• Білім-ғылым
  • 26 Сәуір, 2016

БІЛІМГЕ ӘРКІМНІҢ ДЕ БАР ТАЛАСЫ...

Лариса МҰХАМАДИЕВА, 
баспагерлік-редакторлық
және дизайнерлік 
өнер кафедрасының 
аға оқытушысы

Қазақстандағы баспа ісінің алдында тұрған келелі мәселелер өте көп. Ең бастысы, баспалар еліміздің, халқымыздың мақсат, мүддесіне сай қызмет етуі тиіс. Ал оның алдында тұрған міндетерді жүзеге асыру үшін білікті де білгір мамандар аса қажет. 
Бүгінгі таңда «баспа ісі» мамандығы жаңа деңгейге көтерілді. Баспа ісінің заманауи технологиялары баспа және электронды өнімдерді дайындауды қызықты әрі жан-жақты үдерістермен толықтыруда. 

Қазақстандық жоғары оқу орындарының ішіндегі баспа ісі мамандарын даярлайтын алғашқы және бірден-бір ғылыми-инновациялық, өндірістік-тәжірибелік оқу ордасы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы. Кафедра әмбебап мамандарды даярлау мақсатында, білім беру бағдарламаларын нарықтық сұранысқа ие жаңа пәндермен толықтырып, қызмет көрсету саласын кеңейтуде. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Баспа ісі» мамандығы шетелдік жоғары оқу орындары мамандарының жоғары бағасына ие болып, кеңінен танылуда. Біздің мамандық бойынша білім алып шыққан мамандар шетелдерде де сұранысқа ие болады деп сенеміз.
Кафедрада екінші мамандық ашылды, ол дизайн мамандығы. Бұл мамандық бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының және баспа өнімдерінің дизайнерлері дайындалады. Кітап, газет, журналдардың, ашық хаттардың тағы басқа баспа өнімдерін көркемдеп безендіруші дизайнерлерге деген бүгінгі күнгі сұраныс өте жоғары. Осы мамандықты таңдаушылар шығармашылық байқаудан міндетті түрде өтуі тиіс. Кітаптың, басқа да баспа өнімдерінің сауатты әрі көркем безендірілуі үшін қызмет ететін баспагер-редактор және дизайнер кәсіптерінің қаржылық жағынан табысты екендігін де атап өткен дұрыс.

 

 

335 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы