Жанель Мақажан, актриса: «Режиссерлерді отандық, шетелдік деп бөліп-жарғым келмейді»

Өнер жолын екі жасынан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан бастаған Жанель Мақажан — бүгінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының басты кейіпкерлерін ойнап жүрген актриса-лардың бірі. Қарашаңырақ ТОЛЫҒЫРАҚ

Құлазыған бейбақты қурай екен жұбатқан…

«Мың өліп, мың тірілген» қазақтың ғасырлар бойы тартпаған азабы бар ма еді, сыбызғының мұңлы дауысы, зарлы үні үшін де осы аспаппен халқымыз мұңдас болған секілденеді. Көнекөз көптеген күйшілерден естігенімде сыбызғының алғаш туындаған ТОЛЫҒЫРАҚ

БАҚАНЫҢ БАҒЫН ҚЫЗҒАНБАЙ СҰҢҚАРДЫҢ СОРЫН ҰНАТТЫМ…

Еркебұлан ӘБДІРАХМАН 1994 жылы дүниеге келген. 2016 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің «Халықаралық Журналистика» мамандығын бітірген. 2011 жылы «Өлеңім – Алламның сыйы», 2014 жылы «Ғұмырымның тамшысы» ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұстазым менің, ұстазым!..

(Ұстазым Серікқали Ғабдешұлы  Шарабасов туралы) Мектеп кезінде, нақтырақ айтсам 10 сынып оқып жүргенде «Абай оқулары» деген жарысқа қатыстым. Аудандық кезеңнен сүрінбей өтіп, облыстыққа жолдама алдым. Міне, облыстық деңгейде өнер көрсеткелі тұрмын. Алдымда ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Жаңа заманның жазушысы Бұрынғы да емес, бұлыңғыр да емес, Дидар Амантай прозасы

Дидар Амантайдың «Ауылдың жаны – терең сай» атты әңгімесі бар. 1990 жылы жазылған. Шап-шағын болғанымен айтары көп. Біз бүгін осыны дәлелдеу үшін қолға қалам алдық. Жазушы бар қалыпты натурализмнің аса терең де көркем сұлбасын жасай, сомдай отырып, өз оқырманын қызықты сюжетпен баурайды. Жағалауға асыққан «ағайынды» толқындар боп тізбектелген бірқалыпты динамиканың оқиға өрісі турасындағы әдебиет теориясының барлық дерлік талабына автор тілі, сөз жоқ, орынды жауап. Автордың қолданысында «ақындық проза» деген ұғым бар. Көркем шығарманың композициялық сарынына, сөз орамы мен оқиға өрісіне тікелей қатысын айта келіп, қаламгердің сол тұрғыдағы ерекше қуатының, «мінезінің» бере алу-алмауына байланысты өзінің жаңалығын әдебиеттануға ұсынады. Біздің нысандағы әңгімені жазушының өзінің тәжірибесіне қатысты тұрғыда қарайық. Сосын тағы бір екеретініміз, шығарма бойына біткен барлық қасиеттерді: композициялық құрылыс-құрылымын, барлық сюжетті мен персонаждарын көркемдік дәрежесін, стиль қасиеті мен тіл байлығын және басқа сондай толып жатқан жақтарын әңгіме еткелі отырғанымыз жоқ. Ол зерттеу еңбектерге қалсын.

Өлеңім, сенсіз тұншықтым

Сәуле Созақбаева

Сәуле Созақбаева Оңтүстік Қазақстан облысында туып-өскен. 1973 жылы орта мектепті тәмамдап, 1977 жылы Шымкент музыкалық училищесінің қылқобыз мамандығы бойынша курсын бітірген. Ән де шығарады.

Сәулесі едім жарықтың …

Күн нұрынан нәр алып,

Қараңғылықты жарыппын.

Жер бетіне таралып,

Қуаныштыларға қарықпын.

Алысқа атылар жебе

Журналымыздың редакция алқасының мүшесі, белгілі қаламгер Мереке Құлкеновті алпыс жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

Әдебиет аулында былтыр мен биыл алпысқа толғандар аз емес. Бұлар киелі сөз өнеріндегі белқұрдастар. Дидахмет Әшімхан, Нұрдәулет Ақыш, Серік Асылбек, енді міне, Мереке Құлкенов те алты ондықтың арығынан «Бісімілла!» деп аттап өткелі тұр. Орыстың бір жазғышы Андрей Нуйкиннің «Литературная газетада» айтқаны еске түседі: «Адам 60-қа келгенде ақ күміс шалған самайын қасып тұрып: «Немене, келіп қалғаны ма?!» дейді. 78-ге келгенде өз-өзіне деген құрмет сезімімен қасын керіп тұрып: «Ойпырмай, ә!» дейді екен. 80-ге толғанда күнтізбеге түйіле қарап, жазу толы қағаздың бетіне ашумен амалсыз еңкейеді». Алпыстан асқандарға ештеңе айта алмаймын, ал  алпыстағы ағаларым: «Немене, келіп қалғаны ма?!» дегенмен, олардың да көңілі тоқ. Таңғалса да табан ізі түскен бедерлермен бетпе-бет келсе, аты-жөнін көрер еді. Бұл – қаламды қару еткен азап пен ләззаттың көрінісі, бұл – кейінгілер үшін бағдаршам, баға жетпес байлық. Сосын отбасының түтіні түзу өрлеп, мылтықтан оқ атылмай тұрғаны да көңілге демеу.

Қысқа әңгімелер

Жаңбырлы күн

… Сол күні жаңбыр қатты жауды. Аспан  суық тамшыларын бүрке бастады. Білегіме тиген  жаңбыр тамшылары өне бойымды дір еткізгендей… Айналама тамсана қараймын.  Сіркіреп жауған жаңбыр мен  шатырлаған найзағай тіршілік атаулының зәре-құтын қашырғысы келгендей қара барқын аспанды жарқылдата найзағай оты жарқ етті. Сарқырай аққан жаңбыр тамшылары нәзік сырдың куәсі болғандай…

Ақтаудағы Ақбұлақ

Күннің ми қайнатар ыстығына қарамастан жолға шықтым. Не болса да бүгін жетсем деген ойменен қонып, ертең кері қайту себебім – бүрсігүні жұмыс. Ауылға тіке көлік болмаса да, жайлап жақындай берейін, жазғы уақыт қой әйтеуір. Тоқтатқан көлігім Ақтауға дейін барады екен, мініп алдым. Ақтау – аудан орталығына қашық емес, он бес минуттық жерде орналасқан ауыл, тау төбеден түссең болғаны. Көзді ашып-жұмғанша құлаққа ұрған музыканың үнімен келіп те қалды. Шопырға жолақымды беріп, ауылға кіреберіс жолдан түсіп қалдым. Маған бұнан әрі тағы да көлік күтуге тура келеді. Әлі бір жиырма шақырымдай жол жатыр мен баратын жерге дейін. Жолдың келесі бетінде ауыл зираты –  шарт бойынша бар білер сабағымды айтып, бет сипадым. Өмір бар жерде өлім бар, олар да біздей болған, біз де олардай болармыз бір күні. Жаңадан көтерген құлпытастар да көбейіп келеді. Пенде болған соң өмірде жолаушымыз, мәңгілік ешнәрсе жоқ. Иә, ой құшағына батып сөмкемді арқалаған күйде жол шетіндегі қос тастың үстіне отыра кеттім. Желдің жоқтығынан тымырсық ауа таңдайымда сусып, жылып кеткелі қашан. Бір жақсысы, бұл ауыл ішсең шөлін қанбайтын, қысы-жазы тоқтамастан сылдырап, мөп-мөлдір таза әрі тұп-тұнық бұлағымен белгілі ауыл.

Менің кіндік шешем

Гүлмира Сүйекенова

Атырау қаласында тұрады. Ақын, көсемсөзші. «Үркер-Үміт» бәйгесінің жеңімпазы. «Алтын орда» газетінде қызмет істейді.

Сонау соғыстың сұрапыл жылдарында жаппай қуғын-сүргінге ұшырап, атақоныстарынан еріксіз көшірілген 40-қа тарта ұлт өкілдері осы бір алақандай ауылдан тұрақ тауып, егіншілікпен айналысты. Соғыс аяқталған соң еріксіз жер  аударылған өзге ұлттар өкілдерінің кейбірі кейін ақталып, туған жеріне   кетсе, кейбірі Атырау қаласынан 75 шақырым  қашықтықтағы Махамбет ауданына қарасты Сарытоғай ауылында қоныстанып қалды. Күні бүгін 31 отбасын құрайтын 10-нан астам әртүрлі ұлт өкілі өлкемізде. Олардың арасында орыс, неміс, болгар, кәріс, грек, татар, т.б. бар.

Сыр палуаны – «Қазақстан барысы»

Олар бір-біріне барлай, тесіле қарасты. Қайтсе де, жеңуді ойлаған қос қарсылас осы сәт ұқсас көрінген. Екеуінің де бастары үлкен. Бет пішіндері кесек. Мойындары жауырынмен тұтаса жалғасып жатқан, жуан. Құлақтары жатаған, бүріктеу. Жауырындары арыстан жалданып, күдірейді. Дидарлары қолаша қошқылданып, күреңітті. Бас салуға қамданған «Сыр қыранының» бір сәт кеудесі көріктей боп күмпиіп, көрер көзге апайтөстеніп сала берді. Қарсы шабуылға сайланған «Әулиеата арланының» да осы мезет кеуде тұсынан үлкен кеседей көк еттері ойнап шыға келген. Адам денесіндегі күллі бұлшық ет атойлап, құдіретті шайқастың боларын сезіп, аттан салғандай. Зал толы жұрт сілтідей тынды. Мың сан көз арбауға түскендей, қыбырсыз қадалған. Осының бәрі бірер секундқа ғана созылды. Ішегін тартып, тына қалған көрермен балуандардың қолдары бір-бірінің иықтарына сарт еткенде, қайта соққан борандай гу етті…

Кезінде Сәкен жырлаған «өрдеш төс, білеу дене, шойындай сом» балуандар еліміздің әр қиырынан бас қалаға жиналды. Мұнда жүлде қорының көлемі жөнінен Қазақ елінің тарихында бұрын-соңды болмаған ұлы жарыс өтетіндігі жарияланған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін ұйымдастырылған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» додасының бас жүлдесіне 150 мың доллар тігілген екен. Бұл – 22 миллион теңге. Бас жүлде иесіне миллиондармен қоса, «Алтын белбеу» берілді, сол жеңімпазды тәрбиелеген бапкерге 50 мың доллар табыс етілді. Екінші тұғырға табан тіреген балуанға 30 мың АҚШ доллары көлемінде ақша ұсынылды және оның беліне «Күміс белбеу» тағылды. Оның бапкері болса, 10 мың доллар алады екен. Ал үшінші орынға іліккен спортшы 10 мың долларға және «Қола белбеуге» ие болды. Оның бапкері соның жартысындай, яғни 5 мың доллар қаржыны иеленбек.

Ізгілік

Қуандық Түменбай

Ізгіліктің үлкен-кішісі жоқ. Бұл бір арнадағы бір мағыналы сөз. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» үңілсек, бүй дейді: «Ізгілік зат. Жақсылық, адалдық, ардақтылық». Демек, жақсылық пен адалдыққа бой ұрсаң ардақты атың қалады. «Лағнет атқыр шайтанға қарсы мұсылман баласын берік қорғайтын қорғандар бар. Бірінші қорған — адалдық» дейді мұсылмандык хадисі. Оның да түп-төркінінде ізгілік жатыр.

Қазақта, Құдайға шүкір, ізгі ниетті адамдар көп. 37-нің зобалаңында «оқ тілі — шолақ тіл» (Әуезов) тиіп опат болғандар, 41-дің қырғынында Ресейдің аржағындағы елін қорғаймын деп сүйегі далада қалған ер-азаматтың басқан ізінің бәрі ізгі. Онан кейін Байқоңырды бағындырамыз деп Сыр жұртында Гагариннен бұрын да, кейін де аты аталмай отқа күйіп кеткен ер-азамат қаншама. Бұлардың бәрінің жолы ізгі.