• Қоғам
  • 30 Маусым, 2022

ЖОЛДАР – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

Ақмарал Өтешова,
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының  
аға оқытушысы

Еліміздегі алғашқы темір жол мамандарын дайындайтын жоғары оқу орнының тарихы 1931 жылдан, Ташкент қаласында орналасқан Орта Азия темір жол көлігі инженерлері институтының механикалық, пайдаланушы және жолшы мамандықтары филиалы ретінде Алматыда ашылған оқу орнынан бастау алады.

1957 жылы жоғарыда аталған филиал – Оқу – консультациялық пункт болып өзгертілді.

Жоғарыда көрсетілген оқу – консультациялық пункт 1967 жылдың 1 қазанынан бастап ТашИИТ-тің Алматы филиалы болып қайта құрылды.

1976 жылдың 20 мамырында аталмыш филиал – Алматы Темір жол көлігі инженерлер институты болып құрылады (АлТЖИИ).

1991 жылы 1 қаңтарда Өскемен құрылыс жол институтының Алматы филиалының базасында – Алматы автокөлік-жол институты құрылды (ААЖИ).

1996 жылы 7 мамырда, Алматы Темір жол көлігі инженерлері институты мен Алматы автокөлік-жол институты оқу орындарының базасында – көлік саласының мамандарын дайындайтын ірілендірілген жоғары оқу орны – Көлік және коммуникациялар академиясы құрылды (ҚазККА).

2000 жылы 23 мамырда Қазақ көлік және коммуникация академиясына ірі қоғам және саяси қайраткер, Түркістан-Сібір магистралі жобасын жасаушы және құрушы, қазақтан шыққан алғашқы қатынас жолдары инженері  Мұхамеджан Тынышбаев есімі берілді.

2021 жылдан бастап Логистика және көлік академиясының жаңа дәуірі басталды.

Бүгінде «Логистика және Көлік Академиясы» темір жол (соның ішінде қалалық электр көлігі мен метрополитен), автомобиль көлігі, ақпараттық технология, телекомуникациялар және қаржы-экономикалық құрылымдар үшін мамандар даярлау бойынша Қазақстанның жетекші жоғары техникалық оқу орны.

Логистика және көлік академиясындағы оқу мен ғылыми үрдісін жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады, оның 60% астамы – ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, профессорлар және доценттер. Академия жанында – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ашылған колледждер жұмыс істейді.

2014 жылғы 11 қарашада «Нұрлы жол» жолдауында Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негіздері атап өтілді. Жаңа экономикалық саясаттың өзегі – инфрақұрылымды дамыту жоспары болды, мұнда бірінші тармақ ретінде көлік логистикалық инфрақұрылымды дамыту көрсетілген. Жолдар – Қазақстанның тірегі. Кең байтақ  елімізде автомобиль, темір жол және  авиация магистральдары барлық бағытта жедел әрі тиімді болатын көлік желісін құруға міндеттіміз. Стратегиялық мақсаттарды айқындап қана қою аз, Үкімет алдында нақты міндеттер қойып отырғанын айта кеткен жөн.

Қазір қалыптасқан аумалы-төкпелі заман жағдайында әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына жеделдетіп енуіміз міндет. Олардың ішінде біз үшін ең өзектілері мыналар болып табылады: көлік-логистикалық инфрақұрылымды және адами капиталды одан әрі дамыту.

Атап айтқанда, көліктік- логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және интеллектуалды көлік жүйесін құру, жүк тасымалдау көлемін арттыру және транзиттік тасымалдан түсетін пайданы арттыру. Қазақстанның стратегиялық маңызды позициясын және соңғы жылдардағы интеграциялық үдерістерді ескере отырып, Қазақстан үшін логистиканы экономиканың жеткілікті табысты сегментіне айналдырудың айқын перспективасы ашылды.

Осылайша, бүгінгі күні көлік саласының Қазақстан экономикасындағы рөлінің артып келе жатқанын байқай аламыз. Оған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан заманауи көлік жүйесіндегі оң өзгерістер куә. Осы бағдарламаның сәтті іске асырылуы республика ішіндегі көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар едәуір экономикалық пайда табу және Қазақстан өңіріндегі негізгі көлік хабы ретінде қалыптасуына әсер ететін транзиттік мүмкіндіктердің де өсуіне ықпал етеді. Бұл Қазақстан үшін табыстың қосымша және маңызды түріне айналды.

Қазіргі уақытта қаржылық тұрақсыздық пен экономикалық тәуекелдер жағдайында, әлемдік экономикалық интеграция дәуірінде отандық логистиканың алдына жаңа өзекті міндеттер қойылуда. Жаһандық логистиканың жаңа талаптарына сәйкес, ең алдымен, жүктерді жылдам жеткізудің тиімді  бағыттарын табуға және шығындарды барынша азайтуға бағытталған Қазақстанға елімізде транзиттік әлеуетін толықтай іске асыру міндеті қойылып отыр. Өйткені Қазақстан өзінің географиялық орналасуына байланысты белгілі бір логистикалық ерекшеліктер мен артықшылықтарға ие.

Адами капиталдың жаңа сапасы да басымдыққа ие. Білім беру жүйесінің барлық деңгейлері қазіргі заманғы шындыққа және экономиканың қажеттіліктеріне жауап беруі керек.

Логистика және қөлік академиясының ұжымы ел экономикасына көлік саласына жоғары білікті мамандарды даярлау бағытында қолдан келгеннің бәрін жасауда. Мамандар даярлау сапасына көп көңіл бөлінеді: академияның материалдық  -техникалық базасы жаксы, халықаралық байланыстары дамыған, қашықтықтан оқыту технологиялары кеңінен қолданылады.

Логистика және көлік академиясы жоғары білімді дамытудың жаһандық тенденцияларына жауап беруге және әлемдік білім бері кеңістігіне кірігуге ұмтылады:

– әлемнің жетекші университеттерімен , ғылыми және білім беру ұйымдарымен тиімді тұрақты байланыстарды іздеу, дамыту және орнату;

– жаңа халықаралық стипендиялық бағдарламалар мен студенттермен алмасу бағдарламаларын іздеу, студенттерге, оқытушылар мен логистика және көлік академиясының кызметкерлеріне ақпарат пен кеңестерді тарату.

– студенттердің, профессорлық-оқытушылық құрамы-ның «Логистика және көлік» академиясы қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ оқуға  шет  шет елдерден студенттерді тарту;

– көптілді білім беруді дамыту;

– дәрістер оқу және басқада бірлескен іс-шараларды өткізу, және шетелдік мамандарды тарту.

Логистика және көлік академиясы көлік, коммуникация және логистика саласы үшін инженерлік кадрларды дайындау және  ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының  ірі жоғары оқу орны және ғылыми орталығы болып табылады.

2647 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы