• Білім-ғылым
  • 23 Шілде, 2013

Сайт серпіні

«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еліміздің ақпарат кеңістігінде талмай қызмет етіп келе жатқан ірі медиахолдингтердің қатарында. Серіктестік құрамына «Ана тілі», «Экономика», «Уйғур авази» газеттері және «Ақиқат», «Үркер», «Мысль» журналдары кіреді.  Талай жылдардан бері бұл басылымдар  республикамыздың барлық аймақтарына кеңінен таралады, қазіргі кезеңнің көкейкесті мәселелерін тілге тиек етіп келеді. Оқырмандарымен тығыз байланыс орнатқан.  «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты басылымдар  тілшілерінің қаламы қарымды. Олар БАҚ саласындағы түрлі байқаулардың жеңімпаздары. Еңбегі мемлекет тарапынан да бағаланып, оқырмандардың зор алғысына бөленіп  жүр. Редакцияға үздіксіз келіп түсетін хаттар легі  мен интернет сайтындағы оқырмандардың оң  пікірі осыған дәлел.

Қазіргі таңда қандай да бір басылымды интернетсіз елестету мүмкін емес. Міне, «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де 2010 жылдың 1 қаңтарынан  www.kazgazeta.kz   сайтын құрды. Ал 2011 жылдың 1 қаңтарынан серіктестікке қарайтын басылымдар өз алдына жеке-жеке сайт болып ашылды. 2013 жылдан бастап,  «Қазақ газеттері» басылымдары сайттарының дизайны жаңартылып, өз оқырмандарымен түрлендірілген, жаңа форматта қауышты. Сайтқа бір күнде мыңдаған ғаламтор қолданушылары  кіреді. Ғаламтор желісі  арқылы кез-келген оқырман тілшілермен пікір алмасып, басылым бетінен жарық көрген мақаланы сайт бетінен де оқи алады әрі пікірін қалдыруға да мүмкіндігі бар. Оқырман белгілі бір себеппен газетті оқи алмаған жағдайда     басылымның өзіне қажетті санын сайттан еш қиындықсыз таба алады. Ол үшін басылымның сайттағы мұрағатына кірсе болғаны.

    Оқырман «Қазақ газеттерінің» барлық басылымдарының сайттағы  мақалаларын оқырман латын қарпінде де оқи алады.  Жақында әр басылым редакторларының жеке блогы ашылады. Бұған қоса, интернет-конференциялар, сұхбаттар өткізу де жүзеге аспақ. Яғни сайт үнемі жаңартылуда, жаңа жобалармен толығуда. 

       Енді «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты басылымдардың сайттарына жеке-жеке тоқталсақ. Оқырман қауымға түсінікті болу үшін, басылымдардың интернет желісіндегі мекен-жайын көрсету жөн болар. «Қазақ газеттері» ЖШС-ның сайтын табу үшін интернетке кіріп,  www.kazgazeta.kz  деп тересіз. Серіктестіктің  сайты сол мезетте компьютер экранына шығады.  Сайтта серіктестіктің атқарып жатқан жұмыстарымен, жаңалықтарымен, оған кіретін басылымдардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысасыз. Одан кейін «Қазақ газеттеріне» қарасты басылымдардың ішінен қалағанын таңдап, түртіп жіберсеңіз «Қазақ газеттері» сайты арқылы өзіңізге керекті газет не журналдың сайтын ашасыз. Немесе басылым сайтына оның  атауын көрсету арқылы да кіре аласыз.

     «Ана тілі» газетінің сайтына кіру үшін   www.anatili.kz  деп тересіз. Ұлт газетінің сайтынан еліміздің әдеби, мәдени, саяси өмірінен хабардар боласыз. Сондай-ақ көкейіңізде жүрген өзекті мәселелердің шешімін  сүйікті басылымыңызбен бірге іздей аласыз. Пікіріңізді қалдырсаңыз, тіпті жақсы. Газеттің сайттағы басты бетінен күн сайын жаңартылып отыратын ақпараттар ағынымен де танысуға мүмкіндігіңіз бар. 

      «Экономика» апталығы, негізінен, қазақ тілінде шығады, ара тұра орысша материалдар да жарияланады. Басылымның интернеттегі мекен-жайы www.economkaz.kz  Сайттағы басты бөлімдерден саясат, экология, қаржы және инвестиция саласындағы мақалалармен танысасыз.

       www.uyguravazi.kz  деп терсеңіз, еліміздегі ұйғыр халқы сүйіп оқитын «Ұйғур авази» газетінің сайты ашылады. Қоғамдық-саяси «Уйғур авази» (Ұйғыр дауысы») газеті 1957 жылдан бері жарыққа шығып келеді. Басылым Қазақстандағы халықтар достығын насихаттаумен қатар, оқырмандарын экономика, мәдениет саласындағы жетістіктерден хабардар етеді.  Өзіңізге керекті мақаланы оқу үшін сайттағы айдардың  атауын басасыз.

       Тоқсан жылдан астам  тарихы бар «Ақиқат» журналы  еліміздің қоғамдық-саяси басылымдарының  көшін бастап келе жатқан бірегей басылым. Оқырман қауымның қошеметіне бөленген журнал «Ең үздік қоғамдық-саяси басылым» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған. Журналдың интернеттегі www.akikatkaz.kz сайтына кіріп, мәдениет, әдебиет, саясат, тарих, ғылым, дін мәселелерін қамтитын өзекті мақалаларды оқи аласыз.

       Орыс тіліндегі «Мысль» қоғамдық-саяси журналы орыс тілді оқырман қауымға кеңінен таныс.  Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттап, өзекті тақырыптарды қамтитын  мақалаларды жариялап келе жатқан басылымның БАҚ кеңістігінде өзіндік орны бар. Журналдың ғаламтордағы мекен жайы www.mysl.kz. Өзіңізге қажет ақпаратты басылымның сайттағы айдарын шертсеңіз, табасыз.

     «Үркер» журналы алғаш 2008 жылы оқырманға жол тартты. Жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси басылымы қазір жас оқырмандардың жоғары сұранысына ие. Жас қаламгерлердің туындыларын насихаттайтын журнал, жастар шығармашылығының дамуына өзіндік септігін тигізуде. «Үркер-Үміт» бәйгесі соның бір айғағы. www.urker.kazgazeta.kz мәтінін теріп, журнал сайтына кіресіз. Бүгінде басылымның сайтына мыңдаған жас оқырмандар пікір жазуда.

        Алға қойылған мақсаттар  аз емес. Алар асулар да алда. Құрметті оқырман, қандай да бір пікіріңіз, ұсынысыңыз, немесе сауалыңыз болса, редакциямызға хабарласыңыз, я болмаса интернет желісін пайдаланып, «Қазақ газеттерінің» сайтына  «бас сұғыңыз». Сіз бен Біз болып, осы кезге дейін қалыптасқан тығыз байланыс одан әрі жалғасады деген үмітіміз зор.                                

       Бұдан былай газет-журнал мүмкіндігінің ретіне қарай көлемді мақалалар сайтқа орналастырылатын болады. Демек, мақаланың газеттік нұсқаға сыймаған бөлігін сайттан табасыз.

      Ендеше «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты басылымдардың сайттарына қош келдіңіздер! Орта толсын, ағайын!..

 

 «Қазақ газеттері»  ЖШС-ның веб-сайттар қызметі. 

 

405 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы