• Руханият
  • 04 Сәуір, 2014

Қабиболла Жақыпов Мәжіліс Төрағасы болып сайланды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Жақыпов Қабиболла Қабенұлын Палата Төрағасы қызметіне сайлады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Н. Нығматулин ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған еді. Осыған орай, палата депутаттары Н.Нығматулинды Мәжіліс Төрағасы қызметінен босатты. Ал Конституцияға сәйкес, Мәжiлiс Төрағасының қызметiне кандидатураны Палатаның депутаттары ұсынады. Сонымен қатар, Парламент Мәжілісін мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген өз депутаттарының арасынан депутаттар жалпы санының көпшiлiк дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайлаған төраға басқарады.

Жиын барысында депутат Қуаныш Сұлтанов Қ. Жақыповтың кандидатурасын ұсынған еді.

Жасырын дауыс беру барысында Мәжілістің 103 депутаты Қ. Жақыповтың кандидатурасын бір ауыздан қолдап дауыс берді және бір депутат қарсы болды.

Жақыпов Қабиболла Қабенұлы 1949 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қазталов ауылында дүниеге келген.  1993 жылдың қаңтарынан бастап 2001 жылдың қаңтарына дейін (8 жыл бойы) Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып, осы өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында жемісті еңбек етті.

2001 жылдан — ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары. 2003 жылдан — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары — Үкіметтің Парламент Сенатындағы өкілі, 2007 жылдан — «Нұр Отан» ХДП-ның тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап — бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

326 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы