Туризм саласы – тұрақты табыс көзі

ҚР үшін туризм саласының маңыз-дылығы жоғары. Туризм саласы елдің экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік – мәдени факторларына да ықпалын тигізеді.

Негізінен туристік индустрия әлемдегі ең ірі және қарқынды дамып отырған салалардың бірі десек қателеспейміз. Осы индустрия арқылы қаншама мемлекет дамыған, бай елдердің қатарына қосылып отыр. Деректерге сүйенетін болсақ, дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) 2014 жылғы туризмде шамамен 100,9 млн адам жұмыс істеуде, бұл ретте әлемдегі әрбір 11-інші жұмыс орны туризм саласында құрылады. Демек әрбір елдің экономикалық саяси жүйесінде туризм саласының маңызы зор. Осыған орай біздің мемлекетімізде «ҚР туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» 2017 жылдың 406 қаулысы бойынша қарастырылады. Бұған дейін де осындай туристік салаға байланысты әртүрлі бағдарламалар және тұжырымдамалар бекітіліп отырған. Алайда, бұлардың бәрі сөз жүзінде ғана секілді, іс жүзінде мүмкін орындалып жатқаны шамалы десек қателеспейміз. Біздің еліміздің табиғаты өте бай, асыл қазыналары, тау бөктері мен саржайлау далалары бар Қазақстан әлі күнге өзіндік қонақжайлылығын өзгелерге көрсете алмай келеді. Бұған басты себеп – мемлекеттің тыңғылықты түрде жұмыс атқармағаны немесе қаржының аз көлемде бөлінуі. Туристік инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік қолдауды талап етеді. Сонымен қатар бұл әлемдегі дамыған елдердің экономикалық табыс көзі болып табылады. Туристік салаға жеткілікті мөлшерде қаржы бөлініп, қолға алынса, біздің мемлекетімізде мәдениетіміз бен тілімізді және қонақжайлылықты насихаттауға мүмкіндік туар еді. Ал, қазіргі таңда елімізде туристердің назарын өзіне аударған қалалар қатарына Алматы, Астана, Көкшетау, Түркістан және Ақтау бар. Туристердің келу үрдісін арттыру үшін ең алдымен бағаларды өзгерту қажет. Бір ғана Бурабайда демалу әрбір адамның қалтасы көтере бермейді. Қонақ үйлер, тамақтану және көлік жүйесі қолжетімді бағада болуы тиіс. Сервистік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және де курорттық демалыс орындарын көбейту керек. Дүниежүзінде туризм кіріс пен табыс бойынша үшінші орында тұр. Сондықтан да, мемлекет дамуы үшін ішкі және сыртқы экономиканың көзі ретінде туризмді дамыту қажет. Қазіргі кезде Қазақстанда 270 лицензия алған туристік фирмалар жұмыс істейді. Оның 83 % халықаралық туризммен шүғылданады. Соған қарамастан Қазақстан туризмді қазірше жоғарғы табысты қызмет сферасы деп қарамайды.

Мунира Амирова

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.