- Шежіре
- 25 Қыркүйек, 2013
Маңызды міндет
Қазақ мәдениетінің өткені, оның терең рухани қыртыстары мен болмысы, бүгінгі мәдени ахуалдың қайшылықтары мен келешегі мәселелерін зерттеу өзінің көкейкестілігімен көзге түсіп, отандық философия ғылымына маңызды міндеттер жүктейді.
Егер Батыста кәсіби формадағы университеттік философия үстемдік етсе, қазақтардың ұлттық дүниетанымы көр-кемдік және діни мәтіндердің дәстүрлі түрлерінде, ақын-жыраулардың, би-шешендердің, ағартушылардың шығармашылығында басым болып келеді. Бұл қазіргі кезде еуроорталықтық ойлау тәсілінен арылған қазақ философиясының болашағы туралы мәселені күн тәртібіне қояды. Қазақтың бай бәсекеге қабілетті төлтума мәдениетін қалпына келтіру, халықтың шынайы тарихын жан-жақты түсіну үшін де оның дүниетанымдық негізі мен әдіснамалық құралын тереңірек қалыптастыру қажет.
Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ,
философия ғылымдарының
докторы.
393 рет
көрсетілді0
пікір