- Шежіре
- 02 Мамыр, 2020
АБАЙДЫ ҰЛЫҚТАУ

АЛТЫ АЛАШТЫҢ АБЫРОЙЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан «мақаласы жарық көрді. Президент Абай сөзінің бүгінгі замандағы маңыздылығы, ақын шығармашылығынан халқымыз қандай өнеге алу керек екендігі жөнінде ой қозғаған. Мақала «Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделесі», «Жаңа қоғамның жанашыры», «әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Торқалы тойдың тағлымы» сынды бірнеше бөлімнен тұрады.
«Абайды ұлықтау тойлау үшін емес,ой-өрісті кеңейтіп, рухани тұрғыдан даму үшін қажет. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерінде қазақтың болмыс бітімі, тұрмысы, мінезі, жалпы тұтас бір ұлттың рухы көрініс табады» – дейді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы данышпан ақынның əр сөзінің мәніне терең үңіліп, жан-жақты талдап жазған. Мақаланы ақын-жазушы мен ағартушыдан бастап, əр қазақ зор ықыласпен қабыл алды. Президенттің мақаласын оқысаңыз, бар ойын бірден түсінесіз. Абайдың шығарма-шылығын насихаттау арқылы рухани даму керектігін жеткізеді. Ал ақынның 175 жылдығын тек той тойлап қана қоймай,одан тағылым алу керек деген болатын. Иə, даурықпа той, мағынасыз мереке болмауы тиіс. Керісінше жастарға тəлім тəрбие беретін, мағынасы өте зор іс-шаралар қолға алынуы қажет. Бұл мақала арқылы Президент өз халқына үндеу тастағандай болды. Ұлы ақын Абайдың шығармаларының маңызды бір бөлігіне айналған – ғылым мен білімді қолға алып,дамыту керек. Ұлттық сананы сақтау мен заман талабына сай жаңғырту барысында ақын мұрасының маңызы зор екенін атап өткен мемлекет басшысы оның еңбектерін ұтымды пайдалану жағын ойлаған жөн деп жазады. Мақаланың басты идеясы – бір ғасыр бұрын жазып кеткен Ұлы Абай өсиеттерінің дəл бүгінгі таңда өз өзектілігін жоғалтпағандығында. Яғни, ХХІ ғасырдың адамзатқа қоятын талаптарын ақын өз халқынан сонау XVIII ғасырда-ақ көргісі келді. Ғылым мен білімнің шығарар шыңын, еңбектің алар асуын халқына тəптіштеп тұрып жеткізеді. Мемлекеттің елдігін сақтауда, тіл мен діннің де маңыздылығы жайында ұмыт қалдырмаған. Іргесі берік, ынтымағы жарасқан, өркениетті қоғам құрудың бар құрылымын айқын көрсетеді. Шын мəнінде осы тұста Абайдың көрегендігі мен көріпкелдігіне қайран қаласыз. Оның жасаған тұжырымдары дəл бүгінгі қоғамға арналғандай. «Жаңғыру – өткеннен қол үзіп,тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мəнінде бұл – ұлттық мұрамызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте біз Абайды айналып өте алмаймыз» – деген сөздері арқылы мемлекет басшысы ақын мұрасының ел болашағы үшін маңыздылығын тағы да бір айқындай түседі.Ұлы ойшылдың осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңа өмірге бейім болуға шақырғанын сөзіне дəйек етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл мақаласында қазіргі таңдағы проблемалар да өте кең ауқымда қамтылған. Солардың бірі білім саласы. «Педагог мәртебесі туралы» «заңын қабылдау арқылы білім сапасының жаңа деңгейге көтерілетіні туралы айтады. «Жалпы кез келген қоғамда ұстаздың орны бөлек. Мұғалімдер білімді əрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде маңызды рөл атқарады. Ұстазға құрмет көрсетіп, қадірлеу бәріміздің міндетіміз. Сондықтан, мемлекет мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай туғызуы керек» – деп мəлімдеді. Сонымен қатар Президент жастарды өз ана тілін сақтай отырып, өзге тілдерді, əсіресе ағылшын тілін үйренуге шақырады. Себебі тілдер ғылымдағы жаңалықтарды игерудің басты құралы. Əлем елдерімен терезесі тең мемлекетке айналу үшін олардың тілдерін үйренудің маңыздылығын айқындай түсті. Абай айтқандай жас ұрпақ ғылымды толық игеріп, өз ана тілін құрметтеп, шын мәнінде палиглот болса ұлтына тигізер пайдасы ұшан теңіз екеніне зор сенім білдіреді. Иə, ынтымағы берік, өмірі бейбіт елдің ғана болашағы бар. Жалпы адам жайлы өмір сүріп, білім алып, ұрпағын тәрбиелеу үшін еңбек етуі керек. Ал енжарлық, жалқаулық, масылдық туралы Абайдан асырып айтқан адам жоқ. Білімнің қажеттілігін Абайдың көп өлеңінен оқисыз. Данышпан дінді де, заңды да, адамгершілік пен азғындықты да түсінгенге жеткізіп айтты. Ендеше мемлекет басшысының Абайға құлақ асайық дегенін тек қана қолдау керек. Ақнұр ШАЯХМЕТ

7097 рет
көрсетілді9
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Cupaez
04 Мамыр, 2022buy viagra for sale - buy sildenafil 50mg for sale generic viagra 50mg
Boemxb
07 Мамыр, 2022buy prednisolone 20mg pill - purchase cialis pills order generic cialis 20mg
Wwshkx
09 Мамыр, 2022augmentin 1000mg pills - cost of cialis tadalafil 5mg usa
Vpsztp
12 Мамыр, 2022order bactrim 480mg pills - buy generic sulfamethoxazole viagra 50mg pills
Yivfej
14 Мамыр, 2022cephalexin 250mg cheap - cephalexin canada erythromycin brand
Yzcfel
18 Мамыр, 2022rhinocort allergy spray - antabuse tablet order disulfiram 500mg sale
Lgjcxk
20 Мамыр, 2022order ceftin without prescription - buy robaxin oral tadalafil 5mg
Aqfdsu
21 Мамыр, 2022ampicillin 250mg ca - order ciprofloxacin 1000mg for sale cialis pill
Drnmpt
23 Мамыр, 2022amoxicillin tablet - buy levitra 20mg generic buy vardenafil sale