• Руханият
  • 21 Сәуір, 2014

Қыздар шаңырағында Ұлыстың ұлы күні – «Қазақ Аруы» ескерткіш-субұрқағы ашылды

19 сәуір күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «әз-Наурыз, төрлет төріме!» атты мерекелік салтанаты өтті. Оған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов арнайы қатысты.

Мереке барысында қала басшысы алдымен Қыздар университетінің 70 жылдығына орай салынған «Қазақ Аруы»  атты субұрқақты  салтанатты түрде  ашып, одан соң, университет аумағында бой көтеретін  9 қабатты 450 орынды жатақхананың алғашқы іргетасын қалап, құрылыс тағанына «Дүниенің тірегі – текті тәрбие, терең білім» деген тағылым тілек жазылған құтыны орналастырды.

Айта кетейік, дәл ортасында ұлттық киімдегі қазақ қызының бейнесі бейнелеген субұрқақтың  биіктігі5 метр,18 см., көлемі  –5,8 метр. Субұрқақ айналасына қазақ және әлем ойшылдарының даналық сөздері жазылған 12 кітап орнатылған. Ескерткіш тұғыры білезік пішінімен аяқталады. Ұлттық нақышта, студенттер бойында рухани әдемілік пен рухани құндылықтарға деген ынтызарлықты арттыру мақсатында салынған субұрқақ мәрмәрдан жасалған.Субұрқақ авторы, мүсінші Бұхарбаев Нұрлан Әбдулмәлікұлының айтуынша, «Ескерткіште қазақ қызының болашаққа деген ұмтылысы бейнеленген».  Салқын ауа мен тамаша көңіл күй сыйлап, шапшып тұратын субұрқақ талай ақындар мен жазушыларды өзіне ынтық еткен Қыздар университеті қалашығын одан әрі көріктендіре түсетін, оқу орынның келбетін кіргізіп, шығармашылыққа жаны құмар жастардың шабытын оятатын көрнекі орынға айналары сөзсіз. Мұндай көрнекілік сонымен қатар, экологиялық жағдайды сауықтыруға, қала ауасын жақсартуға ықпал етуде де өз септігін тигізеді.

qq2Мереке барысында Алматы қаласы әкімі сондай-ақ барша қонақтармен бірге субұрқақ айналасына шырша ағаштарын екті. «Бір тал кессең, он тал ек» деген қағиданы қастерлейтін Қыздар университеті бұл дәстүрлі  ізгі істі  биыл да жалғастырды.

Қала басшысы сонымен қатар, Қыздар университетінің өнерпаз студенттері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, салтанатты жиында сөз сөйледі:

-Бүгін, еліміздің жетекші педагогикалық білім беретін жоғары оқу ордасында екі бірдей ерекше оқиға. Айтулы күнмен баршаңызды құттықтай отырып, ең алдымен қазақ қыздарының парасат мектебіне айналған арулар ордасын және өздеріңіз қызмет ететін ең мәртебелі жоғары оқу орнының 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтағым келеді. Осы университетке келген сапарында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бір қызды тәрбиелеу – бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей» деген болатын. Бұл Қыздар университетіне берілген үлкен баға. Қазақ, қыз баланы тек шаңырақтың шырақшысы ғана емес, ұлттың келбеті деп білген. Қыздар университеті қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп, студент жастарға заманауи білім берумен қатар, адамгершілік, имандылық, инабаттылық, парасаттылық және ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарымызды бойларына сіңіріп келеді.

1a-Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – тәуелсіз Қазақстанымыз бен ТМД аумағындағы тек аруларға жоғары білім беретін ордасы болып табылатыны баршамызға мәлім. 70 жылдық тарихы бар, өзіндік дара бітімімен ерекшеленетін оқу ошағы жоғары білімді педагог дайындап қана қоймай, оқу орнын бітіріп шыққан әр қазақ қызына өнегелі тәрбие беріп, қыздардың бағыт алар бағдаршамы болып келе жатқан киелі шаңырағына айналды.

Бүгінде Қыздар университеті түлектерінің саны 60 мыңға жуық. Болашақтың тұтқасын ұстар ұрпақ тәрбиешілеріне айналып, республикамыздың түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп, құрметті ұстаз атануда. Олардың есімдері көпшілік арасында белгілі, атап айтар болсақ Социалистік Еңбек Ерлері Рафиқа Нұртазина, Рыскүл Мақатова, қоғам қайраткерлері Зәуре Қадырова, Асылы Осман, Шәмші Беркімбаева, ғалымдар Үшкүлтай Сұбханбердина, Күләш Құнантаева, көрнекті ақын Аққұштап Бақтыгереева, елімізге танымал әнші Мәдина Ералиева, Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы және тағы да басқа белгілі тұлғалар көп, — деп атап өтті  қала әкімі А.Есімов. Осы тұста қала басшысы өзінің жарының да Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің түлегі екендігін айтып өтті.

6aҰлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған шара барысында барша қауымға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, арнайы тігілген киіз үйлерде ақ дастархан жайылды.  Концертте университеттің мақтаныштарына айналған халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты «Томирис» би ансамблі, елімізге әйгілі «Айгүл» ансамблі, республикамызға танымал «Ұлар» фольклорлы-этнографиялық ансамблі және т.б. парасат мектебінің жас өнерпаздары өнер көрсетті.

Сұлулық пен іңкәрліктің, әдемілік пен әсемдіктің ордасы саналатын Қыздар университетінде өткен Наурыз мерекесіне өзара әріптестік ықыласпен «Қазақ газеттері» серіктестігінің басшылары да қатысып, сән салтанатты  мерекеге  куә болды.

 

431 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы