• Әдебиет әлемі
  • 30 Наурыз, 2021

Менің музам - құдайшыл жүректердің қаламында

Жақсыбек 
ҚАЛЕЛБЕК

Махаббат өлеңдерін неге 
жазбайсыз деген оқырманыма 
жыр жауап

Жыр-жүрек жаратқанның жаза күші,

Ақынның таусылама араз ісі.

Тән қалауын тұрады жерге басып,

Мендегі махаббаттың таразысы.

 

Рухыма шыңнан қуат құямын деп,

Шарлайды шеңбер бұзып қиялым көп.

Жүрегімнен сүңгуір қайық жасап,

Теңізден інжу-жақұт жиямын тек.

 

Махаббатсыз мына өмір жолсыз жыра,

Қазақтың Абайы бар зор сұңғыла.

Арыдан абайлаған әр арнаны,

Дүние бос дейді ғой онсыз мына.

Махаббат – тіршіліктің ақ тамыры,

Жүректердің жаңғырып жатқан үні.

Бұл ғаламды осынша хикім етпен,

Сүймесе жаратар ма ХАҚ тәңірі.

 

Кіршіксіз адалдықтың күйіне ерген,

Аз емес шын ғашықтар сүйіп өлген.

Сұлулықты сыртымен бағаламай,

Санадан іздегенге сүйінем мен.

 

Мендегі жыр мақсаты тым ауыр жол,

Құпиялы ғұмырға сұрағым мол.

Мақтамаймын, мақтамен бауыздаман,

Еместі туым-атақ, ұраным-жел.

 

Әр сөзім іюменен арға басын,

Жазбаса, жүрек босқа сарнамасын.

Адамдықты сүюде махаббат бар,

Жасамаймын жалғанның жарнамасын.

 

Сұлу қыз сезімдердің бір бұтағы,

Ал махаббат – шексіздік үн мұқамы.

Жырға симас не терең сырға симас,

Жаратқанның жұмбағы, нұр жұпары...

 

Қаққанда құдайсыздар барабанын,

Сол үшін жүрегімді жараладым.

Мазмұнсыз дүниенің мұңдары емес,

Көктен түскен хақ сөзден нәр аламын.

Міне сол махаббаттық  саналы арым...

 

Қанатты Жылқылар немесе

ұрланған өмір

 

Сонау бір дәуірде, Сүлеймен Пайғамбар

 тұсында,

Желдерде бағынып, көлігі болыпты

 ұшуға.

Біліпті тілдерін, жануар жәндіктің

 құстардың,

Жер жүзі жын-пері, болыпты патшалық

 уысында

Бір күні серуен құрыпты, түс ауа қыр

барып,

Қанатты жылқылар көріпті, қызықтап

 тұрды анық.

Кауысқа* бұйырып, алып кел дейді екен

 алдыма,

Әмірін екі етпей кірісті, айла қып

 ұрланып.

 

Бар еді, айнадай бір бұлақ жылқылар

суаттар,

Сымбатты сұлулар, сол суға үйездеп

 тұрақтар.

Құйды әкеп қаншама шарапты шаттығын

 шалқытар,

Қасиет қаймығып, құлазып тұрды үнсіз

 құрақтар.

 

Мыңдаған сүмбіле, сімірді сескеніп

секеммен,

Бойына у тарап, айналды жансызға

еті өлген.

Сүлеймен оларға бір, бір түсіп  қуанды,

Таңданды тамсанды, сәт сайын  қанатын

 көтерген.

 

Кеш батып кетіпті ес жиса екінті қаза боп,

Өкініп өзегін қарыды, қасірет мазалы от.

Жаратқан кешіріп, күн қайта

 шығыпты алаңда,

Сүйінші сұрапты екенін енді оған жаза

 жоқ.

Аңыздар ақиқат, қиссалар

қасиет қаймағы,

Неліктен айтылар болмаса ғұмырға

пайдалы.

Қанатты жылқылар тәрізді басыңды

 байлаған,

Мына бір дүние қызығы сиқырлы,

айлалы.

 

Келесің, кетесің, тоймайсың бес сағат бес

 күнге,

Уақыт әмірі, рахымын түсірмес ешкімге.

Өткеннің парағын ақтарып өкініш өлеңін

 жазамын,

Дүние төсінде, Сүлеймен тағдырын

 кештім де...

 

Жалғанда жасайды, рахатты тіршілік

 аңсаған,

Ғасыры көз қырын салмайтын қанатсыз

 қанша адам.

Мақсаты мәңгілік, сәулесін силайтын

 ғұмырға,

Қанатты жандарға қызыға қараудан

шаршаман.

 

*Кауыс- Сүлейменге бағынышты дю пері

 

АНА жүрегімен сырласу

 

Анашым

Мына дүние сенің жанарыңдай, тұнық

 болсашы,

Кетер ем жүзіп, ертелі кеш алтын

 балықтай.

Мына дүние сенің махаббатыңдай, ұлық

 болсашы,

Ақыл, нәр берген, мейірімді қалпың

 жалықпай.

Анашым

Мына дүние сенің жүзіңдей нұрлы

болсашы,

Аспаным менің тұрар еді шуаққа толып.

Мына дүние сенің ақылыңдай құнды

болсашы,

Бір естігенде қалатындай құлақта тұнып.

 

Анашым!

Мына дүние сенің ақ сүтіңдей татты-ақ

 болсашы,

Жүрер ем онда көбелек шаттық, қуар

баладай.

Мына дүние сенің арманыңдай аппақ

 болсашы,

Өтер ем мен де жалған жүзінен мұң

 арқаламай.

Анашым!

Мына дүние сенің жүрегіңдей жұмсақ

 болсашы,

Жасар ем онда тікеннен аман, тірлік

табаным.

Мына дүние сенің тілегіңдей қоршап

 тұрсашы,

Періште қанатпен жамандықтардан

 құрлық қамалын.

 

Әлемге мынау ерен ескерткіш қалса

адамзаттан,

Махаббатына қойсын ананың, иіле тұрып.

Күллі ғұмырын перезенті үшін,

қанша алаңдатқан,

Аман болшыншы аналар онсыз дүние

 суық.

Менің музам

 

Менің музам – жел ғұмырлы жұмбағында,

Қартаймас қиялдардың ғажайып

 құндағында.

Теңіздей тағылымның тіл жетпес

 тереңінде,

Бұлттарды бөрік қылған арманның

 шыңдарында.

 

Менің музам – сана төккен сәуленің

сырларында,

Жарығы мол жалғанға, Абайдың

жырларында.

Тамыры тектіліктен бабалар рухында,

Керуен тарихтар көшінің ырғағында.

 

Менің музам – құдайшыл жүректердің

 қаламында,

Мезгілсіз, мекені жоқ мейірім жанарында.

Көктемнің күлкісі бар, көзінде

 балалықтың,

шаттықтың шаңы жүрген күндіз-түн

 балағында.

Менің музам – жеті хат аспанның

ажарында,

Қаншалық ғашық оған жүрегім тазаруға.

Менің музам – көбелек қанатының

 тағдырында,

Мың жыл жасап жүретін құзғынның

ажалында.

 

Менің музам – сарқылмас сағыныш

самалында,

Сары ала жаздың соңғы жымиған

жамалында.

Жүзінен шырақ жанған ғазиз

бас ғасырларға,

Қақпасын ашпай жатқан қасірет

 қамалында.

 

Менің музам, жалғандағы симайтын жай

 ұғымға,

Періште пейілдердің «бес күндік»

пайымында.

Ақ сұңқар армандардың аяулы бейнесінде,

Өміршең ойларымның жұпарлы

шайырында.

 

Менің музам – мәңгіліктік мұңдардың

 мұнарында,

Дөңгелек дүниенің сан тарау сұрағында.

Құмырсқа қажырының қампиған

 құрсағында,

Парасат пайда бермес пілдердің

 құлағында.

Менің МУЗАМ – мәңгіліктік мұңдардың

  МҰНАРЫНДА...

 

Ғашықтық күні

туғанда...

 

Бір күндері... дерті қиын уданда,

Шын ғашықтық күні маған туғанда.

Мына жарық гүл әлемге көр соқыр,

Су қараңғы мен боп қалам бұл маңда.

 

Жүрегімнің мұздағанын жылытармын,

Жалған жырын, жалбыз мұңын

 ұмытармын,

Дәл сол күні саңыраумын сыр ұқпас,

Дәл сол күні меңіреумін мылқаумын.

 

Шаттықтарды елеместен шақырған,

Тебіреністер теңізіне батырған,

Жанарымнан жәй тірлікті жоғалтам,

Және сонша айырылам ақылдан.

 

Иә, сол кез,  сезім сеңдей соғады,

Арманымдай ай қияға қонады.

Мені көрсе көкірегі жылаған,

Мәжнүннің де жаны ашитын болады.

 

Тұратұғын бір ғаламат үн құйып,

Дүниелік бақыттардан тым биік.

Мәңгіліктің жаратылған нұрынан,

Ол ғашықтық терең әрі тұңғиық.

 

Түн сырларынан

 

Өмірім-орғып қашқан қояным,

Абайла деймін қақпанды баспа.

Әдейі кейде ашпай қоямын,

Тәтті ұйқы келіп қақпамды қақса.

 

Себебі тірлік ылғи қысымда,

Талдырар көзді күндіздің көркі.

Ал сосын түнгі мүлгимін сырға,

Секілді бейне бір қыздың дерті.

 

Тербейді бесік түн – ана қолы,

Сәбиін үнсіз тыныштық атты.

Сондықтан түнде бір АЛЛА ұлы,

Жоғалтқан екен дыбысты қатты.

 

Ұнатам мен де тереземді ашып,

Ойлар самалын өбетін жұмсақ.

Көңілде бейне көк өзен тасып,

Сезімім бұлттай төгетін бұршақ.

 

Сұлу-ақ шіркін аспан кеудесі,

Жұлдыздан моншақ алған ба қадап.

Таңданыс еркін, басқан пендесы,

Айтады үнсіз Аллаға мадақ.

 

Ләззаты жанға алыс көрінер,

Түсіне білсең түн сұлу әлем,

Ұлгиды іште намыс бөрілер,

Көтеріп көкке тұмсығын әрең.

 

Естілер еміс ай тұрған жақтан,

Аңқау арманның таныс дауысы.

Ғашықтар әні айтылған бақтан,

Күтеді күлкі алыс тау іші.

 

Той да бар онда думаны бөлек,

Шаттығын жатқан желменен шашып.

Шаттанам мен де шуларын елеп,

Сырларға тылсым емделем ғашық.

 

Құлқыны үшін кірпігін қақпай,

Қадайды көзін үкі - үміттер.

Шегіртке шер мұң бір тыным таппай,

Таңдайын түннің сүті жібіткен.

 

Ай да қарайды елжіреп тұрған,

Толтырып сұлу жамалын нұрға.

Сол сәтте мендік мөлдіреп тұнған,

Толып кетеді жанарым жырға.

 

Кешемін нұрлы сезімнің көлін,

Ақылдың асқақ бекіністері.

Талдыра берді төзімнің белін,

Өткен күндердің өкініштері.

 

Өкпем де көп-ақ өмір болғасын,

Қатып та қалған қорғасындайын.

Тірліктің сүйреп темір арбасын,

Тимеді жерге жанбасым дәйім.

 

Солай да солай түн құшағында,

Жағады шырақ білтелі жүрек.

Елітіп етке сырлы сарынға,

Төгеді сосын жыр толы тілек.

 

Бұл шақта тілек кері қайтарылмайды,

Биікке шығар дұғамен басым.

Сұраймын сабыр айтарым жайлы,

Тілімнен табар күнә болмасын.

 

Басымды солай сәждеге қойдым,

Тағзым төрі түннің қойнауы.

Силаған сансыз сәулелі ойды,

Түн емес маған мұңның майданы.

 

О, жарық түнім жанарың сұлу,

Басымды байлап баураған жанды.

Менің де бүгін қаламым сұлу,

Жырлаған сүйіп бар ғаламдарды.

 

Пенденің барлық жүрегі жерік,

Мейірім сұлу жұпары жердің.

Жылытшы мені үнемі келіп,

Келмейді мұңмен тұтанып өлгім.

 

Теңіздей толқыр тынысым терең,

Салмағы басса қараңғылықтың.

Зулаған өмір, уысымда өлең,

Келеді сенің жағаңды жыртқым.

 

Түн өзі-кітап, тарауларынан,

Биіктіктердің бақшасы аңқыған.

Оқитын жүрек алауларынан,

Ақындық деген патша салтынан.

 

Түн түңлік түріп таң атқанда алтын,

Тіршілік біткен қағып дабылын.

Қараңғылықты жаратқан бәлкім,

Білсін деп адам жарық қадірін.

 

Қуат алам да түн сырларынан,

Отырам ояу таң ұясында.

Ескі қайықтай қалғиды жүрек,

Ғұмырдың дархан дәриясында...

 

239 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ҮРКЕР №2

07 Ақпан, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы