• Білім-ғылым
  • 29 Қыркүйек, 2014

Мұғалімдерге сәлем

Жамбыл  Жабаев

Таңдауындай тарихтың,
Көзін ашып халықтың
Түнде жанған шырақтай, -
Оқытушы мұғалім
Білімі елге мағұлым.
Оқытып ел баласын,


Ашып көңіл санасын,
Оқымысты жастарды
Өсірді сүйрік құрақтай.
Оқытушы мұғалім,
Сендерді өмір нұрлады,
Сені алтын таң аялап,
Еңбегіңді бағалап,
Үкімет – ұлы штабың,
Орден тағып сыйлады.  
Біздің елдей ел бар ма,
Мұғалімді сыйлаған.
Тоқсаннан асқан шағымда
Октябрьден нұр алған,
Отан үшін сондықтан
Жамбылдың жыры жырланған.

 

580 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы