• Әдебиет әлемі
  • 30 Қараша, 2011

Қысқа әңгімелер

Жаңбырлы күн

... Сол күні жаңбыр қатты жауды. Аспан  суық тамшыларын бүрке бастады. Білегіме тиген  жаңбыр тамшылары өне бойымды дір еткізгендей... Айналама тамсана қараймын.  Сіркіреп жауған жаңбыр мен  шатырлаған найзағай тіршілік атаулының зәре-құтын қашырғысы келгендей қара барқын аспанды жарқылдата найзағай оты жарқ етті. Сарқырай аққан жаңбыр тамшылары нәзік сырдың куәсі болғандай...

Жаңбыр жауып тұр. Торбестіге мініп нағашы атам екеуіміз жайлауға тарттық. Жол бойы атам, жолдың екі жағындағы ақ қаладай тізіліп, су жағалай отырған қойлы ауылды таныстырып келеді. Біз үйден шыққалы жаңбыр бір тынбады. Қойын-бұшпағымызға толып, ұсақ жауын өне бойымнан дірдектей тамшылап, қалтыратып әкетіп барады.  Нағашы атам анда-санда сөз арасында «жарықтық – ай!» деп жеңіл күрсініп қояды. «Жаңбыр қашан басылады?» деп аспанға үміттене қараймын. Қаймықпай, қасарысқан жанарымды ұнатпағандай, аспан тағы да жарқ ете түсті.

Міне, сол жүрістен біз де бір тынбай, желе аяңдап жүре бердік. Әйтеуір жеттік. Біздің жетуімізді күтіп тұрғандай аттан түстік, жаңбыр да басылды. Қыбыладан дөңгеленіп шыққан жарты шеңбер формасындағы қызылды- жасылды кемпірқосақ  мен мұндалап көздің жауын алып, ауыл сәніне сән беріп, иіліп тұр. Әбден жаңбыр соққан мен жылы үйге кірген соң денем жылып, бойым байсал тарта берді...

ТҮС...

Көзге түрткісіз тас қараңғы. Айдос жалғыз аяқ жолмен зытып келеді, зытып келеді. Қайда барары белгісіз. Әйтеуір бар ойы тезірек жету. Қорыққанға қос көрінеді демекші.  Бір кезде алдынан ұзын бойлы, ақ сақалы кеудесіне түскен қарияның шыға келмесі бар ма?  Дидар кілт тоқтап, тілі байланып, сілейіп тұрып қалды.  Әлгі қария оған таяу келіп: «Балам қорықпа, атың кім?» – деді. Дидарда жан жоқ. Аяқ-қолы дір-дір етіп, быдықтап барып «Ди-Дидар» деді. «Балам, бағың жанайын деп тұр. Ешнәрсеге алаңдамай, тоқ жүр қарағым! Әруақтар сені қолдап жүреді» деп басынан сипап, ғайып болып кетеді.

– Балам, сағат жеті болды. Мектепке бармайтын ба едің? – деген анасының даусынан селт етіп, ояна кетсе, түсі екен. Қара терге малынып, өне бойы су болып кетіпті. Таңғы оразасын түрегеп тұрып ашты да, мектепке қарай жүгіре жөнелді..

Оралу

Алай дүлей боранның соғып басылуы, күннің сіркіреп жауып ашылуы, табиғаттың табиғи түрдегі уақытылы құбылысы сияқты бұрынғы күй  Арманда жоқ.  Жынын алған бақсыдай меңірейді де қалды.

О, опасыз тағдыр! – деді жын соққан адамдай  өзіне-өзі күбірлеп. Таң атса, күн батпайды. Күн батса, таң атпайды. Тамаққа да зауқы жоқ. Ақыл-есі кіресілі- шығасылы. Сол бір кездегі жол апатынан кейін осылай болып қалған-ды. «Есіріп кетіп еді. Тәубесіне келтірді.»– деген сөздер ел құлағы емес өз құлағына де естіліп жатыр.

Мамыражай жаз айы еді. Ата-анасының көз жасын көрді ме? Жоқ, құдай  бағын ашайын деді ме? Бір күні шырт ұйқыда жатқан  Арман: «Алла-лап» орнынан атып тұрды. Сау. Дәл бұрынғыдай:

– Шеше, маған не болды? Қатты ұйықтап кетіппін. Өмірге қайта оралғандаймын. Құдды иығымнан ауыр жүк түскендей.

–  Құлыным-ау! Жалғыз балам-ау, – деп анасы баласын құшып, көзіне жас алды...

Кәусар Лескенқызы

430 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы