• Әдебиет әлемі
  • 25 Қазан, 2011

Құшақсыз ғұмырда жаңбыр өледі...

Мұрат Тоқтарұлы 1984 жылы  Шығыс Түркістанда дүниеге келген. Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің түлегі. Қазақ Топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтында  қызмет істейді. Алғашқы махаббат Мен сені шақырғам, Көктемді көгендеп. Теңізді сапырғам, Сен үшін өлем деп. Тауларды шулатқан Мендегі бөрі түн, Ең алғаш еркімді ұрлатқан, киелі өрісім. Қаһарыма қайнатқам, Дүниені уыстап. Маңдайыңа ай батқан, Кірпігіңмен күн ұстап. Жер бетін өртедім, Бойымнан от ұшып, Сен маған көрші едің, Күн кештім от ішіп. Жылдарды жылаттық, Үнсіздік үшін біз. Келмеске ұзаттық Қыңсылап қысыр күз. Қара бұлт Мен жайлы шешім қабылдағанда, Алматы деген ару қалаңда, Мамырың келіп мамырлағанда, Барқыт түн жерге бауырлағанда, Алтын ай жарып қап-қара бұлтты, Сәулесі тауды сауырлағанда, Жанар тау жаным жалындағанда... Алқынып-алқынып алатау, анау, Қорымдар қатты қорылдағанда, Сайтандар қарық-қарық қарқылдағанба, Сапырлысып сатыр-сұтыр сайын далаңда, Найзағай ойнап ару қалаңда, Түйдекте түйдек қара бұлт келіп, Асығыс-үсігіс ай ұрлағанда, Әй, тәйірай, табиғат мынау, табиғат, Жарықты бізден айырмағанда, Тыныштық сәтке дамылдағанда, Қара түн солай қағынбағанда, Мен сені әбден тарандырар ем, Алматы деген ару қалаңда. Арман Ертек оқып беруші еді түн маған, Ғасырлардың омырауында булаған. Қылыш кірпік кесе салмай қинаған, Сұр жебесін тарта салмай сұр далам.... Күлді елесім көктемінде тулаған, Күрмелесің қызыл тілім құрғаған, Еркіндіктің орамалын бүлғаған, Сурет салып бергендейсіз сіз маған, Буламады мені...сізді бұл ғалам, Қимылына сайтан күннің қираған... Қайран ғұмыр тас қалада улаған. Жер тірліктің терісіне симаған, Ең соңғы бір ізгі адам.... Жасатқанда ол көктемге тың қадам, Мен сізге ешкімнің ойынан тумаған, Жылдарды қайтадан ағызып жылғадан, Сіз жайлы күздерге жыр жазам. *** Жолбарыс жонында сағым күн, Бұлдырап кеткенде. Арпалыс соңында сағындым, Сен маған кектен бе. Көк бөрі үнімен көк еміп, Текестен кеткенде. Сағындым көктемнен көгеріп, Сен маған кектен бе. Пері көктемдер ән салып, Төбемнен көшкенде. Сағындым, о, кімді қарсы алып.... Сен маған кектен бе. *** Езудегі ең әдемі күлкім ең, Кірпігімнен қашатұғын ұйқым ең, Еш уақытта сала алмайтын түн түрен, Таңдайдағы ең шырынды шіркін ең, Маңдайдағы ақ ұлпалы бұлтым ең, Армандағы алаулаған күн-түн ең, Сырлы өмірдің қаймағы боп кілкіген, Өткенімнің ертегідей бір түрі ең, Көктемімнің ең алғашқы бөртігі ең, Жұрегімнің ең алғашқы бүлкілі ең, Түн елінің өте шығып сыртымен, Сүйгем сені періштелер жұртымен. Гүлмира О, Гүлимра, мида мың... Таң тілінен тамып түскен тап-таза, Шыққа шындық силадым, Жердің жүзі жасқана. О, Гүлмира от кеудем, Лапылдаған көшесінен Гогольдің, Көретінді көре-көре көктемнен, Құшағымда құшырланар өлең күн. О, Гүлмира гүл көктем, Аңыздардың ауылына қондырып, Ертектердің ерінінен үрлеткен, Миымдағы мол қызық. О, Гүлмира күн-айлы, Шым-шымдатып шындығымды шырайлы, Әлемдерге айтар едім құдайлы, Маған сол қыз ұнайды. О, Гүлмира Гүлмира, Гүл есімің бой көтеріп еңселі, Аңыз қылып айта-айта ылғида, Сағынумен күн кешермін мен сені... Сағыныш Күндер қағып күміс қанатын, Айлардың жүзі албырап Шыңдағы шыққа сіңіп барасың, Сағыныштарың сән құрап. Сәуірдің бұлтын сауғым келеді, Алатау сені аралап. Құшақсыз ғұмырда жаңбыр өледі, Сағыныштарды сабалап. Желсіз түндерім жетімсіреді, Тобылғы ойдың тоғжаны жоқтан. Ертерек еміп екінті нені, Толғатты мәңгі тордағы бақтан. Сайратқан сансыз қиял құсымды, Сарыны қайда шапақ таңдардың. Ең соңғы шарап мұнарда ішілді, Сағынышы үшін шатасқандардың. Қайран шынар Қайдасың қайран шынар, Ақ жүзің айдан шығар... Тағдырға байлам шыдар, Аңсаған, арман шынар. Күз сәлем беріп өтті, Сен берген орамалды ап. Сағыныш серік етті, Көктемді жорамалдап. Қайдасың қайран шынар, Ақ таң боп алдан шығар. Әнім боп ардан тұрар, Ақ самал барған шығар. Сағыныш сар белің де, Күтумен талған шығар... Пәниім қай жерің де, Ол күліп алдан шығар... (Қайдасың қайран шынар)... *** Таң қайда тамсанатын , Өзің боп ән салатын. Ерніңнен ертек іздеп, Кеудемнен жәй соғатын. Тарқатқан таңдар бұрым, Қайран сол арман жырым, Шөлдерде ақ жаңбырым, Кеудемде толған мұңым. Күз қанат сілкігенде, Кісінеп жылқы кеуде, Сағынсам түн тілем бе, Табылсаң шіркін емге.

493 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы