• Білім-ғылым
  • 31 Қазан, 2014

«Үркер», №10

Жастардың әдеби-мәдени, қо­ғам­дық-саяси журналы болып та­былатын «Үркердің» кезекті №10 саны жарыққа шықты.

Басылымның алғашқы бетінде «Поэзия» айдарымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін мә­селелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының дирек­торы Айнұр Әбдірәсіл­қызының бірнеше өлеңдері берілген.

Абылай­хан атындағы Әлем тілдері универ­ситетінің магистранты Аяу­лым Зәбірованың «Студент­тердің өзін-өзі дамыту әдістемесі» атты мақаласы жастарды ғылым жолында баулуды үйретеді. Жур­налист Ақмаржан Таубаева­ның белгілі әнші, сазгер Елена Әбді­халықовамен сұхбатында әншінің адамгершілік бейнесі мен белгісіз қырларымен қамтылған.

«Ана тілі» бізде қонақта» ай­дарымен республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Самат Ибраимнің, аталмыш басылымның бірінші орынбасары Нұрперзент Домбайдың, Әлеумет және ақпарат бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Құмардың әңгімелері берілген. Жас дарын иесі, ақын Мәрлен Ғилым­хановтың «Жастар журналист болу­ға құштар емес. Неге?» деген мақа­лада қазіргі оқушылардың өзекті мәселелері қамтылған. Соны­мен қатар «Үркер» журна­лының №10 санында көптеген танымдық қы­зық­ты мақалаларды оқуға болады.

 

478 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы