• Руханият
  • 21 Сәуір, 2014

Наурыз – жыл басы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық университеті 80 көктемін  «Наурыз – жыл басы» атты дәстүрлі Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз тойы тойлаумен қарсы алды. 

Мереке ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтановтың, арнайы құттықтап келген шетелдік қонақтардың және ақсақалдардың сөзінен соң, «Таза кампус» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінің және екінші «Аманат» кітабының тұсаукесеріне ұласты.

Алаңда барша көрермендерді «Наурыз-думан» музыкалық-театрландырылған көрінісі күтіп тұрды. Онда ескі қала тұрғындары жасы мен қариясы Наурызды қарсы алып, мерекелеп жатты. Олар аса зор қуанышпен «Достық биін» билеп, қыздар мен жігіттер ән айтысқа түсіп, түрлі аспаптарда ойнап, мереке көркін қыздыра түсті. Қазақ халқының ұлттық «Келін түсіру», «Беташар», «Отқа май құю», «Тойбастар», «Бата беру» салт-дәстүрлері де өткізілді. Жалпыға ортақ мейрамның соңы «қара жорға» биіне ұласты.

Нағыз қазақы дәстүр сақталған шарада көздің жауын алатын, әсем 20 шақты киіз үй тігіліп, мерекенің мейірін сезінген жұрт наурыз-көже, бауырсақ, ұлттық тағамнан дәм татып, әсем әндер мен мың бұрала билеген бишілердің биін, сазды әндерін тыңдап, таңданып, тансанып, ұлттық мейрамды ұлттық университте қарсы алғандарына қуаныш білдірді. Осы орайда қазақ қолөнер және зергерлік бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, батыл және мықтылары ұлттық спорт ойындары бойынша спорттық жарыстарда сайысты.

Наурыз тойына Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері,шетел дипломатиялық корпусы өкілдері, Алматыда тіркелген халықаралық ұйым және дипломатиялық миссия басшылары және Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері және БАҚ басшылары қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Ж.Кенжалин және серіктестікке қарасты басылымдардың редакторлары  да болды.

 

368 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы