• Қоғам
  • 27 Маусым, 2013

Қазіргі Төлегендердің таңдауы...

Қыз балаға айтарымыз: бос күйеу тапқанына емес, дос күйеу тапқанына қуануы керек, жігіттер кинотеатрға бірге баратын жолсерік қана емес, өмірлік жан серік тапса ғана бақытты.  Осылай жұптасып зайыптылық өмірдің алтын босағасын аттаған,  достық пен махаббатты берік  ұстаған біркелкі отбасыны ғана көрші ұнатады, қоғам құптайды емес пе? Ер жігіттің қыздың бойынан іздейтін қасиеті: жан сұлулығымен тән сұлулығының жарасымдылығы, ұясынан ілген ізеттілігі, ар-ұяты...
Қыз Жібекпен Төлегеннің тұсында Ақбозатынан иесін сұраса,  қазіргілердің қыздары иесінен Ақбозатын сұрайтын сияқты. Менің қағаз бен қалам ұстауыма себепші болған осы мәселе. Мені таңғалдыратыны аруларымыздың бақытты байлықпен бағалайтындығы, қалталыларды жағалайтындығы. Құрметті оқырман, бүкіл қазақ қыздарына топырақ шашқаным емес, ақиқатына келгенде арамызда арзан арманның жетегінде кетіп, келеңсіз жайттарға ұшырап жататындары аз емесі анық.Жаһандану аждаһасы алаш даласына келгелі  «mail.ru», «BKонтакте»желілеріне жіпсіз байланған жастарымыз танысып – білісіп үйлену тойына бес күн  қалғанда көрісіп екі жақ той үстінде танысатын сәттерді аз кездестіріп жатқанымыз жоқ. Мұндай жағдайлардың соңы жақсылыққа апара бермейтіні белгілі.  Сонау мың шақырымнан ғаламтордың  ар жағында отырып жылтыраған бейнесіменен, жазуының үйлесіміменен  бір- бірінің  жүрегін жаулап  алатын қыздар мен жігіттер жетерлік.  Міне, мына қызықты қараңыз,  бірде менде ғаламтор арқылы араласатын достар пайда болып тіркеліп, өз атымнан пошта аштым, сөйтіп контактімнің қатарындағы  қыздардың фото әлеміне үңілсем  80%  пайызының фото әлемі діни суреттерге тұнып тұр. Әңгімесі суретіне сай келмейтінін байқайсың.  Оның себебі қазір қай жігіттен сұрай қалсаң да келешекте отау құратын құсының намазхан,  иман жүзді, болғанын қалайды. Кейбір қыздарымыз Төлегендердің көзіне ілігудің тиімді тәсілін тапқандай. Қыз бала шынайы бейнесімен, табиғи түрімен ғана әдемі. Жасанды бетпердемен берекеге кенеле алмайтындары ақиқат.  Сөзімнің соңын  Бальзактың келелі кеңесімен түйіндейін: «Кімнің жаны  тән ләззәтімен қоса рухани ләззәт алуға ұмтылса, тек соны ғана адам деп бағалаймын» .
М.Атайбеков
 

404 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы