• Руханият
  • 18 Сәуір, 2014

Елбасы: Бірлігіміз – жаңа 2050 стратегиясын іске асырудың негізгі факторы

Бұл туралы бүгін «Қазақстан-2050 стратегиясы»: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды  BNews.kz

«Тұрақтылық пен келісімді сақтау — әрбір әкімнің, әрбір  басшының, әрбір азаматтың күнделікті жұмысы. Ассамблея әрдайым уақыттан қалыспай, тәуелсіздігіміз тарихының, тағдырының шешуші сәттерінде оның қолдауы өзекті болды. Мен бірлік пен ынтымақтастық басты құндылықтар екендігін айтудан ешқашан жалықпаймын. Осының арқасында біз экономиканы көтеріп, азаматтардың әл-ауқатын нығайттық, әрі жастарға ел болашағын көрсеттік. Біз 2030 жылға дейінгі стратегияның мерзімінен бұрын орындалуына қол жеткіздік. Бүгінгі күні бірлігіміз — жаңа 2050 стратегиясын іске асырудың негізгі факторы. Ең дамыған 30 елдің қатарына кіру – бұл барша қазақстандықтардың басты мақсаты, ортақ тағдыры», — деді Мемлекет басшысы.

333 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы