• Руханият
  • 17 Маусым, 2013

Оқырман жылы қабылдады

«Үркер» журналының бас редакторы Қ.Түменбай 2013 жылдың 29 мамыры мен 3 маусымы аралығында Павлодар облысында іссапарда болып қайтты. Мақсат – журналды насихаттау, жұртшылық өкілдерімен жүздесу.

Облыс әкімі Ерлан Арын мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректорының атына жылы сезімге толы хат жазып апарып, өз қолдарына табыс еттім. «Үркер» журналының 5 жасқа толып жатқандығын, ел өміріндегі – жастар тәрбиесіндегі орнын тереңнен толғап әңгімеледік. Сөз бен іс бір жерден шығып жатса ғой, шіркін!

Келесі күні облыс драма театрында батыр баба, сал-сері Иманжүсіптің 150 жылдығына арналған ғылыми-теориялық құрылтай өтті. Облыс әкімі Е.Арынның өзі жүргізіп отырды. Маған да сөз кезегі тиді. Иманжүсіптің жерлесі әрі әдебиет өкілі ретінде өз сөзімді айттым. «Жас дәурен, гүлжазира, қайран жазым!» айдарымен Иманжүсіптің әнін және батыр туралы «Қайтқанда» атты новелла жариялап, бірнеше данасын ала барғанмын, соларды көпшілік жақсы қабылдады. 1930 жылы Сыр бойынан Арқаға қайтып келе жатқан батыр Таразда ұсталып, 1931 жылы патша жендеттері оққа байлайды. Новеллада ер-азаматты ешкімнің іздемегені айтылады. Ол  біреуді біреу сеніп іздемейтін сондай заман еді ғой.

Төлен Әбдік, Серік Тұрғынбек секілді көзкөргендермен ұшырасып, арқа-жарқа боп қалдық. Батыр немересі – университет профессоры Раушан Иманжүсіпова болашақта болатын экспедицияға қаламгер ретінде мүше боп енуімді қалады. Мен қарсы еместігімді білдірдім. Күздегі  баспасөзге жазылу науқанына да бірге шығайық деген ұсыныс айттым. 

292 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы