• Руханият
  • 03 Қазан, 2017

МЕН БОЛАШАҚҚА СЕНЕМІН

    Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев біздің еліміздің бейбітшілікті, қауіпсіздікті жақтайтынын әлем елдері алдында айтудан жалыққан емес. Сондай-ақ су, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінде жиі-жиі қозғап келеді.    Әрине, бұның бәрі өсіп-өркендеген болашақ құру жолындағы қажетті құндылық болып табылады. Әсіресе, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» дейтін Қазақстан халқына арнаған Үндеуін оқыған сайын өзім ерекше толғанысты күйге түсемін. «Ұлттық идея деген не? Діл деген не? Рух деген не? Адам деген не? Өмір мәні неде? Тәрбие деген не? Рухани патриоттық тәрбие деген не? Бақыт деген не? Зияткерлік деген не?» деген секілді өмір сүруге қатысты ұғымдар төңірегінде түпсіз терең ой мені жарқын келешек жолында ақылды, жігерлі, бастамашыл, еңбекқор болуымды талап етіп тұрғандай көрінеді. Кішкентай кезімде ата жұрт – Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданына, соның ішінде Қарауыл мен Дегелең тауын төңіректеген Саржал ауылында және нағашы жұртым – Батыс Қазақстанның киелі өлкелерін жаз сайын баруым тіршілік, адам болмысы, өмір мен өлім туралы үнемі ойлануыма әсер етті. Қарапайым адамдардың зерделі әңгімелерін естіп өстім. Тіпті осы күні Елбасы айтып жүрген дүниетанымдық ұғымдарды менің атам мен әжем де түсінікті етіп айтып отыратын-ды. Осыларды бүгінгі күні ақыл таразысына сала келіп, Елбасыда қырық кісінің ақыл-пайымы, көрегендік, құймақұлақтық  қасиеттер бар екеніне имандай сендім. Елбасының рухани тазалығы, өмірлік тәжірибесі, көркем мінезі, ізгі шешімдер қабылдауы мені қайран қалдырумен келеді. Әсіресе ата-дәстүр, тіл мен ділдік заңдылықтарымызға заман талабына сай қарау идеясы көңілге қонымды-ақ. Кез келген қоғамның жағдайы ең алдымен оның азаматтарының қадір-қасиетіне, біліміне байланысты екені анық. Қабілетсіз адамдардан тұратын қоғам ешуақытта үлкен табысқа ие бола алмайды. Мен үнемі Жапония, Норвегия, Голландия, Оңтүстік Корея елдерінің экономикасына, ұдайы жаңартыла беретін технологияларына, адамдарының өмір жасы ұзақтығына, адамдарының өмір жасы ұзақтығына, сапасына қатты қызығамын. Біздің елімізде той жасау, бос отырыс, түкке тұрмайтын ұсақ-түйекті, өсек-аяңды қозғап бас қосатын жиындар көп. Сондайда алтын уақыттың босқа өліп жатқанына қынжыламын. Бұл орайда да Елбасымыздың интеллектуалдық элита қалыптастыру жөніндегі зерделі пайымдаулары жетерлік. Алдағы уақытта әр адам ең алдымен өзін-өзі сыйлауды, ысырапшылдыққа жол бермеуді үйренсе құба-құп. Әр істің нағыз шебері бола білетін кәсіби мамандарды көптеп тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Ұлтжанды Алаш тұлғаларының тектілігі, рухани деңгейі, білім-білігі, қажыр-қайраты, елге, жерге деген жанашырлығы ана сүтімен, ата қанымен бойына сіңген Елбасының әрбір сөзін әрқайсымыз басшылыққа алып, еңбек етсек ұлт қорғаны болар едік-ау. Ал, адам капиталының сапасы артса еліміз өсіп өркендегені кәміл. Нұрлан ҚҰМАР    

353 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы