• Қоғам
  • 09 Шілде, 2012

Айшылық алыс жерлерден хабар алғызған «Алматытелеком»

«Қазақтелеком» АҚ компаниясының басты міндеттерінің бірі –телекоммуникация желілерін жаңғырту және дамыту, ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ қызметті жетілдірумен қатар, Интернетке шығу қызметінің тарифтерін төмендету, арналардың өткізу қабілетін арттыру, олардың жылдамдық сипатын ұлғайту жөніндегі шараларды да жүзеге асырады. Соңғы жылдары компания ұсынатын қызметтер саны анағұрлым арта түсті, соның арқасында абоненттер телекоммуникация саласындағы соңғы жетістіктер мен артықшылықтарды білуге мүмкіндік алды.   «Қазақтелеком» АҚ ең ірі филиалы «Алматытелеком» қалалық телекоммуникация орталығы 2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өз абоненттеріне әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сапалы телекоммуникация қызметтерін ұсыну мақсатында «Алматытелеком» ҚТО желісін жаңғырту мен дамытудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыруда. Жаңғырту жобасы телекоммуникацияның барлық тораптарын қамтып отыр: цифрлы АТС-тердің транзиттік шлюздері мен порттық сыйымдылықтарын ұлғайту, қолданыстағы желілік-кәбіл инфрақұрылымын кеңейту және жаңғырту, жаңа талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу және т.б. Қазіргі уақытта желіні цифрландыру деңгейі 90 пайызды құрады. Бұрынғы аналогты 46-АТС, 47-АТС, 68-АТС, 42/43-АТС, 48/49-АТС, 38-АТС және 30-АТС станциялары шағын қызмет көрсететін абоненттік қосылыс жабдықтарына ауыстырылды. 2012 жылы 20/29-АТС, 22/23/24-АТС, 21/28-АТС және 40/41-АТС ауыстырып қосуды аяқтау жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде, аналогты АТС-терді ауыстырып қосқаннан кейін Алматы қаласы бойынша цифрландыру пайызы 2012 жылдың аяғына қарай 97% құрайтын болады. Телекоммуникация желісін жаңғырту нәтижесінде абоненттер цифрлы пішінде қызметтерді алуға, қосымша қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндік алады. Бүгінгі таңда Алматы қаласында 200 000 астам интернетті пайдаланушылар, 36 000 астам iD TV интерактивті теледидарын пайдаланушылар және CLIP/CLIR қызметін пайдаланатын 189 000 абонент бар.

GPON – Интернетке кеңжолақты оптикалық қосылудың жаңа кезеңі Интернет-пайдаланушылар деректер беру жылдамдығы мен қызмет сапасына анағұрлым қатаң талаптар қоя бастады. Телекоммуникация нарығында қосылыстың барлық технологиялары қолданысқа енгізілді. Бірақ, әлемдік бағыт анық, ал ең негізгі технология - қосылысты оптикалық желі арқылы ұйымдастыру. Тек осы технология ғана абоненттердің туындап жатқан талаптарын толық қанағаттандыра алады. «Алматытелеком» ҚТО, «Қазақтелеком» АҚ жетекші филиалы бола отырып, қолданыстағы желіні жаңғырту бойынша Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияны дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда. FTTx (талшықты-оптикалық байланыс желілері) негізінде қосылыстың жаңа желілеріне ауысу өткізу қабілетінде туындап отырған проблеманы толығымен жояды. Жаңа FTTH технологиясының ең басты артықшылығы – талшықты-оптикалық кәбіл тікелей абоненттің пәтеріне дейін тартылады. «Қазақтелеком» АҚ – осы технологияны қолданысқа енгізіп, жүзеге асырып отырған жалғыз оператор. Салынған желінің тұрақтылығы жоғары және сенімді. 2011 жылдың шілде айынан бастап оңтүстік астананың көппәтерлі секторында FTTH технологиясы бойынша GPON желісінің құрылысын салу – пәтерге дейін талшық тарту құрылысы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта GPON технологиясы бойынша интернет желісіне қосылысты пайдаланушылар саны 15 мыңнан аса алматылықтарды құрайды. «Алматытелеком» ҚТО талшықты-оптикалық желісі оңтүстік астананың жетекші инфрақұрылым нысандарының бірі ретінде қала үшін де, жалпы республика көлемінде де үлкен стратегиялық маңызы бар нысан болып саналады. Осы технологияның арқасында «Қазақтелеком» АҚ-ның ең ірі филиалы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда. GPON технологиясы бойынша интернет желісіне қосылу үшін абонентке клиенттік жабдық - оптикалық ONT терминалы орнатылады, оған компьютер, телефон және теледидар қосылады. Нәтижесінде қызметтердің толық топтамасы: интерактивті теледидар, телефон қызметтері және интернетке кеңжолақты қосылу «бір (оптикалық) розеткадан» ұсынылады. «Алматытелеком» ҚТО-да жүзеге асырылып жатқан FTTH желісін салу жөніндегі барлық жобалар, Алматы қаласындағы Мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасымен келісіледі. Атқарылып жатқан жұмыстар қолданыстағы құрылыс, техникалық нормалар мен талаптарға сәйкес жүзеге асырылуда, ғимараттардың сейсмикалық беріктілігіне кері әсер етпейді. Оптикалық талшықтың өзі адам денсаулығына зиянды емес және зиянды улы заттар бөлмейді. Бүгінгі таңда, «Алматытелеком» ҚТО GPON желісі Алматы қаласының келесі: Жетісу, Орбита-3,4, Ақсай-2,2а,4,5, Мамыр, Таугүл сияқты ықшамаудандарында салынған, Хусаинов к., 225 (Мега-орталығы жанында), Мирас ықш.ауд., Қаратаев к., 38 тұрғын үй кешендерінде салынған. Жылдың аяғына қарай GPON желісін Тастақ (1,2,3), Көктем (1,2,3), Алмагүл, Қазақфильм, қаланың 12 ықшамауданында (1-12 ықш.ауд.) салу, сол сияқты Айнабұлақ (1,2,3), Құлагер және т.б. аудандардағы құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Алматы қаласында GPON технологиясы (FTTH желісі) бойынша ұсынылатын қызметтер iD сауда белгісі арқылы таныс: iDNet - интернет желісіне жоғары жылдамдықта қосылу, iDTV – цифрлы интерактивті теледидар HD, iDPhone - «тәуелсіз нөмірлері бар» цифрлы телефония. Сонымен қатар, сіз iDNet үшін де Megaline қызметіне төлегендей төлем төлейсіз. Ал iD қызметтерінің топтамасы одан да қызықтырақ. Megaline - Интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қосылу қызметі, Алматы қаласында 2002 жылдан бастап ұсыныла бастады. Megaline артықшылықтары: телефон желісінің бос болуы, Интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қосылу ( 8 Мбит/сек дейін), қосымша интернет-сервистер (әртүрлі ақпаратқа, музыкалық қорларға, on-line ойындарына, радиоға және т.б. қосылу), жоғары тұрақты жылдамдық, абонентке кепілді өткізу жолағы бекітілген, кіру жылдамдығы 8 Мбит/с дейін және 1 Мбит/с дейін шығу жылдамдығымен пайдаланушы Интернет желісіне тәулік бойы қосыла алады, тұтынатын трафикті өз бетінше мониторингілеу мүмкіндігі, қызмет төлемі келесі айда жасалады, қолайлы тарифтік жоспарлар. iD TV- интерактивтік цифрлы теледидар қызметі Алматы қаласында 2010 жылдан бастап ұсыныла бастады. iD TV-дің кесіннің цифрлы сапасы, барлық телеарналардың, фильмдердің стереодыбысталуы, сервистердің жұмысын оңай ретке келтіретін қарапайым және түсінікті интерфейс, эфирді басқару мүмкіндігі, iD TV бейне тізімдемесінен (Video on Demand) фильмдер мен қызықты бағдарламаларға тапсырыс беру, арналарды топтау, соңғы 24 сағат ішінде көрсетілген телехабарларды жазу (Shift TV), қосымша топтамаларды өз бетінше қосу/ ажырату, экранға аптадағы хабарлардың бағдарламаларын шығару, арналарды қарау кезінде көретін фильмнің/хабардың қысқаша сипаттамасы: басталу уақыты, атауы, актерлердің аты-жөні, фильмнің түсірілген жылын көру сияқты артықшылықтары бар. «Сұраным бойынша бейнефильм» – фильмдер мен телехабарларға лезда тапсырыс беру және кез келген қолайлы уақытты теледидар экранынан қарау мүмкіндігі. «Телехабарлардың электрондық бағдарламасы» – телехабарлардың қысқаша сипаттамасымен жақын күндері көрсетілетін бағдарламаларды қамтиды. Бұл сервисті қолдансаңыз, бағдарламасы бар газетті сатып алудың қажеті де жоқ. Сол сияқты, сүйікті хабарыңызды көре алмай қалған немесе көруді ұмытқан кездеріңізде «Кейінге қалдырып көру» сервисімен соңғы 24 сағат бойы таратылған телехабарларды жазып алып көруіңізге болады. Бұл сервис әзірше қазақстандық 4 арна: Қазақстан, Хабар, Caspionet, Ел Арнада ғана қол жетімді. Интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қосылу қызметі - iD Net. Бұл қызмет Алматы қаласында 2010 жылдан бастап ұсыныла бастады. iD Net басты артықшылықтары: тұтынушылардың жоғары сапада жылдамдығы 100 Мбит/с интернет желісіне шығуы, жоғары цифрлы сапа, ішкі қорларға ақысыз трафик, деректерді беру жылдамдығы 30 Мбит/секундқа дейін (секундына «көп көлемді» файлдардың берілуі, онлайн-режімде «іркіліссіз» фильмдер мен ойындарды қарау ), қызметті қосу үшін клиентке қосымша жабдық (модем) сатып алу қажет емес, қызмет ақысын келесі айда төлеуге болады, тиімді және қолайлы тарифтік жоспарлар. iD Phone – көптеген қосымша қызметті цифрлы телефония қызметі, Алматы қаласында 2010 жылдан бері ұсыныла бастады. iD Phone артықшылықтары: жеке тұлғалар үшін «Қазақтелеком» АҚ желісі ішінде қалааралық телефон нөмірлеріне тегін қоңырау шалу, белгілі бір мекенжайға тәуелді емес, жаңа қалалық телефон нөмірі (көшіп жатқан жағдайда) өзгермейді, қалааралық және халықаралық қоңырауларға үнемдейсіз, 13 қосымша қызмет түрі бар (нөмірді анықтағыш, өз нөміріңізді көрсетпеу, үшжақты аудиоконференцбайланыс, түскен қоңырауларды басқа нөмірге ауыстыру, 100 нөмірге дейін жедел теру және т.б.) өз бетінше web-сайт арқылы қызметті басқару Сізге маманды шақыру қажет емес (дегенмен, мұндай да мүмкіндік қарастырылған). iD Phone қызметін күйге келтіру оңай. www.idphone.kz сайтында кез келген пайдаланушыға өз бетінше қызметті күйге келтіруге және қосымша қызметтердің түрлеріне қашықтан қосылуға, ажырауға көмек беретін әрбір әрекет жөнінде нұсқаулар берілген. Қосымша қызметтер құны абоненттік төлемге кіреді. «Алматытелеком» ҚТО-да 2241 адам жұмыс істейді. Олардың жұмыстан бос уақытын тиімді өткізуге үлкен мән беріледі. Осы мақсатта түрлі мәдени және спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады. Жыл сайын жазғы, күзгі және қысқы спартакиадалар ұйымдастырылады. Өзіміздің футбол командамыз бар. Қыркүйек айында дәстүрлі Қазақстан халқының тілдері фестивалі, одан кейін Қарттар күні, Балаларды қорғау күні, Ауғанстан соғысының ардагерлерін құттықтау, Наурыз мейрамын атап өту және тағы басқа көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мұндай шаралар ұжым қызметкерлерін бір-бірімен жақынырақ араласуға, ұйымшыл болуға үндейді. ҚТО қызметкерлерінің білім алуы мен біліктілік деңгейін көтеру мәселесі өте маңызды. «Алматытелеком» ҚТО-да ҚР және Орта Азия аумағында әлі болмаған оқу-өндірістік полигоны салынды. Жаңа технологиялар бойынша оқу сыныптары ашылды. Байланыстың желілік-кәбілдік жабдықтары мен талшықты-оптикалық желісін пайдалану бойынша қиын теориялық материалды жеңіл түсініп, меңгеріп алуға мүмкіндік беретін оқу полигонындағы сабақтардың оқу курсы жасалды. Оқу полигонының жабдықталуы, техникалық, коммерциялық блок қызметкерлерінің өндірістік дайындығы, жаңадан қабылданған қызметкерлерді оқыту және тәжірибелік дағдыларын пысықтауға, жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің, делдалдардың біліктілігін көтеруге, сондай-ақ Алматы қаласындағы кәсіби-техникалық училище студенттерін тәжірибеден қауіпсіздік техникасының халықаралық стандарттарына сәйкес өткізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік тіл – ең маңызды мәселе «Алматытелеком» қалалық телекоммуникация орталығы Қоғам филиалдары арасында алғашқылардың бірі болып, сонау еліміз тәуелсіз алған алғашқы жылдары-ақ, яғни 1994 жылдан бастап тіл мәселесі төңірегіндегі жұмыстарды бастап кеткен еді. Орталықта мемлекеттік тіл бөлімі жұмыс істейді. 2009 жылдан бері кәсіпорында аптаның әр сәрсенбісі мемлекеттік тіл күні деп жарияланды. Ал биылдан бастап, аптасына екі рет сәрсенбі және жұма күндері мемлекеттік тіл күні деп белгіленді. Аталған күндері кәсіпорында жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілде сөйлеседі. Ал жергілікті ұлт өкілдері күнде ана тілінде сөйлеуге міндетті. Сол сияқты, өндіріс мәселесіне байланысты аптасына бір рет өткізілетін үлкен ұжымдық жиналысты да қазақ тілінде өткізуді дәстүрге айналдырып келеміз. Кәсіпорында тіл үйренем деушілерге барлық жағдай жасалған, қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген арнайы қазақ тілі кабинеті бар. Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышандарының бірі. Қазақ халқының тілін, көркемсөз шеберлігін, салт-дәстүрін насихаттау мақсатында былтырғы жылы мемлекеттік тіл бөлімі ұйымдастырған іс-шаралардың барлығы түгел еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналды. Дәстүрлі Наурыз мерекесі де «Тәуелсіз менің Отаным» деп аталып, онда тігілген қазақ үйлер «Бостандық», «Тәуелсіздік», «Егемендік» және «Достық» деген атаулармен тәуелсіздіктің нышандарын айқындап тұрды. Ұмыт болған ұлттық дәстүрлерді халыққа насихаттау мақсатында «Ең үздік қазақ үй», «Ең үздік ұлттық тағам», «Ең үздік ұлттық көрініс» байқаулары өткізілді. Сол сияқты, Наурыз мейрамында ұлттық асық ойындарын, арқан тартыс, соқыр мерген, білек күшін сынасу, қазақша күрес, кір тасын көтеру, алтыбақан сияқты ойындарды көрсету жылда жалғасын тауып келеді. «Алматытелеком аруы» байқауына қатысушы 18 арудың ішінен бас жүлдені, Техникалық пайдалану орталығының электр механигі Ибраимова Ардақ жеңіп алды. Оның қазақтың беташар салтын қазіргі заманға сай лайықтап, телекоммуникация қызметтерін таныстыра отырып, көрсеткен көрінісі ерекше болды. Арулар байқауы биыл да жалғасын тауып, әйел-аналардың арасында «Алматытелеком ханымын» анықтаумен аяқталды. Сол сияқты, Наурыз мейрамы аясында «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізу де дәстүрге айналып отыр. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші бұл байқауда жігіттер өз өнерлерін ортаға салып, кір тасын көтеруден күштерін сынайды. 2011 жылдың қыркүйек айының 22 күні «Қазақтелеком» АҚ-ның Алматы қаласында орналасқан филиалдарының арасында өткізілген «Тіл тұғыры – ел тұғыры» атты фестивальде «Алматытелеком» ҚТО командасы екінші жыл қатарынан бірінші орынды жеңіп алды. Мемлекеттік тіл бөлімінің ұйымдастыруымен ақиық ақын М.Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды жыр кеші, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай “Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан” атты патриоттық әндер байқауы, «Тәуелсіздік және тіл – егіз ұғым» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сондай-ақ кәсіпорында ай сайын «Мемлекеттік тіл – менің тілім» деген тақырыппен құрылымдық бөлімшелердің қоғамдық өмірі туралы қазақша газет шығарылып тұрады. Міне, осындай қадау-қадау оқиғаларға толы «Алматытелеком» ҚТО ұжымының алда атқарар мақсаттары айқын, міндеттері межелі. Біздер айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған ХХІ ғасырда халық тілегін қанағаттандыруға қашан да әзірміз. Сая Тілекқызы, «Алматытелеком» ҚТО мемлекеттік тіл бөлімінің бастығы

456 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы