ЖАРҚ ЕТІП БІР ЖАНАРМЫН МҮМКІН ӘЛІ

Елжан Əкімбаев

1964 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Бүгінде Астана қаласында тұрады.

Туған жерге барғанда!..

Ғажайып асқар Алтайым,
Өзіңді көріп марқайдым,
Тауыңа тігіп көзімді,
Шыңыңа қарап, шалқайдым.

Еңсенді көтер дегендей,
Шұқшиып жерге , еңкеймей!..
Қуат ал, күш ал бойыңа,
Төбеме шық деп, сескенбей.

Шақырып таулар тұрғандай,
Шыдасан-шық деп, шалқайды.
Құзыңа шықсам, арқардай,
Құмарым сонда тарқайды.

Əкемді аңсап анамды,
Сағыныш торлап санамды,
Құлыным дейтін, құшақтап,
Аңсаймын сол бір заманды.

Келместің мініп кемесін,
Аттанған олар сапарға.
Бағыштап құран артынан,
Мұң толды жас кеп, жанарға.

Жанымның таппай бір емін,
Жабырқап ылғи жүремін.
Барамын тағы алыстап,
Сағынып, сыздап жүрегім !!!

АЛТАЙДЫҢ ҚЫЗЫЛ ҚАРАҒАЙЫНА!

Тасқа өскен, қарағайы,Тау басында,
Теңселер қатты желде , анда-санда.
Елемей суығың да, ыстығыңда
Бой бермей , қара дауыл, бұрқасыңға.

ҚАРАҒАЙі, тауға БІТКЕН шынар едің,
Бұтасы , сен емессің құба белдің.
Өзегің дертке толып тұрсадағы
Қасқайып құламастан тұра бердің.

Шыдайсың , шыныққансың тауда өсіп,
Тастамаса балталап, біреу кесіп,
Жел өтіңде тұрасын , мұзға оранып,
Қиындықты елемей, ерегесіп.

Тамырынды жаясың , тасты жарып.
ҚАРАҒАЙ төбең тұрар, бұлтты шалып.
Алтайдың қарағайы иілмейді.
Кетпесе отын болып, жаңқаланып.

Қарағай, Қаратаймен егіз ұғым,
Тауыңда мекен еткен марал бұғың.
Бұл жерде бұғы мінез , ел тұрады,
Тағдыры қарағайға, ұқсай- тұғын.

Жыр жазамын

Дөң астым ба, білмеймін тау астым ба,
Тау астым деп, жүргенде адастым ба?
Күйбең тірлік, шырмап-ап, тұзағына,
Қалды ма екен, арманым қар астында.

Кездім сені , дүние, тайталастым,
Аламанға шаптым деп, айта алмаспын.
Шашасына шаң жұқпас жүйрік мінбей,
Көк атты боп, көппенен араластым.

Қу түлкіге жете алмай, құмай тазым,
Жалыны жоқ, жабырқау өлең жаздым.
Өлең сені, бекерге қудым ба екен,
Əуеніне сала алмай, қоңыр қаздың.

Жарқ етіп бір жанармын мүмкін əлі,
Жарқ қылып жанымды жыр шырағы.
Жатыр мүмкін бойымда жасырынып,
Табылмаған құлпымның кілті əлі.

Қызықтырып жыр мені жетеледің.
Жаныма жабысқан бір кесел ме едің?!
Тапжылмастан отырам таң атқанша,
Шамы сөніп, қалғанша көшелердің…

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.