Шекара – ұлттық қауіпсіздік тірегі

Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан аяулы да міндетті парыздың бірі – Отанды қорғау. Жер мен елдің бірлігін сақтау. Ата-бабаларымыз көзінің қарашығындай келер ұрпаққа ұлтарақтай жерін аманаттап отырған. Тарих парағының сан алуан беттерінде кездесетін түрлі жаугершілік соғыстың мақсаты да ұлан-байтақ жерге ортақтасу, таласу болып келді. Тәуелсіздік тізгіні тигеннен соң қазақ халқы бұл байлықтан ажырап қалмас үшін, білімі мен біліктілігін біріктірді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «…Халықаралық ауқымда танылмайынша, әлемдік қоғамдастық тарапынан қауіпсіздік, аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымайтынына кепілдік алмайынша, мемлекеттіліктің қалыптасуы, егемендік, экономикалық реформалар, әлеуметтік саланы дамыту туралы әңгіме қозғау құрғақ сөз болып қала береді», – деп шекараның шегенделуін нақты қадағалады.

Шеңберін бекітіп, ішкі, сыртқы қорғаныс-тарына аса мән берді. Бұл құрылым негізінде әскери әуе күштерінің маңызы зор. Шекараны қорғау жолында тынбай еңбек ететін әскери әуе күштерінің өз міндет, қағидалары бар. Ең бас-тысы, әр түрлі пиғылмен шекара бұзушылыққа жол бермей, заң мен талапты орындау. Тікұшақ жауынгерлерінсіз Отанымыздың шебін қорғауды елестету мүмкін емес екені анық. Шекарашы-ұшқыштар түрлі климаттық аймақтарда ұшады. Олар теңіздегі операцияларды жүзеге асырып, жылдам жүзетін қайықтарды құрықтайды. Олардың басты міндетіне әуеден барлау жасау, іздестіру жұмыстарын жүргізу, шекара бөлімшелерін, нарядтарын (топтарын) әуеден түсіру, әуе кемелерінің іс-қимылдарына қолдау білдіру, жаралылар мен ауруларды эвакуациялау сынды түрлі міндеттер кіреді. Ширек уақыт бұрын, Шығыс округінің жоғары шекара басқармасының 14-ші авиажасағы Иркутск қаласында «Белая» станциясында орналасқан екен. Кейін 1942 жылы Алматы облысы Боролдай кентіне ауыстырылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы арасында, Ұлы Отан соғысы жылдары мен Ауған Демократиялық Республикасында (1979-1989 ж.ж.) өткен соғыстарға қатысқан алғашқы авиациялық әскери бөлім болып саналады. Боролдай кентінде орналасқан 2177 әскери бөлімнің қым-қуат тірлігі де еліміздің түкпір-түкпіріндегі шекаралық ай-мақтармен тікелей байланысты. Ғасырға жуық тарихы бар бұл жауапты қызметте, тәуелсіздік алғаннан бері 62 экипаж командирлері, 54 штурман, 66 борт техниктері, 45 борт-радист, 51 экипаж командирлерінің көмекшілері дайындалды. Ал, өткен жылы 85 жылдық мерейтойын тойлап өткен әуе базасында 4 офицер – Ленин орденімен, 21 офицер, 2 сержант – Қызыл Ту орденімен, 6 офицер – «Отанына қызмет еткені үшін» орденімен, 19 офицер – «Қаһармандығы үшін» орденімен, 3 офицер «ІІ-дәрежелі Айбын» орденімен. Сонымен қатар, 120 офицер 5 прапорщик, 1 сержант – «Жауынгерлік еңбегі үшін», 4 офицер-«Жауынгерлік ерлігі үшін», 1 офицер – «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған екен. Мұның барлығы өз жұмысына адал, тапсырылған міндетке табандылық танытқан азамат-тардың жауапкершігінің жемі-сі.


Әскери бөлімге жыл сайын түрлі өңірлерден Отан алдындағы борышын өтеуге азаматтар келеді. Бүгін мен болашақтың бел ортасында тұрған жастардың басы бір арнада тоғысып, офицерлердің тәртіп пен тәрбиесіне бағына-ды. Олардың арасында түрлі іс-шаралар да өткізіледі. Күнтізбедегі мерекелік күндер-де ән айтылып, домбыра шертіліп, өнердің сан алуан қыры тамашаланады. Биылғы «Жастар жылында» рухани іс-шаралардың шымылдығы ашылып та үлгірді. Өнер қайраткерлері, қоғамның әр саласында жетістікке жеткен еңбекқор жандардың қатысуымен өткен жиындардар ұйымдастырылып, сарбаздар да өз ойларымен бөлісті. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» – деген Бауыржан Момышұлы.
Тәртіп бар жерде жоспар мен міндет айқын. Әскери өмірге біте-қайнасып кеткен нәзік жандылар да бар бұл жерде. Біздің жаймашуақ өміріміздің, бейбіт заманымыздың күзетшісі іспетті бұл жандар, атақ пен марапат іздемейді, табыс көздемейді. Қиырдан шалып, қапыда жерімізге кірудің амалдарын ойластыратын түрлі мемлекеттің азаматтарын жазбай танып, құрықтайды. Ұлан-байтақ жеріміздің қиырында «жерім» деп, «Отаным» деп қызмет етіп жүрген мыңдаған азаматтарымыз бар. Алла азаматтарымызды қырағылығы мен табандылығынан тайдыра көрмесін.

Динара МӘЛІКОВА

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.