ДОҢЫЗ-ДАУЫС

Дәуірдің дәлелді, дәстүрлі дағдысын дақтамай, дөңестегі далаңқайдан дабыр-дұбыр дабырласып, даңғыр-дұңғыр, даңғаза даусымен дабылдатып, далбаңдап, далбалақтап домаланған джентльмен доңыздар делегациясы дәлме-дәл дәлдікпен діттеген дуал дарбазасын дүңк-дүңк, дүрс-дүрс дүрсілдетуге даярлануда.
Доп-домалақ датаға дайындық дүйсенбіге дөптелуде.
Дариға-ай, дүрбелеңмен дуылдаған дембелше денелі дүйім дүбір-дүрмек дедектеп дефицит делінген дарбыз, дермене, долана, дуадақ дәрізді дәмдік дүниелерді дорба-дорбасымен дәлізге дөңкитуде.
Дүкеншілер, дәмхана даяшылары дәмдеуіші дәмдірек дәмді дәммен дәмелендіруде.
Дарқан даланың дарынды да даңқты даналары!
Доңызды даттамайық! Десе де, дег-бірсізденді, дарақыланды, дауласты, даурықты дегізбей, Доңызды дау-дамайсыз, дау-жан-жалсыз, даурықпай демейік.
Даңққұмарлық, даңғойлық даңғылында дандайсып, домалақтанбайық!
Домалақ-ана дүниеге дерлік дидарлы, дарынды, дауылпаз дауысты делбеұстарлар дөңгеленуін дарабасшылықпен дәнекерлесін.
Дап-дардай дударбас дарақтарымыз дарылдап, дырылдап, далақтап, делеңдеп, дөрекіленбей, дүрлікпей, дүниеқұмарлық, дүниеқорлық, дүние-қоңыздылыққа дәндемей, дап-дайын дүниеге дәнікпей, дендеріне дарқандық, дарабоздық, данышпандық дәлме-дәл дарып, даналық, данагөйлік дағдысымен, дөй, дүлей дәрежесімен даралансын.
Дәстүрлі дала диқаншылығы делдалсыз дамып, дәнді дақыл дәнегі дүркін-дүркін, десте-дестесімен диірменде дамылдасын. Далбағайлы (бас-киім) Диқаната династияларының дәулеті, даңқы, дақпырты демде-ақ дүркіресін!
Дәуір дәстүрлері дәріптеліп, дүдәмал дүрдараздық, дүмбілез дөңайбат, ділмарсынған дымбілмес, делқұлы демагогтар дүреленіп, дәулескер, дүлдүл домбырашыларымыз диаспоралармен достық дастанын дипломат-тарша дүниежүзіне дүрілдетсін!
Денесі дискриминация дертіне душар дарылдақ диуаналарды демде дірдектетіп, дәп допша домалатайық!
Достарымызбен дастарқандастығымызды, дәм-тұздастығымызды, дәмдестігімізді доғар-май, дәу-дәу дәмханалардағы дүбірлі ду-думандарда дидарласып, демалысымызды достықпен демейік.
Дәрігерлерімізді даттамай, дәрменге дәру, дертке дауа дәрі-дәрмек, дәрумендермен денсаулығымызды дұрыстайық, дінамандық діңгегі дымқылданбасын, дымданбасын.
Демографиялық дүмпу деңгейі дәуірлесін!
Дұшпанкөздер, дұшпандарды дігірлемей, дікеңдемей-ақ, дырдай дегдарлығымызбен дің-келетейік.
Діннің дәлдүріш дүмшелерінің дәйекті дәлелдерсіз, дүдәмал, дімкәс дәрістері дел-құлылыққа дуаландырмасын!
Депозиттегі денгілеріміз дөңбекшімей, дәйім дембіл-дембіл демделсін!
Доллар долығып, долданбасын!

Масат БЕРІК
Жамбыл облыстық
мәслихатының депутаты,
тіл жанашыры

Тараз қаласы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.