• Руханият
  • 21 Сәуір, 2014

Әріптесіміз Нұрлан Құмар III Алматы марафонынан жүлдемен оралды

20-сәуірде Алматы қаласында марафондық қашықтықтан ерлер мен әйелдер арасында жарыс өткізілді. 2013 жылдың аяғында аталмыш  »Алматы марафоны» Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығына (AIMS) мүше болып, Бостон, Амстердам, Нью-Йорк марафондарымен бір қатарға тұрған болатын.

Шараны ашқан қала әкімі Ахметжан Есімов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын ұстануға әрі насихаттауға шақырды.

Марафон желаяқтары  Бірінші Президент саябағынан жүгіруді бастап, мәре сызығын Орталық стадионда кесті. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.    Бақ сынасқан жүгірушілер арасында біздің әріптесіміз, «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ана тілі» газетінің ақпарат бөлімі редакторы Нұрлан Құмар да болды.  Нұрлан «Ана тілі» газетінде қаламы қарымды тілші  болумен қатар, мықты спортшы екендігін де танытып жүр. Ол түрлі шахмат додаларына, марафон сайыстарына  қатысып, қол күрестіруден  де жеңімпаз болып үлгерді. Бұл жолы да дүбірлі сайыстан құралақан қалмай, командалы жарыста жүлделі 3-орынды иеленді. Сегіз қырлы әріптесімізді  жүлделі орнымен құттықтаймыз!

Айта кетерлігі,  ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында жиналған қомақты қаржы ауру балалардың ем-домына жұмсалады.

367 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы