Жанель Мақажан, актриса: «Режиссерлерді отандық, шетелдік деп бөліп-жарғым келмейді»

Өнер жолын екі жасынан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрынан бастаған Жанель Мақажан — бүгінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының басты кейіпкерлерін ойнап жүрген актриса-лардың бірі. Қарашаңырақ ТОЛЫҒЫРАҚ

Құлазыған бейбақты қурай екен жұбатқан…

«Мың өліп, мың тірілген» қазақтың ғасырлар бойы тартпаған азабы бар ма еді, сыбызғының мұңлы дауысы, зарлы үні үшін де осы аспаппен халқымыз мұңдас болған секілденеді. Көнекөз көптеген күйшілерден естігенімде сыбызғының алғаш туындаған ТОЛЫҒЫРАҚ

БАҚАНЫҢ БАҒЫН ҚЫЗҒАНБАЙ СҰҢҚАРДЫҢ СОРЫН ҰНАТТЫМ…

Еркебұлан ӘБДІРАХМАН 1994 жылы дүниеге келген. 2016 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің «Халықаралық Журналистика» мамандығын бітірген. 2011 жылы «Өлеңім – Алламның сыйы», 2014 жылы «Ғұмырымның тамшысы» ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұстазым менің, ұстазым!..

(Ұстазым Серікқали Ғабдешұлы  Шарабасов туралы) Мектеп кезінде, нақтырақ айтсам 10 сынып оқып жүргенде «Абай оқулары» деген жарысқа қатыстым. Аудандық кезеңнен сүрінбей өтіп, облыстыққа жолдама алдым. Міне, облыстық деңгейде өнер көрсеткелі тұрмын. Алдымда ТОЛЫҒЫРАҚ

 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҚАЗАҚСТАН – ОРТА АЗИЯНЫҢ ЖӘННАТЫ

фото ректора КазГосЖенПУ

Динар НӨКЕТАЕВА,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық  университетінің ректоры

Қадірлі оқырман! Сіздерді Қазақстан Респуб-ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық  мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.  Еліміз қуатты, келешегіміз шуақты болсын!

Ұстаздарыма алғысым шексіз

Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еңселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған, ұлы Әуезов тілімен айтсақ, «Алғашқы артқы жасқа жақсы тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы» дегендей алдыңғы толқын аға буын өкілдері ұстаздарымыз туралы айта кеткім келді.

Бір жарық нұр жылытады жанымды

13165854_2017302368494434_3056079566714740409_n

Бақытгүл ЗАРҚҰМАР 

 1974 жылы Моңғолияның Уланбатыр қаласында дүниеге келген.   Монғолия қазақ ақындары арасында өткен «Алтын жебе» жыр мүшәйрасының (1992 ж.), Ақтан Бабиұлының 100 жылдығына арналған мүшәйраның (1997ж.) бас жүлдегері. Монғолия Жастар одағының алтын медалінің иегері. 2012 жылы «Жалын» баспасынан «Жүректегі жүзік» атты кітабы жарық көрді. 

Қоңыр кеште кездестірген қоңырым (Асыл жарым Абдолланың рухымен сырласу)

1

Мен сені жайдары жаздың сары күзге ауысар соңғы кешінде кездестіріп едім. Бәрі де көз алдымда, күні кеше ғана болғандай…     

ЖҰРТҚА ЖАТ БОП, АТ МІНІП, ҰРТТА-МАЛТА, МҰРТ ТА ШЫҒЫП КЕЛЕДІ ТҮБІТТЕНІП…

Абай Ораз Амангелдіұлы

Абай ОРАЗ 

1994 жылы дүниеге келген. Республикалық, облыстық мүшәйралардың жеңімпазы.
Республикалық «Үш бәйтеректің» 120 жылдығына арналған «Жарты жаңқам қалғанша…» атты мүшәйраның Бас жүлдегері. Республикалық М.Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған мүшәйрада «Мағжан Жұмабайұлы» атындағы сыйлықтың  жүлдегері. Республикалық Ф. Оңғарсынова атындағы мүшәйраның І орын иегері.

АСЫЛЫ ОСМАННЫҢ АРМАНЫ

Осман А

Құдай қосып, жапонмен құда болдым. Шүкір, өмірге өкпем жоқ. Разымын. Жапон еліне екі рет бардым, шығыс шырайына тәнті болдым. Токио, Осака, Мацуэ, Киото секілді қалаларды көріп, жақсысына жаным иіді. Менің таңғалғаным – олардың тазалығы. Жан мен тән тазалығы. Ар жағы мөлдір, бер жағы онан да мөлдір, шуағы төгілген бір әлем. Олардың қаруы да, адамдық бет-бейнесі де тіл. Тілің болса, бәріне қол жеткізесің, тілді құрметтеу, жәйдан жай сөз емес, ол сенің бірінші қаруың. Тілі бар ел қашанда алда жүретіндігіне көріп тұрып көзіміз жеткендей. Қазақтың қызыл тілі айналсоқтап қала беретіндігіне де жырақта жүріп жаным ышқынғандай. 

ШАТА БАЛА (Деректі әңгіме)

Бақыт МЕРЕКЕНОВА,

Бақыт МЕРЕКЕНОВА,
Қазақстан Жазушылар Одағының  мүшесі

Соғыстан соңғы жылдар. Бес жыл бойы еліміздің  қару ұстар ер-азаматтары  Ұлы Отан соғысына  кетіп, арыстай азаматтардың  көбінің  сүйегі  жат  жерде  қалған  ауыр жылдар. Ұлы  Жеңіс  күні  келіп  жеткесін  ғана  ел  еңсесін  тіктеп, майдан  кезінде  ат-арбашы  болып, қара  жұмысқа  жегілген балалар  қайта  мектепке  барып, жергілікті  ауыл  тұрғындарының  тұрмысы  жаңа ғана түзеле  бастаған. Әйткенмен,  соғыс  жандарын жаралаған, жесір  болып қара  жамылып қалған  жесір  аналар  мен  әкесінен  сұм  соғыстың  кесірінен  айырылған  жетім балалар тым  көп  болатын. Соғыстың  кесірінен  зардап  шеккен балалардың   бірі — Мейірбек  болатын. 

Елімнің өркендеуіне қосар үлесім қандай болмақ?

Elim

«Бүгінгі заманда өзінің асқақ арманына тек жаңаша ойлайтын, ерік-жігері мол, өзіне сенімді адамдар ғана қол жеткізе алады.»
Нұрсұлтан Назарбаев


            Тар жол тайғақ кешумен келген  Тәуелсіздік  бізге шаттық пен бақыт сыйлады. Міне,егемендігімізді ту етіп , еңселі ел болғанымызға жиырма бес жыл толып отыр. Ұлт–азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғасы, қатал сынақтан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біз өмір сүру бақытына ие болдық.