• Білім-ғылым
  • 13 Қыркүйек, 2016

Шәкірттеріме тілек!

Ләззат Түменбаева,
қазақ  тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі

Қорқынышты көрінді ме  мұғалім,
Деп айтқанша: «Айналайын,шырағым!».
Көз алдымда бәріңнің  де жәудіреп,
Мені  сәл-пәл  бөтенсініп тұрғаның.

Сонан кейін  қол созып  қалам-дәптерге,
Алғашқы  айбақ, сызық  салдық  беттерге.
Кейде  гулеп,кейде билеп   ән  салып,
Ұқсаушы едік  ақар-шақар кептерге.

Бәрі  енді   еске түсіп   тұр  бүгін,
Қимастықтың  тұманына  тұнды үнім.
Шындығым сол  жүректегі  шәкірттер,
Көрсем  деймін  болашақтың  жұлдызын.

Жақсы істерің  болып  жатса құптадым,
Дей алмаймын  ағатқа қабақ  шытпадым.
Енді  сендер елдің  сенген ертеңі,
Жазылмасын  ақ сапарда  жұптарың.

Ашасыңдар  болашақтың  беттерін,
Бойларыңда  оралымды ой, дөп сенім.
Жақсылықпен  қуантыңдар  біздерді,
Ұмытпаңдар  Қызылтудың  мектебін.

Алыс-алыс  армандарға беттедің,
Қандай ғажап  ойға алғанға  жеткенің!
Ақ жол менен  сәтті  сапар  тілейді,
Барлық  ұстаз, алтын  ұя мектебің!

 

395 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы