• Білім-ғылым
  • 08 Желтоқсан, 2014

«Үркер», №11

Жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси журналы болып табылатын «Үркердің» кезекті №11 саны жарыққа шықты.

Басылымның алғашқы бетінде «Оқушы жүрегінің лүпілі» айдарымен жас дарын иесі, ақын Мәрлен Ғилымхановтың «Абай – із, Әуезов – із кесуші» атты мақаласы берілген. Назарбаев университеті қазақ тілі, әдебиет және мәдениет кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Лаура Дәуренбекованың ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы бас директорының орынбасары Ғалия Бөкейқызымен сұхбатында кітапхана мәселелері кеңінен  қамтылған.

Белгілі журналист Ораз Қауғабайдың «Әулие тәңір тағында отыр» деген мақаласында ұлт қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың адамгершілік бейнесі мен белгісіз қырлары бейнеленген. «Поэзия» айдарында Жұмагүл Мұрсалованың «Өмір деген – шұғыла мен тастүнектің күресі» атты өлеңі және  «Проза» айдарымен Мақпал Сембайдың «Мақтаншақ» деген әңгімесінде қазіргі жастардың мінез-құлқы айшықты жазылған. Сонымен қатар «Үркер» журналының №11 санында көптеген танымдық қызықты мақалаларды оқуға болады.

Нұрлан ҚҰМАР

325 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы