Мүсінші

Қалиұлы Мәулен

1988 жылы 11қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылында  дүниеге келген. О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін 2007 жылы тәмамдаған. Қазір Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінің  студенті.

Бүгінде  қазақ мүсін өнерінің атасы, тұңғыш кәсіби мүсінші, марқұм Хәкімжан Наурызбаевтың салып кеткен сара жолын жалғастырушы, ізбасары, әрі алғашқы шәкірттерінің бірі  Ескен Аманжолұлы Сергебаев өзіндік шығармашылығымен отандық бейнелеу өнерінде ойып тұрып орын алған шебер ретінде танымал. Мүсіншінің қолтаңбасын айқындайтын  айтулы туындылары  ел мақтанышына айналған өнер мұралары болып қана қоймай, сонымен қатар көркем-эстетикалық тұрғыда ерекше рухани күшке ие  болған шығармалар.  Жастайынан мүсінші болуды армандаған Ескен Аманжолұлы 1940 жылы  19 мамырда Алматы қаласының маңындағы Қайрат станциясында дүниеге келеді. Алғашқы білімін соғыс жылдарынан кейін №1 мектепте алған болашақ мүсінші  сол кезде-ақ сазбалшықтан түрлі жануарлардың кішігірім мүсіндерін жасаумен әуестенеді. Табиғатынан дарынды болып өскен бозбала мектептен кейін  Алматы қаласындағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесіне түсіп, аталмыш оқу орнын үздік деген бағамен бітіріп шығады. Өмірлік  мамандығын түпкілікті сезінген жас мүсінші сол кездегі Ленинград қаласына аттанып, аталмыш шаһардағы Репин атындағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтына қабылданады. Институтты 1969 жылы тәмамдап, елге айтулы маман ретінде оралады.            Әу бастан училищеде    Х. Наурызбаевтан, кейін институтта В. П. Пенчук,  М. К. Аникушин секілді шеберлерден алған тәлімін, үйренген тәсілдерін, шыңдалған шеберлігін жаңадан берілген шеберханада  дәлелдеуге тура келді.

1960 жылдан, яғни студент кезінен көрмелерге тұрақты қатысып келе жатқан мүсінші қондырғылы, монументті, монументті-безендіру мүсін саласымен қызу  айналысады. Қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлғаларын сомдауда өзіндік қолтаңба қалыптастырып, көпшіліктің ықыласына бөленеді. Шығармашылығына  арқау болған  бейнелерді өзіндік мәнерде  сомдап, образды өнер тұрғысынан қайта тірілтуді мақсат етеді. Әсіресе қала көркіне сай келген монументті ескерткіштері авторға үлкен табыс әкелді.  Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрының қасбетінде орналасқан ұлы жазушы, драматург, Қазақ Кеңес әдебиетінің алыбы Мұхтар Әуезовке арналған ескерткіш мүсіншінің  әйгілі туындыларының бірі саналады. Жазушының сабырлы күйде креслода отырған бейнесі әсерлі де ұтымды берілген. Ескерткіш арқылы жазушының терең психологиясын,  табиғи мінезін байқаймыз.   Қоладан құйылған ескерткіш қоршаған ортамен үйлесім тауып,  маңайындағы өтпелі тіршіліктің айнымас бөлшегі бола отырып,  жеке дара да назарға еріксіз ілінеді. Бірнеше рет сынақтан өткен бұл ескерткіш автордың өз қолынан туған  14 нұсқасы арқылы аталмыш жобаның қыруар еңбек пен уақыттың талап еткенін айғақтайды. Мемлекеттің сыйлықтың осы жобаға неліктен бұйырғанын осыдан-ақ түсінуге болатындай.

Ескен Аманжолұлы Алматы қаласынан бастап, өзге қалаларда бой көтерген көптеген монументті ескерткіштердің авторы саналады. Атап айтқанда, жоғарыда аталған М. Әуезов ескерткішінен өзге, Қазақ Ұлттық  университетінің алдындағы Әл-Фараби ескерткіші, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының алаңындағы Т. Жүргенов ескерткіші, Д. Қонаевтың бюст-ескерткіші, Ақтөбе қаласындағы Әбілхайыр ескерткіші, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қауынкелді ауылындағы Н. Байғанин ескерткіші, Жансүгіров ауданындағы І. Жансүгіров ескерткіші, Жамбыл ауданындағы    Н. Тілендиев ескерткіші, Павлодардағы С. Торайғыров ескерткішімен қоса, жанрлық үлгідегі Абылай хан, Қазақстан халық артисі, режиссер                         А. Тоқпанов, композитор Ә. Бейсеуов, халық артисі                                             Қ. Қуанышбаев, Ұлы  Отан  соғысының  батыр  қызы                                             Ә. Молдағұлова секілді ұлы тұлғалар құрметіне арнап сомдалған туындылары да ерен еңбектің жемісі екені анық. Сонымен қатар, қолтаңбасы айқын, кәсіпқой мүсінші еңбектерінің сапалық деңгейін анықтайтын өзге де туындылары аз емес.  Монументті-безендіру саласында еңбек етіп; Қызылорда қаласындағы «Шопан мен күрішші»,  Семей қаласындағы «Абай» мүсіндік композициясы мен Ф. М. Достоевский мұражайындағы монументалды портрет-рельеф, Атырау қаласындағы «Қазақ эпосы»т.б. еңбектерін халық назарына ұсынды.

1986-1988 жылдар аралығында Суретшілер  одағы басқармасының хатшысы болған  Ескен аға қоғамдық жұмыстармен де жиі шұғылданады. Дегенмен шығармашылықты бәрінен де жоғары қойған көрнекті мүсінші туындыларын халқына арнап, еліне адал қызмет атқарып келеді.  Шығармашылық  жолдың алғашқы сатысынан күні бүгінге дейін ұстаздық қызметті қатар алып келе жатқан Ескен Аманжолұлы 1969-1974 жылдар аралығында Алматы көркемсурет училищесінде, ал 1978 жылдан бастап Алматы театр және көркемсурет институты, қазіргі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында  жас мамандарға мүсін өнерінің қыр-сырын үйретіп келеді. Бүгінде Өнер академиясыдағы «Мүсін» кафедрасын басқарып отырған Ескен аға шығармашылықпен шұғылдануды ешқашан да тоқтатқан емес.  Атқарған іс аз емес, атқарылатын іс одан да асып жығылады демекші дарабоз мүсіншінің орындалатын жоспары   орасан зор. Қазақстандағы кәсіпқой мүсін өнерінің дамуына шексіз зор үлес қосып келе жатқан Ескен ағаның еңбегі ерен.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.