• Айтарым бар...
  • 30 Желтоқсан, 2020

Біздің латиницаға руналық таңбаларды қосу керек пе?

Күллі түркітілдес халықтарына ортақ «Орхон-Енисей заманынан» бастамай, бірден жеке ұсынысыма кірісейін – қазіргі ұсынылып отырған латын қарпіндегі қазақ әліпбиінде ыңғайсыз диграфтар бар. Олар – ch, sh. Одан бөлек апострофтар тым көп. Менің ұсынысым – келесідей руналық таңбаларды латын әліпбиіне қосу.

 

 (кесте - автордікі)

Негізі, руналық жазу көне түркі халқында да, венгр, болгар және скандинав халықтарына да тән болған еді. Ол жазудың түрі кирилл қарпі, бәлкім, тіпті латын қарпі (кемелденген Рим әліпбиі) әлі толық қалыптаса қоймаған дәуірде болған еді. Ең қызығы, шалғайдағы скандинав руналық таңбалар кейбір көне түркі руналық таңбаларға ұқсайды. Түрі ұқсағанымен, дыбыс-талуы – әлбетте – ерекшеленеді екен.

  

(Кесте - автордікі)

Негізі, қаріп (шрифт) тақырыбына келсек – қызықты құпиялар өте көп. Тіпті бүгінгі заманның «смайл», «эмоджи» және т.б. шартты электронды белгілердің өздері көне Мысырдағы иреоглифтер жазу әдісіне ұқсайды емес пе!? Ол – қаріп емес, ол – әліпби емес. Ол – шартты белгілердің жиынтығы. Турасын айтқанда, тіпті қытай, жапон, корей иреоглифтері мен армян, араб, еврей жазу тәсілдері – оның барлығы да нақты алфавиттік өз стандарттарына негізделген қаріп түрлері. Ал бүгінгі цифрлік заманды дәстүрлі кез келген жазбалар (мәтін) жайлап «шартты белгілер»-мен орын алмасып жатқан сыңайлы. Бірақ, бұл тек болжам ғана, болашақ тілдің – әсіресе, жазбаша тілдің қалай дамитынын көрсете жатар.

Руна тақырыбына оралайық, тағы бір қызық жайт – скандинав руналық әліпбиден гөрі көне түркі руналық әліпбиде таңбалардың саны көбірек екен. Міне, мысалға дәстүрлі швед, норвег және Солтүстік-Еуропаға тән руналық белгілер. Олар көп емес.

  (Кесте – «Уикипедия» ресурсынан алынған)

 Ал енді көне түркі руналық таңбаларға назар аударайық. Олардың саны әлдеқайда сан-алуан.

(Кесте – «Уикипедия» ресурсынан алынған)

Бұл жұмбақ ерекшелік көптеген сауалдарды тудырады. Қайсы руналық әліпби көне немесе негізгі?! Әлде ортақ руналық қаріп болды ма!? Бұл сауалдар тарихи терең әрі жаңашыл зерттеулерді талап етеді. Ал біздің бүгінгі қазақ тілінің латын әліпбиіне тым көп диграфтар мен апострофтар керек пе!? Сонымен, менің ұсынысым бойынша өзгерісті талап ететін әріптер келесі – «ү», «ұ», «ғ», «ш немесе щ» және «ч».  Оқырманның өзі шешсін.

 Батырбек Үрістембеков

86 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Айсұлу Ерниязова: ЕРІКТІ БОЛУ – ЖҮРЕКТІҢ ІСІ
Келесі мақала Ақ қағазға сөз ойып шаршадым

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ҮРКЕР №12

30 Желтоқсан, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы