• Қоғам
  • 25 Мамыр, 2017

ЖЕР-АНА ТАЗАЛЫҚ ТІЛЕП ТҰРҒАНДАЙ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі болар осы үш концепция сөзсіз бір-бірімен сабақтасып, тамырласып жатқан идеялар. Болашақта Қазақстанның бет-пердесін не анықтайды? Міне, осы төңіректе кәсіпкер-диқан, ұстаз және өнер иелеріне сөз беріп, рухани жаңғырудың жарқын жолы мен жаңаша бағыттарына мән беріп, мәселе қозғап отырмыз. Тамсана бермей, талдауға кірістік. Рухани жаңғырудың басты бағыты, міне, осындай.   Елбасымыз елге қажетті сөзді айтты, халыққа қамқор тілегін білдірді. Компьютер дамып, ғарышқа Адам самғап, Жер-дүние түтінге малынып, жақсылықтың бір жаманаты алқымнан алып жатқан заманда, Елбасы Н.Назарбаев ел мұратын білдірді. ХХІ ғасырдағы ең басты сөз атой сап алға шықты. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» мәміленің «Прагматизм» деп аталған тарауындағы мына сөздер жаныңды тебірентпей тұра ма? «Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Ықылым замандардан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу мекен шөлге айналды. Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы». Осы сәт ұлы диқан Ыбырай Жақаев әкеміздің: «Ескірген судан егіс те ауырды. Оған үнемі таза су керек» деген сөзі еске түседі. Топырақ тазалығы, су киесі өзіне тартып тұрғандай. Рухани жаңғыру – бізді жаңа жолдарға жетелейді. Біздің ұрпақ сол мақсат жолында өсіп-өркендеп, қанаты қатая берері сөзсіз. Бұл – жаңаша жол. Қазаққа қанат біткендей. Бағлан ӘШІРБЕКОВ, кәсіпкер-диқан, Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының иегері. Шиелі ауданы, Қызылорда облысы.

388 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы