Қазақ хандары билік құрған кезеңдер

1456-1473 ж.ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.
1473-1480 ж.ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы.
1480-1511 ж.ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы.
1511-1518 ж.ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы.
1518-1523 ж.ж – Қасымның баласы Мамаш хан болды.
1523-1532 ж.ж – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды.
1533-1534 ж.ж – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды.
1534-1535 ж.ж – Қожа Мақмұт хан болды.
1535-1537 ж.ж – Хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан,
Хақназар, Наурыз-Ахмет хан.
1538-1580 ж.ж – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы.
1580-1582 ж.ж – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды.
1582-1598 ж.ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды.
1598-1628 ж.ж – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі.
1613-1627 ж.ж – Тұрсын хан билігі (Тұрсын хандық ішіне хандық құрып
Елдің берекесін кетірді, Тұрсынды, Есімхан соғысып жеңіп, қоластындағы Қатаған руымен бірге қырып жіберді…)
1628-1652 ж.ж – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы.
1680-1715 ж.ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы.
1718-1726 ж.ж – Батырдың билігі.
1726-1730 ж.ж – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы.
1720-1740 ж.ж – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды.
1718-1748 ж.ж – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды.
1748-1786 ж.ж – Нұралы Кіші жүзге хан болды
1791-1794 ж.ж – Ералы Кіші жүзге хан болды.
1795-1797 ж.ж – Есім Кіші жүзге хан болды.
1797-1805 ж.ж – Айшуақ Кіші жүзге хан болды.
1805-1824 ж.ж – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды.
1716-1719 ж.ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі.
1719-1734 ж.ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі.
1734-1771 ж.ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі.
1771-1781 ж.ж – Абылай хан билігі.
1781-1819 ж.ж – Орта жүздің соңғы ханы Уәли билігі.
1815-1817 ж.ж – Орта жүздің соңғы ханы Бөкей билігі.
1841-1847 ж.ж – Кенесары билігі. Кенесары – Абылай ханның немересі,
Қасым төренің баласы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Асан дауыс

    Қазақ хандығы кезінде бүкіл әлемді мойындатқан-ау шамасы.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.