа жылдам, Сені көргенде бейнебір таң атты алдымнан. Кешігіп келе жатсаң да көңілдісің ғой, Қарай бересің қолыңа сағат тығылған. Сен бара жаттың асығып сабаққа жылдам, Мен қарап тұрдым, өрліктің мәні ақтарылған. Бетпе-бет келу біздерге не беретін еді, Арамыздағы сырлардың бәрі ақтарылған. Сен бара жаттың асығып сабаққа жылдам, Қуаныш көрдім қайғысыз қабақтарыңнан. Жанымнан менің жай ғана өткенің мүмкін, Жадыңнан сенің жырақтап баратқанымнан. Тұлпардың тұяғы ол – жұбанышым! Келіп ем ауылды аңсап, асауды аңсап, Күн туды деп асауға басар қамшы ап. Ағатай, арыныма арқан кердің, Ақыл айтып намысты басар жаңсақ. «Арандап талай мәрте қию салдың», Дедің де қисыны жоқ тыйым салдың. Сол сәтте тамырымда қаным ойнап, Намысымды әлдебір құйын шалды. Ол рас, ақиқаттан ақталған кім, Тұяғында тұлпардың тапталғанмын. Тапталсам да, өлуге шақ қалсам да, Тапталумен, ағатай, бапталғанмын. Қыранның қай кезде де – тұрағы шың, Қалықтамау қиямет қыран үшін. Қағатын қанатым жоқ, дегенменен Биікке құмарлығым – жұбанышым.. Өмірден алғанымнан, алмағым көп, Асауға әлі құрық салғамын жоқ. Әйтсе де дауасы жоқ дерттен емес, Ажалым аттан болса арманым жоқ!!! Күзгі махаббат Жапырақтар төгіліп жан-жағымда, Сары алтынға оранып атырабым, Күзгі кеште оңаша қалғанымда, Өзіңді ойлап мен кейде отырамын. Күздің салқын самалы аймалаған, Көрінетін біз үшін соғып тұрған. Дәл өзіңдей «естелік» қайда маған, Күздің салқын кешінде жолықтырған. Күз күрсінгіш, ызғарлы болғанменен, Баурағандай денемді жылы сезім Сені ойласам жылынар тоңған денем, О, махаббат, не деген ұлы сезім!!! Іздедім мен өзіңді арасынан, Жерге үзіліп төгілген жапырақтың. Күзгі махаббаттың бұл жарысынан, Айықпаған мен де бір ақымақпын... Қателік Өзім шешіп аламын да күрмеуді, Өкінемін өлердей. Өзіңменен жөн санап ем жүрмеуді, Кетіп едім бөгелмей Бірақ олай болмай шықты қалауым, Қателестім мүлдем мен. Енді алдыңа қалай ғана барамын, Көргім келіп жүргенмен. Сен – асылсың, асылдығың тым асқақ, Бәлкім маған тең емес. Ақымақ пен асыл қандай сыр ашпақ?! Жараспайды, жөн емес!!! Сонымен кетемін де... (әпкеме) Сонымен кетемін де... Өз алдыңа шаңырақ көтеруге. Қабағыңда қандай бір қимастық бар, Қайткенмен де, өстік қой тете бірге. Сонымен кетемін де... Бақытты бол жарыңның жетегінде. Қорғанышың боп жүрем қашанда мен, Барсаң да бөтен ауыл, бөтен үйге. Сонымен кетемін де... Қарайлама артыңа кетерінде. Бауырым деп басқаға бермес едім, Мен де өзіңдей біреуді ертең үйге...

326 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы