• Cұхбаттар
  • 30 Қараша, 2021

Нұрлан Сәрсенбаев, жазушы, этнограф: ОТАНЫМА ҚАЙТА ОРАЛҒАНЫМА ҚАТТЫ ҚУАНДЫМ

– Нұрлан мырза, сізді Қытай қазақтары жазушы, этнограф деп біледі. Елге оралғаннан бері мерзімді басылымдарда зерттеу еңбектеріңіз жиі жарияланып келеді. Біздің оқырмандарға өзіңіз туралы толығырақ мағлұмат бере кетсеңіз?

– Арғы беттегі қасиетті Хантәңірі етегінің Өртекес сахарасының Ақдала ауылында дүниеге келдім. Әкем Тоқтасын, шешем Бедемқан ұзақ жыл бала оқытып, ұстаз болған адамдар. Әсіресе, әкем Тоқтасын Сәрсенбайұлы Байсалов ел ішінде белгілі беделі бар ағартушы, ақын әрі жыршы кісі еді. Біздің үйден құдайдың құтты күні әкемнің өлеңін, әңгімесін тыңдаймыз деген жақсылар мен жайсаңдардың аяғы үзілмейтін. Менің бала күннен әдебиетке құмар болуыма екі түрлі фактор ерекше ықпал етті. Бірі – халық ішінде таралған ұшан-теңіз ауыз әдебиетінің қайнар көзінен сусындасам, екіншісі – әкем айтқан өлең-жырлар мен әңгімелер.

Бала күнде ел ішіне танымал шешен, шежіреші атам Сәрсенбайдан көп әңгіме еститінмін. Ол кісінің айтуынша, біз қазақ халқына аты аңызға айналған Райымбек батырдың ұлдарының бірі Әжі әулетінен тарайды екенбіз. Райымбек батырдан тараған ұрпақтар Хантәңірі етегінде жасайтын елмен бірге екі реткі ауыр үркінді басынан өткізіпті. Сонау 1918 жылы елге аты әйгілі Диқанбай болыс атамыздың ауылын бейғам жатқан жерінен Кеңес өкіметінен жеңілген ақ патшаның ерекше қаруланған 85 орыс әскері басып алып, қанды қырғынға ұшыратыпты. Содан кейін біздің ауылдың тоз-тозы шығып, бағы тайып, берекесі кетті. Бір жылдан кейін төкпе жырдың дауылы Көдек Маралбаев «Диқанбайды жоқтау» атты атақты жоқтау жазған.

Аумалы-төкпелі заманның кесірінен біздің ауыл  тарыдай шашылып, екі рет  үркінде Қытайға қашуға мәжбүр болыпты. Содан Әжі әулетінен тараған аталас туыс Диқанбай болыс ұрпақтарымен жақын жылдарда қайта табыстық. Ес жиып, етек-жеңімізді жиғанымызға қырық жылдан асты.

Ендігі әңгіменің атбасын өзіме қарай бұрайын. Мен 1980-1982 ж.ж. Нылқы педагогика-лық мектебінде, 1986-1988 ж.ж. Іле оқу-ағарту интитутының физика-математика факультетінде оқыдым. Мамандығым – математик. Ауылда, ауданда 20 жылдан артық бала оқытып, ұстаздықпен шұғылдандым. 2004 жылы қаңтар айынан 2016 жылы қаңтар айына дейін Іле Қазақ Автономиялы облыстық саяси мәслихат кеңесінің  тарихи материалдар комитетінде қызмет істедім. Онда  Қытай қазақтарының тарихына қатысты «Іле тарихи материалдары» атты ұласпалы кітаптың жауапты редакторы болдым.

Тырнақ алды шығармам, «Кітап» атты өлеңім 1983 жылы «Іле айдыны» журналының 3-ші санында жарияланды. Содан бері тынбай ізденіп, 70-тен астам өлең-толғау, 80-ге жуық әңгіме-хикаят, 250-ден астам әдебиетке, тарихқа, салт-дәстүрге қатысты мақалалар жаздым, «Жұмбақ тас», «Көдек ақын», «Ататек жалғаған – Алтын шынжыр», «Ғасырлар суыртпағы», «Мұқағали керуені», «Қазақ ұлтының салт-дәстүр мәдениеті» атты бірнеше кітаптың авторымын және «Көдек шығармалары», «Ақын Қойдым», т.б. кітаптардың құрастырушысымын.

«Адамның басы – Алланың добы», – дейді дана халық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 11 қыркүйекте Қытайға іс сапармен барды. Сол кездерде Қытайдағы тарихи Отанын аңсаған этникалық қазақтардың төбелері көкке жеткендей қуанды. «Аққу көлін аңсайды» дегендей, Тоқаевтың шапағаты тиіп, тағдырдың жазуымен, дәм-тұз тартып, сол жылы қазан айының соңында тарихи Отанға оралдым.

– Сіз екі елге де белгілі ақындар туралы зерттеулер жасапсыз. Әйгілі ақын Көдектің ұлы Айтуған сіздің мұғаліміңіз болған екен. Демек, сіз Көдек ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жақсы біледі деп ойлаймын.

– Төкпе  жырдың дауылы Көдек Маралбаев-тың өлеңдерін бала кезімнен ауылдағы қазыналы қариялардың аузынан көп естіп өстім.Біздің үймен Көдек ақынның ұлы Айтуғанның үйінің аралығы өте жақын еді. Ұзақ жыл тату көрші болдық. Айтуған да, әкем де бір мектепте  бала оқытып, ұстаздықпен шұғылданатын. Айтуған мұғалім әкемді іздеп біздің үйге жиі келетін. Екеуінің әңгімесі ел тарихы мен тағдыры туралы арыдан сыр шертіп, одан кейін аты елге аңызға айналған тұлғалардан Райымбек Түкеұлы, Тазабек Мұсылманбайұлы, Саурық Алпарұлы, Жайнақ Абақұлы, Қашаған Әуелұлы, Қожеке Назарұлы, Диқанбай Жанпейісұлы, Жәмеңке Мәмбетұлы, Ұзақ Саурықұлы, Нақысбек Жалпыетекұлы, Асан Барманбекұлы, Жаңғабыл Әтекеұлы, Құлманбет  Құланаян, Бөлтірік Атыханұлы, Көдек Маралбаев, Қойдым Дарубайқызы, Шарғын Әлғазыұлы, т.б. батыр, шешен, ақын, күйші туралы сөз болатын. Ол кезде балалықпен бұл айтқан әңгімелерге онша мән бермеппін.

Айтуған мен орталау мектепке  шыққан жылы жағрапия пәнін өтетін мұғалім болды. Шынымды айтсам, ол кісіден көп білім, көп тарих үйрендім. Айтуған мұғалім бір күні әке мұрасын қалай жинағаны туралы мынандай әңгіме қозғады.

«Мен 1945 жылы Қорғастағы Ажабай  ағамды  үйіне іздеп бардым. Ажабай  ағам мен аттанарда қалыңдығы екі елідей қолжазба кітапты маған беріп жатып: «Бұл кітаптың алғашқы беттерінде төрт келіншектің бетін ашқан тамаша өлеңі  бар еді, біреу менен оқып тұрайын деп сұрап алып, сол төрт өлеңді жыртып алыпты, барғаннан кейін біреуге көрсетпе, мұнда ағаның жас кезінде айтқан өлеңдері, ел тарихына қатысты «Албан тарихы», «Қызырлы не боп кетті біздің Албан», «Ерлердің ерекшелігі», азамат соғысына барғанда жазған «Бұхарға сапар» дастаны мен «Елге хат» қатарлы желілес  өлеңдері бар, шіркін дүние-ай, қайран есіл ағаның өлеңдері жинақталмай айтқаны айтқан жерде қалды емес пе?!» – деп ауыр күрсінді. Мен Ажабай ағамның үйінен қимас сезіммен аттанып, қолжазба өлең кітапты алып ауылға қайттым,– деп айтқан әңгімесі әлі есімнен кетпейді. Ұстазым Айтуған мен әкем Тоқтасынның көп реткі айтқан әңгімелері жүрегімнен терең орын алып, ұлтымыздан шыққан Көдек сияқты ұлы тұлғаларды тануыма үлкен негіз қалады.

Айтуған 1928 жылы дүниеге келген, әкеден 9 жасында қалып, жоқшылықтың тақсіретін тарта жүріп, жастайынан ел ішінде кең таралған әке өлеңдерін дуалы ауызды қариялардың айтқанынан жаттап алып, қағаз бетіне түсіріп жинақтаған, атақты ақын Көдек Маралбаев шығармаларының бірден-бір мұрагері. Ол кісі 2007 жылдың соңында Өртекестің Ақдала ауылында қайтыс болды.

Ұстазым Айтуған маған Көкемнің  (Көдектің)  әлі баспа бетінде жарияланбаған бірталай өлеңдері бар, реттеп жинақтап қойдым  деген еді. Ақын Көдектің сол өлеңдерін Айтуған мұғалімнің көзі тірі кезінде жазып алмағаныма әлі күнге дейін өкінемін.

Көдек ақынның мұраларын жинау, реттеу жұмысы Қытай қазақтарында 1962 жылы қолға алынса да, белгілі себептермен аяқсыз қалған екен. Содан 1980 жылдарға келгенде көрнекті ақын, майталман журналист Тәліпбай Қабаев ел ішіне барып, Көдек шығармаларын жинауға бастамашы болды.

Әдебиеттанушы Тәліпбай Қабаевтың «Шалғын» (қазіргі «Мұра») журналының  1980 жылғы 3-ші санында жарияланған «Көдек Маралбаевтың өмірі мен шығармалары» атты зерттеу мақаласы Көдекті танудың алғашқы беташары болды. Осыдан  көп өтпей Тәліпбай Қабаевтың құрастыруымен 1984 жылы Шыңжаң жастар-өрендер баспасынан «Көдек» деген атпен атақты ақын еңбектері жеке кітап болып баспадан шықты.

Әсіресе, 1990 жылдың ортасынан бас-тап Көдекті тану тың өреге көтерілді. Дәл осы мезгілінде Көдекті тану қосынына  тебіні күшті, талантты зерттеушілер келіп қосылды. Мысалы, Әскер Тойғанбекұлы, Ыдырыс Әділханов, Серікбол Дәулеткелдіұлы, Нұрболат Әбдіқадырұлы, Сержан Тоқтасынұлы, Нұрлыбек Мәуленбекұлы  қатарлы қаламгерлер ақын туралы зерттеу мақалаларын жариялап, өздерінің тың ойларын ортаға салды.

1999 жылы шілде айында Қытайда Шыңжаң Жазушылар қоғамы, Іле Қазақ Автономиялы облыстық  әдебиет-көркемөнершілер бірлестігі, Моңғұлкүре аудандық халық үкіметі және қалың халықтың қолдауымен әйгілі ақын Көдек Маралбаевтың  100 жылдық  мерейтойын өте салтанатты өткізумен бірге ақын басына ескерткіш тұрғызды.

2005 жылы желтоқсанда Іле Қазақ Автономиялы облыстың бастығы Қызайжан Сейілқожаұлының қолдауымен  Шыңжаң  халық баспасы жағынан мен құрастырған «Көдек шығармалары» атты 394 беттік көлемді кітап бас-падан шықты.

Тарих ғалымы, жазушы Жақып Мырзақанов  «Көдек шығармалары» атты кітапқа жазған «Алғы сөзінде» : «Осы жаңа жинаққа енген барлық ірілі- ұсақты шығармаларда, өзіне тән тарихи астарлы және  терең  дәуір  тынысы бар. Бұл жинақты құрастырушы осы жұмысқа ерекше назар аударып, әрбір шығарма қалай жазылғаны жөнінде түсінік-ескертулер беріп отырыпты. Осының өзі ақын шығармасын баспаға әзірлеу барысында тамаша ізденіс деп білемін» деген жақсы бағасын айтқан еді.

– Кейбір деректерге сүйенсек, ақын Ілияс Жансүгіров Көдек ақынмен кездескен делінеді. Бұл туралы сіздің алып-қосарыңыз бар ма?

– Көдек Байшығанұлы Маралбаев екі ел қазағына танылған тарихи тұлға. Қытай қазақтарының Көдекті насихаттауы мен зерттеуіне шынында разы боласың. Көдектің шашасына шаң жұқпаған жыр дүлдүлі екенінде дау жоқ. Енді Көдекті тереңірек тану үшін, оның өз дәуірінің маңдайалды арыстарымен кездесуі, олардың ақынға берген шынайы бағасы туралы сөз қозғау дұрыс.

Көдекті тану үшін оның балалық шағының қатпарына, ақындық жолға түскен кездегі өнер арыстарымен кездесуі жайлы деректерге көп үңіліп, жалықпай ізденіс жасауға тура келеді.

Ілияс Жансүгіров 1926 жылдары Көдекпен кездеседі, ол Көдектің ақындық талантына ерекше таңғалып, өлеңдеріне жоғары баға берген екен.

Қазақ әдебиетінің классик ақыны Ілияс 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен жазықсыз өлім жазасына  кесіліп, дүниеден өтеді. Ол артына өшпес мұра қалдырған күллі қазаққа  танылған дара таланат иесі. Оның «Күй», «Күйші», «Құлагер» сияқты шоқтығы биік туындылары бар. Ол мұнан сырт, Жетісу жеріндегі Албан елінің әдеби мұраларын жинайды әрі 1935 жылы атақты Албан Асан ақынның «Ақыр заман» атты 102 беттік жинағын шығарып, жинаққа алғы сөз жазады.

Ілияс Жансүгіров Көдектің бір топ өлеңін мейірлене тыңдап отырып: «Мен сіздің төкпе ақындығыңызға, өмірді бейнелеген шындығыңызға разымын. Бірақ, заманды да ойлауыңызды өтінемін», – депті. Сол жолы Ілияс Жансүгіровпен кездесу барысында Көдек оған «Алаштың азаматы» деген өлеңін арнапты:

Алаштың азаматы қандай болар?

Елдің жаны өзіне жандай болар.

Елі үшін еміреніп, тебіреніп,

Айтқаны шекер менен балдай болар.

Қанша артса да еселеп көтеретін,

Көшбасы жүк артатын нардай болар.

Бүкіл елдің көзі мен көңілінде,

Төбесінде толқыған айдай болар.

Бұл заман азаматқа ерік қоймас,

Арғымақ арықтаған тайдай болар.

Айтқаны, істегені анықтап тұр,

Шыңырау алдын қазған жардай болар.

Бір кездері оларға пәле жапса,

Қозғалтпай басып қалар таудай болар...

Ал, Көдектің Ілияс Жансүгіровпен кездесуі туралы Тоқтар Әлібекұлы: «1926 жылдың жазында Қарқара жайлауындағы Ә. Жүнісовтың үйіне қоғам  қайраткерлері О. Жандосов, Ы. Көшкінов, І. Жансүгіров қонаққа келеді. Ауыл белсенділері ат шаптырып Көдек, Бөлтірік, Қапез, Әжек сияқты ақындарды алдырады. Олар қазақтың бетке басар азаматтарының алдында бар өнерлерін көрсетіп, көңілдерін  көтеруге тырысады. Отырыста Көдек елдің арғы-бергі тарихын қазып ұзақ жыр толғайды. Кезінде Құлманбет Құланаян жырлаған «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Көроғылы» тәрізді мұраларды да осы жолы зиялы топтың назарына салады. Осы жолы Көдек өлеңдерін жылы қабылдаған Ілияс Алматыға өз атына жіберіп тұруды тапсырады.

Қатесін түзеп басып шығарар деп,

Өлеңшің басқармадан өтінеді.

Ілияс Жансүгіров жазып бер деп,

Табыстап Қарқарада кетіп еді! – деп аяқталатын бір топ өлеңдері ұсынылған мекемеге жетпей, ұзақ жылдары М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақталып қалыпты» (Тоқтар Әлібекұлы: «Баласы мұны жазған Маралбайдың...», «Әдебиет айдыны» газеті, 2007 жылы шілденің 19 күні) деген құнды дерегін айтады.

– Жазба тарихи материалдарда айтылуына қарағанда төкпе жырдың дауылы Көдек Маралбаев өз дәуірінің арыстары Мұхтар Әуезов, Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы, Жамбыл Жабаев сияқты ірі тұлғалармен де кездескен екен.

– Ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов 1927 жылы өзінің «Қилы заман» атты атақты шығармасын жазу үшін материал жинап жүріп, Көдек ақынмен Жетісудың Қарқара жайлауында кездесіп, елдің тарих-шежіресі туралы көптеген құнды  деректерге ие болған.

Мұхтар Әуезов 1927 жылы Ленинградта әдеби баяндама жасағанда Көдек ақын туралы арнайы тоқталып: «...Өзгеше үлгідегі даланың дара ақыны мазмұны мен қоғамдық ролі жөнінен әлдеқайда қызығырақ саналады. Солардың жарқын бір үлгісі – албандар арасындағы Көдек ақын. Ол ауылдағы қазіргі заманғы құрылыстың белсендісі, қосшылар  одағының мүшесі, газет-журналдардың тұрақты оқырманы, баспасөз беттерінен белгілі идеологиялық және біршама дәрежеде көркемдік тәрбие алатын, заманына толық лайық, өзін әрқашан нық сезінетін қоғамшыл – ақын.

Қазіргі мерзімді баспасөз беттерінде көрініп жүрген, белгілі дәрежеде танылған  ақындардың бәрінен оның айырмашылығы мынадан байқалады: мәдениеті әлгілерден сәл төмендеу болғанымен, ол даланың, жергілікті қоғамдық өмір аясында туындайтын  ішкі көңіл-күй сезімдерінің, ел мүддесі мен және барлық мәселелердің бірден-бір білгірі. Қазіргі заманғы ауыл – оның шығармашылық ой-қиял шартарабының төл өрісі. Ауылдың көзге шалынатын оралымсыз тұрмысы мен ескіліктің барша зиянды сарқыншақтарын келеке-мысқылға айналдыратын өткір тілі ақынды өзінің туған даласында жіберілген кез келген кемістік үшін кімді болса да аямай әшкелейтін қазы ретінде айқындай түседі. Оның өлеңдері өзінің беткі сипаты, құндылығы, кемелділігі, жоғары техникасы жөнінен мінсіз» («Іле кеші», 2008 жылы наурыздың 24 күні, 3-бет), – деп өте жоғары бағалаған.

Әлемге даңқы тараған ұлы суреткер Мұхтар Әуезов жыр жүйрігі Көдек Маралбаев туралы тағы да: «Стилистикалық тұрғыдан ол батырлық аңыз эпостарындағы төкпе өлеңнің әуендете айтылатын ойнақы тәсілін мирас еткен. Қашан  да сергек, әрі сын тұрғысынан пайымдайтын ақынның мейлінше соны және айқын түрде сатиралық сарынмен көмкерілген өзекті  тақырыптарды оның барлық туындыларын сахара төсінде кеңінен әйгілеген. Олар дереу шыға салысымен қалың көпшіліктің игілігіне айналып, жастардың барлық жиындары мен сауық кештерінде ендігі жерде әуенге қосылған түрінде айтыла жөнеледі. Бұл әйтеуір қармаланып келе жатқан біреу емес, ауылдың алдыңғы тобынан қазіргі заманғы мәдени құрылысқа мейлінше саналы түрде, нық қадам жасаған ақын. Ол халық әдебиетінен, орасан зор халықтық тың алапаты мәдени қалаға сапар шеккен жүргінші, артынан үдемелі дамуға ұмтылушы, жаңалыққа құштар жастардың тұтас бір легін ерткен жүргінші.

Бұл ақын сонымен  бірге, өз жады арқылы ескі заманның көптеген құнды ескерткіштерінің сақтаушысы. Сөйтіп, ол өзінің бүгінгі заманғы өзекті, жаңа өмірге араласуы арқылы тек жеке басының алған әсерін ғана көрсетіп  қоймайды. Сонымен бірге бүкіл даланың үміті мен мүддесінің іске асуын көксейді, кешегі қазақ мәдениетінің құнды әрі бай мұрасын тұла бойына сиғыза біледі» («Іле кеші», 2008 жылы наурыздың 24 күні, 3-бет), – деп тереңге тамыр тарта баяндап, Көдек  ақынның табиғатын шынайы ашып көрсетіп береді.

Әке мұрасын көзқарашығындай аялап, жинақтаған зерттеуші, қарт педагог Көдектің ұлы Айтуғанның айтуына қарағанда, Көдек ақын Жүсіпбекқожа Шайхисламұлымен жастайынан төс соғыстырып достасып, өле-өлгенше барыс-келісі үзілмепті. 1931 жылы Жүсіпбекқожа Сүмбеден қашып өткеннен кейін Қытайдағы Көдек ақынды іздеп, Аттың тауына барады. Ақынның  үйінде Рамазан деген адамның отырғанын көріп, екеуі бірін-бірі бас салып құшақтасып көрісіп амандасады.

Рамазан деген адам Жүсіпбекқожаның Сүмбеден қашып өтуіне қол ұшын берген екен. Көдек ақын бұл туралы мынандай өлең шығарыпты:

Қожеке, ел қуанды келгеніңе,

Ақ жолын құдай оңдап бергеніне.

Қадырлы Рекеңді құрмет еттің,

Сүмбеден сізді өткізген еңбегіне.

Осындай адал адам халықта бар,

Семсердей сертке шыққан сенгеніне.

Құдай-ау, бұл халықтан ажыратпа,

Өмірде бар кезінде, өлгеніңде.

Бұл рет Жүсіпбекқожа ырым етіп үстіндегі жейдесін Көдектің жалғыз ұлы Айтуғанға шешіп береді. «Қожекең жас жағынан әкем Көдектен 31 жас үлкен, әкесінің құры еді. Оны бүкіл ауыл бойынша сыйлайтынбыз, шешем Мәтім атақты ақын Жүсіпбекқожаның жейдесін кішірейтіп беріп, бір талай уақыт кигенім әлі есімде», – дейді Айтуған.

Ғұлама ақын, білгір, үлкен оқымысты Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы Қытайға барғаннан кейін Көдек ақынға ұстаздық етіп, үлгі-өнеге көрсеткені даусыз, өйткені, осы екі алып ақын өмірінің соңғы мезгілін Қытайдың Текес өңірінде бірге өткізді.

Көдек ақын екі жылға таяу әскерде болып, 1920 жылы азамат соғысынан қайта оралған сапарында Жетісу өлкесінің маңдайалды дарабоз ақыны Жамбыл Жабаевпен кездесіп, көп сырласқан. Бұл туралы мынандай деректерді кездестіреміз: «Көдек 1918 жылы қызыл әскер қатарына алынып, Хиуа, Бұхар хандықтарына қарсы соғысқа қатынасады. Сол ұрыстарда екі рет ауыр жараланып, 1920 жылдың күзінде жарамсыз әскер ретінде елге қайтарылады. Ауыр жолдан арып-ашып келе жатқан жаралы солдат Түргендегі атақты шапырашты Жүнісбай болыстың үйінде Жамбыл ақынды кездестіреді. Тумысынан өнерге жақын Жүнісбай екі ақынды бірнеше күн күтіп, құмары қанғанша өлең, жыр тыңдайды» (Тоқтар Әлібекұлы,  «Баласы мұны жазған Маралбайдың...», «Әдебиет айдыны» газеті, 2007 жылы шілденің 19 күні).

Көдек ақын Жүнісбай болыстың үйінде әйгілі «Бұхарға сапар» поэмасын айтып, өлең тыңдап отырған дүйім жұртты таңғалдырады. Бұл күндері ақынның қиялы көкке шапшып, ел ардагерлерін еске алған өлеңін былай толғайды:

Қадірлі аталарым, ағаларым,

Асқар тау сүйенішім, паналарым.

Аман-сау елге қайтып оралғаным,

Сіздердің қайыр дұға, баталарың.

Қырандай құздан ұшқан шыр айналып,

Еліңнің амандығын қарағаның.

Кешегі солдаттарға дес бермеген,

Тазабек, қайран батыр даналарым.

Ақыры елін бастап өрге көшті,

Бұл жерде байқады ма шамаларын.

Батырды Іле ұлығы қолдағанмен,

Қолдауы серпілту жарамадың.

Ілені шар әскері басып алып,

Бұл кезде бейкүнә елді жараладың.

Тізгіні заманыңның өзіңде емес,

Ақ сөзің нахақ болып қараландың.

Кешегі Ұзақ батыр, Жәмеңкелер,

Жолында қырғындалды балалардың.

«Шал өлсін, бала өлгенше деген» сөзі,

Көрсетті ниетінің нақ адалын.

Жамбыл ақын бірнеше күн  Көдек айтқан өлеңдерді сүйіне тыңдап, қатты риза болады.

«Көдек жолға шығар күні Жамбыл Жүнісбай болысқа құлақ қағыс етіп:

Көріп едім албанды,

Қарқараны жайлаған.

Түйе тізіп қатарлап,

Мыңнан жылқы айдаған.

Қойы толған қораға,

Желілеп бие байлаған.

Он алтыншы жылында

Басшылары ұсталып,

Қырғын тауып қалғаны,

Соры сөйтіп  қайнаған,

Жақсылап сыйла, Жүнісбай,

Керек қой бұл әр уақытта,

Қаражат беріп аттандыр,

Мал бар ма жиған солдатта, – деп үстіне киім, астына ат мінгізіп қайтарыпты» («Әдебиет айдыны» газеті, 2001 жылы шілденің 19 күні).

Дауылпаз ақын Қасым Аманжолов кезінде ақынның «Қызырлы не боп кетті біздің Албан» деген шығармасын оқығаннан кейін Көдек ақын жайлы: «Көдек өз дәуірінің шындығын жазған семсер тілді ақын, оның қуғындалып, аумалы-төкпелі өмір сүруіне сол дәуірдің өзі жауапты, мен Көдектей қылышынан қан тамған заманға қарсы өлең жазған ақынды сирек кездестірдім» («Көдек шығармалары», Шыңжаң халық баспасы, 2005 жылы желтоқсан. 342-бет.) – деп жоғары бағалаған болатын.

Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Жамбыл Жабаев, Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы сияқты ұлы тұлғалардың Көдекпен кездесіп, дәм-тұздас болып, оның шығармаларына жоғары баға беруі ақын мәртебесін тіпті асқақтатып тұр.

– Әңгімеңізге мың рахмет!

Сұхбаттасқан

Әлімжан  Әшімұлы

6403 рет

көрсетілді

99

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

AbertNum

05 Наурыз, 2022

коли закінчиться війна в україні 2022 екстрасенси <a href="http://bitly.com/skilky-shche-bude-tryvaty-viyna-v-ukrayini">коли закінчиться війна в україні 2022</a> скільки триватиме війна в україні

AbrtNum

07 Наурыз, 2022

Дивитись фільм Бетмен <a href="http://bitly.com/betmen-2022-film">Фільм Бетмен дивитись онлайн</a> Бетмен онлайн

AbrtNum

07 Наурыз, 2022

The Batman <a href="http://bitly.com/betmen-2022-film">Дивитись онлайн Бетмен</a> Бетмен дивитися онлайн

AbrtNum

07 Наурыз, 2022

Дивитись онлайн Бетмен <a href="http://bitly.com/betmen-2022-film">Дивитися Бетмен</a> Бетмен дивитися онлайн

AbrtNum

07 Наурыз, 2022

Фільм Бетмен (2022) дивитись онлайн <a href="http://bitly.com/betmen-2022-film">Дивитись фільм Бетмен</a> Бетмен фільм

AbrtNum

07 Наурыз, 2022

Фільм Бетмен (2022) дивитись онлайн <a href="http://bitly.com/betmen-2022-film">Фільм Бетмен (2022) дивитись онлайн</a> Бетмен 2022

AbrtNum

08 Наурыз, 2022

Дивитись фільм Бетмен <a href="http://bitly.com/betmen-2022-film">Дивитися Бетмен</a> Дивитись фільм Бетмен

AbrtNum

09 Наурыз, 2022

http://bitly.com/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

09 Наурыз, 2022

http://bitly.com/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

10 Наурыз, 2022

http://bitly.com/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

10 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

10 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

10 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

10 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

10 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

11 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

11 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

11 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

11 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

11 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

12 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

12 Наурыз, 2022

https://bitbin.it/xUNGaaQL/

AbrtNum

12 Наурыз, 2022

https://bitbin.it/xUNGaaQL/

AbrtNum

12 Наурыз, 2022

https://bitbin.it/xUNGaaQL/

AbrtNum

12 Наурыз, 2022

https://bitbin.it/M6s1z3Ei/

AbrtNum

12 Наурыз, 2022

https://bitbin.it/M6s1z3Ei/

AbrtNum

12 Наурыз, 2022

https://t.me/holostyaktntofficial2022

AbrtNum

12 Наурыз, 2022

https://t.me/holostyaktntofficial2022

AbrtNum

12 Наурыз, 2022

https://t.me/holostyaktntofficial2022

AbrtNum

12 Наурыз, 2022

https://t.me/holostyaktntofficial2022

AbrtNum

12 Наурыз, 2022

https://t.me/holostyaktntofficial2022

AbrtNum

13 Наурыз, 2022

https://t.me/holostyaktntofficial2022

AbrtNum

13 Наурыз, 2022

https://t.me/holostyaktntofficial2022

AbrtNum

14 Наурыз, 2022

https://t.me/holostyaktntofficial2022

AbrtNum

14 Наурыз, 2022

https://t.me/holostyaktntofficial2022

AbrtNum

14 Наурыз, 2022

https://t.me/holostyaktntofficial2022

AbrtNum

15 Наурыз, 2022

https://t.me/holostyaktntofficial2022

AbrtNum

15 Наурыз, 2022

https://t.me/holostyaktntofficial2022

AbrtNum

15 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/22">Главный герой</a>

AbrtNum

15 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/23">Во все тяжкиеё</a>

AbrtNum

15 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/4">Безумный Макс</a>

AbrtNum

15 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/9">Филомена</a>

AbrtNum

15 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/4">Безумный Макс</a>

AbrtNum

16 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/13">12 лет рабства</a>

AbrtNum

16 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/2">Вечер с Владимиром Соловьевым</a>

AbrtNum

16 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/12">Гонка</a>

AbrtNum

16 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/16">Человек-паук Вдали от дома</a>

AbrtNum

16 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/19">Гарри Поттер и Дары Смерти</a>

AbrtNum

16 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/7">Игра в имитацию</a>

AbrtNum

16 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/7">Игра в имитацию</a>

AbrtNum

16 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/20">Скажене Весiлля 2</a>

AbrtNum

16 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/14">Хранитель времени</a>

AbrtNum

16 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/17">На пятьдесят оттенков темнее</a>

AbrtNum

16 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/2">Вечер с Владимиром Соловьевым</a>

AbrtNum

17 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/6">Охотник на лис</a>

AbrtNum

17 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/8">Отрочество</a>

AbrtNum

17 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/16">Человек-паук Вдали от дома</a>

AbrtNum

17 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/23">Во все тяжкиеё</a>

AbrtNum

17 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/12">Гонка</a>

AbrtNum

17 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/8">Отрочество</a>

AbrtNum

17 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/23">Во все тяжкиеё</a>

AbrtNum

17 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/13">12 лет рабства</a>

AbrtNum

17 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/4">Безумный Макс</a>

AbrtNum

17 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/10">Капитан Филлипс</a>

AbrtNum

17 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/4">Безумный Макс</a>

AbrtNum

18 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/19">Гарри Поттер и Дары Смерти</a>

AbrtNum

18 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/18">Последний богатырь 2</a>

AbrtNum

18 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/14">Хранитель времени</a>

AbrtNum

18 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/20">Скажене Весiлля 2</a>

AbrtNum

18 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/19">Гарри Поттер и Дары Смерти</a>

AbrtNum

18 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/7">Игра в имитацию</a>

AbrtNum

18 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/14">Хранитель времени</a>

AbrtNum

18 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/11">Гравитация</a>

AbrtNum

18 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/2">Вечер с Владимиром Соловьевым</a>

AbrtNum

18 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/17">На пятьдесят оттенков темнее</a>

AbrtNum

19 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/8">Отрочество</a>

AbrtNum

19 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/8">Отрочество</a>

AbrtNum

19 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/11">Гравитация</a>

AbrtNum

19 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/21">Рассказ Служанки</a>

AbrtNum

19 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/2">Вечер с Владимиром Соловьевым</a>

AbrtNum

19 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/11">Гравитация</a>

AbrtNum

19 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/12">Гонка</a>

AbrtNum

19 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/21">Рассказ Служанки</a>

AbrtNum

19 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/8">Отрочество</a>

AbrtNum

19 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/7">Игра в имитацию</a>

AbrtNum

19 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/17">На пятьдесят оттенков темнее</a>

AbrtNum

20 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/21">Рассказ Служанки</a>

AbrtNum

20 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/22">Главный герой</a>

AbrtNum

20 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/11">Гравитация</a>

AbrtNum

20 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/20">Скажене Весiлля 2</a>

AbrtNum

20 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/11">Гравитация</a>

AbrtNum

20 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/8">Отрочество</a>

Jgxwqq

03 Мамыр, 2022

order sildenafil 150mg pills - <a href="https://bestusasild.com/">sildenafil 50mg over the counter</a> viagra for men over 50

Bnbwtg

08 Мамыр, 2022

order prednisolone without prescription - <a href="https://prednisolonex.store/">prednisolone 40mg pills</a> buy tadalafil pill

Nrafnp

10 Мамыр, 2022

generic clavulanate - <a href="https://flagylgn.store/">order cialis 5mg pill</a> order tadalafil 40mg for sale

Urdsjf

13 Мамыр, 2022

order bactrim 480mg online cheap - <a href="https://bactrimx.store/">oral bactrim 960mg</a> buy sildenafil 100mg

Lvikyj

15 Мамыр, 2022

cephalexin online buy - <a href="https://cephalexinx.store/">cost cephalexin 500mg</a> order erythromycin 250mg without prescription

Sjnhef

19 Мамыр, 2022

rhinocort canada - <a href="https://tadalafde.com/">cialis usa</a> antabuse 250mg usa

Lrwite

20 Мамыр, 2022

purchase ceftin for sale - <a href="https://robaxinx.store/">generic methocarbamol</a> tadalafil 5mg pill

URKER №4

30 Сәуір, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы