• Руханият
  • 18 Сәуір, 2014

ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері ЕурАзЭҚ ПАА Төрағасы болып сайланды

Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов Санкт-Петерборда өткен ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жиынында аталмыш ұйымның Төрағасы болып сайланды деп хабарлайды Қазақпарат.

Пленарлық отырыста экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік, әлеуметтік салаларда ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үндестіру, сол мемлекеттер аумағына шетелдіктердің келу тәртібін реттеу сынды мәселелер қарастырылды. Әлеуметтік заңнамаларды үндестіру, нақты айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек туралы және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру негіздері туралы заңнамалық құжаттар жобасына баса назар аударылды.

ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының маңыздылығына тоқталған Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ұйым қызметінің ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің заңдарын үндестіруге, интеграцияның экономикалық аспектілерін дамытуға, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Бұл ұйымның дамуы мен беделінің өсуіне айрықша үлес қосуы нәтижесінде еліміз екі мерзім қатарынан ЕурАзЭҚ ПАА-ға төрағалық етіп отыр.

334 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы