• Әдебиет әлемі
  • 30 Қазан, 2019

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ

Тарих әрқашанда болашақ ұрпақты патриот етіп тәрбиелейді. Тарихты жазғанда қай шындыққа сүйеніп жазу керек: бірлікті, абыройды көтеріп, қателік кемшілікті анықтап, оны зерттеп болашақта қайталамайтын жолын көрсетіп тәрбиелеу, я тырнақ астынан кір іздеп «шындық» «шыншыл» тарихшыларымызға еріп азып тозамыз ба. Ол ішкі жауымыз. Олардың мақсаты елді тартыс, бақталас, көкірек, қызғаныш, аш-көздікке, жағымпаздыққа, менменшілдікке, елiктеуге, тасбауырлыққа, жалкаулыққа, намыссыздыққа, арсыздыққа тәрбиелейді. Сана сезімге біз сондай халықпыз деп енгізу, әр адамның ішіндегі сезімді шайқау, сенбеушілік туғызу, ғайыр (бөтен) идеологияға орын дайындау. Мысалы сау адамға қайта-қайта сен аурусың десең оның сана сезімі мыйға бұйрық береді, ал мый адамның денесіне бұйрық етіп, сөйтіп ауру пайда болады. Ол құрт сияқты адамды жей бастайды. Біз көшпелі халықпыз, арнайы жазба дәлелдер жиналмаған, көбісі ауызша, өлеңдер, күй арқылы, атадан балаға беріліп отырған. Біз тарихымызды жазғанда ата-бабаларымыздың өсиетін орындап: «Болар елдің балалары бірін-бірі батыр дейді, болмас елдің балалары бірін бірі қ-н дейді», жаманын жасырып, жақсысын асырып ел болған. Кең байтақ Еуразия даласында көшпелі түрік тілдес тайпалар, рулар тұрақтаған. Ұлы дала халқын қыпшақ деп атаған, (қыпшақ руына қатысы жоқ) бір қолбасшының арқасында бір тудың астына біріге білген. Өз жерлерін қорғап оны кеңейтіп, көрші елдерге жорыққа шығып Ұлы даланың көшпелі империясы болды. Тайпалар арасында қарым-қатынасты «Дала заңы» реттеп, жеті атаға дейін қыз алдырмай, қан тазалығына мән бере білді. «Дала заңы» мезетімен орындалып, оны Еуропа елдері кодекс деп қабылдап, сондай ұлы істің арқасында көшпелі империяның бірлігі де қатал қадағалана білді. Дұшпан мемлекеттер көшпелі империя-ны құлату үшін арасына іріткі салып, бөліп билеу саясатына көшті. Кішкентай хандықтар пайда болып, оның ішінде Қазақ хандығы құрылды: бір тұтас ел үш жүзге бөлініп, оны ел билеу тәсілі деп қарап, әр жүздің билері өз билігін ұстап қалу үшін билігін нығайта бас-тады. Ол еліміздің бірлігіне кесірін тигізіп, сөйтіп мемелекетіміз әлсірей бастады. Тәуке ханның кезінде үш жүзді (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) біріктірем деп ұлы «Дала заңының» рухани және ислам дінінің бірлігінің арқасында үш жүзге ортақ «Пір» сайлады. Үш жүздің, бүкіл қазақтың «Пірі» ел сынағынан өткен кісі бабамыз Қожа Софы Азиз – Мүсірәлі еді. Ол тегін кісі болған жоқ. Мұхаммед пайғамбарымыздың төрт шадияры болған: Абу Бәкір Сыдық, Омар Ибн Хаттаб, Мулла Осман, Хазірет Али. Халиф Омар ибн Хаттаб ұрпағы Абу Баязиттен қазақ жерінде дүниеге келген Ақсақалдыдан тарайды. Ақсақалды деген ат ерекшелігіне қарап қойылған. Ақсақалдының атын керейт руы ұран еткені тарихта бар. Қожа Софы Азиз Мүсірәлі ел аузында қазақтың қожасы, керейт қожа, жеті өлімге жан берген қожа деп аталған. Қазақ халқы ортақ «Пір» сайлағаннан кейін, Тәуке ханның Жеті жарғысы шықты, сөйтіп ел тұтасты. Бөліп, билеу саясатының құрбаны болған Жоңғар мемелекеті, түбінде «Ұлт» ретінде жоқ болып кеткені шындық. Біздің хандарымыз саяси дипломатияны жүргізе білді. Ресей мен Қара қытай империясының ортасында қалса да, халқымызды «Ұлт» ретінде сақтап қалу үшін, айдаһардың аузына кіріп көп халықтың арасында жоқ болғанша, Ресей империясымен одақ құрды. Ресей империясы біздің қазақтарды Ұлы дала империясының ұрпақтары екенін ұмытпай болашақта бас көтертпей, тізеге қойып ұстағысы келіп, отаршылық саясатқа көшті. Хандығымызды құртты, сонымен бірге мемлекетімізді, жерімізді қаламмен сызып, қайшымен қиды, болыстарға бөлді, шекарамызды тарылтты. Ол қазақтың «жүзіне» тиген жоқ, оны бөліп билеуге керек деп қалдырды. Негізіндегі тарихи шекарамыз қандастарымыз тұрақтаған жерлері. Патша үкіметі құлағанда, оның орнына Кеңес Үкіметі орнап, отаршылық саясат әрі қарай терең жалғасты. Тарихта әр билік өз идеологиясын орнатады, сол үшін жергілікті идеологияны құртады. Дарвин оқуы кең тарап, құдайсыз заманға бет бұрдық. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз бұрынғы заманның қалдығы болып, жерлестікпен, румен күрес басталып та кеткен еді. Төре руын ханның тұқымдары деп, дінді апиын деп, оны таратушы қожа молдаларды да халық жауы іспетті көрсету етек ала бастады. Ұлы Отан соғысында біздің қазақтар өз ерлігін көрсетіп, Ұлы дала халқының ұрпақтары екенін дәлелдеді. Ең сорақасы, кейбір батырларымызды көрші елдер ұлтын өзгертіп, өз батырымыз деп жариялады. Ағайын туыстары, жұбайы қазақ екенін дәлелдеп, Кеңес одағының батыры «Темір генерал» Сабыр Рахимов еліне қайтарылды. Сөйтіп, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, жерлестеріміз Ұлы дала батырларының санын көбейтті. Ұрпақ бойындағы отансүйгіштік сезімін қозғау үшін ұлттық көркем фильм керек-ақ. Кеңес билігі құлап, оның құрамындағы республикалар тәуелсіздік алды. Қазақ халқы көп ұлтты мемлекеттің темірқазығы. Кеңес үкіметі кезінде ана тілімізден айырылып қала жаздадық. Болашағымызға оның қажеті жоқ деп дәлелдеп, өз ұрпақтарамызды орысша оқытуға тырыстық, орыс тілімен болашағымызды байланыстырғанымыз да шындық еді. Қазақстанда мемлекеттік және ұлтаралық тіл қатар қолданылады. Қазіргі заманның талабына сай, үшінші тілді – ағылшын тілін енгізіп жатырмыз. Нәтижесін уақыт көрсетер. Әтседе темірқазық біреу. Ол – қазақ тілі. Басқа этнос-тар оған тіреу болсын.

Әділбек Әлиев

429 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы