- Қоғам
- 28 Қыркүйек, 2023
БӘРІНЕ ӨЗІҢ ЖАУАПТЫСЫҢ!
ҚҰНДЫ АДАМНЫҢ 7 БЕЛГІСІ...
1. Сен бұл әлемге не үшін келгеніңді білесің, сондықтан өмірден не қалайтыныңды білесің және қолыңнан келгеннің бәрін жасауға тырысасың...
Сенде мақсат бар, бірақ босқа өткізетін уақыт жоқ...
2. Өз құндылығыңа сен ешқашан қауіп төндірмейсің...
Жеке мүддеге емес, құндылықтарыңа негізделген әрекеттер мен ойларды үнемі таңдайсың...
Сенде мызғымас қасиеттер бар...
3. Сен ешкімді төмен немесе жоғары деп санамайсың...
Біз бәріміз ерекшеміз, әр адамда қандай бір ерекше нәрсе бар екеніне сенесің...
4. Сен ешқашан біреуден өзіңнің өміріңде болуын сұрамайсың және оны мәжбүрлемейсің...
Сен жай ғана шақырасың, қалу немесе кету олардың проблемасы...
5. Сенде таза шекаралар мен стандарттар бар...
Қорлауға, ақымақтыққа, шектен шығуға сен ешқашан жол бермейсің...
6. Бақытты болу үшін саған әлдебіреудің немесе қандайбір нәрсенің кепілдігі қажет емес...
Өзіңе және өзіңде бар нәрсеге ризасың...
Өз құндылығыңды көрсету үшін сен ешқашан тырыспайсың...
7. Өзіңе қалай қатынасуды тілегеніңдей, өзің де бәріне құрметпен қарайсың...
Қорытындылап айтсақ, адамдардың арасындағы негізгі айырмашылық олардың өздеріне белгілейтін стандарттарында деуге болады...
ӨЗІҢЕ РАЗЫ БОЛ...
Біз өзімізді артық ынталандырып, артық жігерлендіріп отыруға тиіспіз...
Ішкі әлеміңнің жарқыраған эмоционалды күшін ешқашан кем бағалама...
Адамдар сенің жетістіктеріңді көтермелейді және бағалайды деп елестет...
Біз алдағы жолымызға тым көп көңіл бөлеміз де, артымызда қандай жолды басып өтіп, бүгінгі деңгейге келгенімізді ұмытып кетеміз...
Қалай жетілгенің туралы ойлан, не істегенді еске түсір, қандай жақсы істер жасап, қандай шешімдер қабылдау арқылы бүгінгі күнге жеткеніңді еске ал, өзіңді жақсы сезініп, өзіңді мақтан тұт...
Сен үшін ешкім қол шапалақтамаса, табанды болу қиын...
Осы кезде сен өзіңе қол шапалқта...
Сен үнемі өзіңнің ең адал, ең үлкен жанкүйерің болуың керек...
***
Өміріңді толығымен өзгерту үшін саған бір ғана адам қажет...
Саған ақиқат айтып, махаббат туралы сөйлесетін жалғыз адам...
Саған сенетін, сені бағыттайтын бір адам...
Сені ең биік шыңға жеткізетін сол адам...
Сенің ақыл-ойыңды, ағза-денеңді, албырт жүрегіңді көтеретін сол адам...
Сенің арман-тілектерің шындыққа айналып жатқанына шын жүректен сенетін сол адам...
Сол адам...
Сол адам СЕН – ӨЗІҢ болуың керек...
Сен өзіңнің біртұтас екеніңді білетін кезде ғана сенің күш-қуатыңның бастауы жарыққа ағылып шығатыны есіңде болсын...
***
Өзіңді басқалармен салыстырып, олар жүрген жолмен жүрсең, сен үшін басқалар шешім қабылдап жатыр деген сөз.
Басқалардың жолы басқалардың мақсаттарына бағытталған, бірақ сенікі емес.
Сенің шешім қабылдауың мен таңдауың сенің мақсаттарыңа негізделуі керек.
Басқалардан артық, ерекше болу үшін емес, өзің үшін мағыналы, басқалар үшін дұрыс болуға көшкен кезде сен теңдесі жоқ, қайталанбайтын тұлға бола аласың.
***
Адам өз өмірінен нені жасырып, нені бағалап, нені қастерлейтіні тек сол адамның өзіне байланысты.
Құпия дегеніміз қайткенде басқалардың назарын аударатын маңызды, немесе айтуға болмайтын зұлымдық болуы қажет емес. Құпия деген сенің не нәрсені бағалайтыныңа байланысты болады. Жақсы көретін, қастерлейтін кез келген нәрсең сенің басқаларға айтпайтын құпияларың болуы мүмкін.
Жалпы, құпияны адамның өзі жасайтыны болмаса, ол бір сондай ерекше нәрсе емес. Жасыра алатын болсаң, оның жақсы немесе жаман екендігі маңызды емес, мұның бәрі сен үшін құпия.
Олай етпесең, сен басқалардың құрбаны боласың. Соңынан өкіну-өкінбеу сенің мәселең.
Ашық-шашық, ақжарма-ақкөңіл, алаңғасар-аңғал деген желеумен өзінің сүйіп, қастерлеп, бағалайтынының бәрін жоқ қылып, жойып жіберетіндер өкінішті-ақ...
***
Қайғы-мұң деп сүйіспеншіліктің жойылуын ғана айтады. Сүйіспеншілік бар жерде оның ыстық жалынына қайғы-мұңның қатқан мұзы еріп, буланып жоқ болады.
Сүйіспеншілік болмаса жүрек мұздаққа айналып, қан қатып, түрің бозарады.
Уайым-қайғы мен сүйіспеншілік бір уақытта бір жүрекке сыймайды. Қайғы – қараңғылық. Махаббат – Жарық.
Сені қараңғылық иеленіп, бетің күңгірт тартып, жаның жанұшырып жалғызсырайтын болса, онда сенде сүйіспеншіліктің ыстық жалыны жетіспей жүр деген сөз. Сүйіспеншіліктің жоқтығынан қайғы-мұңның қою қараңғылығы жүрегіңе сіңіп, жаулап алған.
Жүрегіңе үнемі сүйіспеншілікті тиеп жүр. Еш жерде ұмытып кетпе. Ешқашан тас-тама. Сүйіспеншіліктің мейірімді дауысымен ғана жүрек бүлкілдеп, қан қайнайды.
Уайым-қайғының салқыны көңіліңе сыналап кіруіне орын берме.
БАҚЫТ ТУРАЛЫ АСТАРЛЫ ӘҢГІМЕ
Бір күні ағайынды үшеу бірге келе жатып, шұңқырда бұғып отырған бақытқа кез болып қалады.
Ағайындылардың үлкені шұңқырға жақындап барып, Бақыттан ақша сұрапты. Бақыт оны көп ақшалы болдырып, ол қуана-қуана кетіп қалады.
Екіншісі сұлу бойжеткенмен бас құрағысы келетінін айтқанда, арманы дереу орындалып, ол да қуана-қуана өз жолына түсіп кетіп қалады.
Ал ең кішісі шұңқырға қарай еңкейген кезде,
– Сізге не керек, қымбаттым? – деп сұрапты Бақыт.
– Егер саған бір нәрсе қажет нәрсе болса, мен соны істеймін, – депті кішісі.
– Олай болса, мені осы шұңқырдан шығаршы, – депті Бақыт.
Кіші інісі қолын созып, оны шұңқырдан шығарыпты та, өз жолын жалғастырыпты.
Бақыт оған өмір бойы еріп жүрген екен...
МҰҢАЮ ДЕГЕН...
Анда-санда әдейілеп мұңаямын...
Кейде барлығы күліп-ойнап, тырқылдап-жырқылдап жатқан кезде, аздап мұңаю да әдемі.
Жел уілдегенде немесе жаңбыр жеңіл себезгілеген кезде...
Иә, сосын біреуді сағынғанда....
Бірақ сағынғаннан гөрі естеліктерді қопарып, күлкісін, еркелеткен сөздері мен көңілді оқиғалар соншалықты ап-анық болған дәл сол сәтте қалғанын табу!
«Бақыт – бұл қалағанның бәрін алу емес, бар нәрсені бағалау», – деген екен бір ақылды адам.
Бірақ, солардың ортасынан қыстырылып, сопаң етіп шыға келетін жағымсыз, ұятты естеліктер де болады.
Сондықтан өткенді сонау өткеніне қалдырып, оны тереңге мұрағаттап, кілттерін қай бір қараңғы қуысқа жасырып тастай салу дұрыс болады...
АТА-АНАҢ ҚАРТАЙҒАН КЕЗДЕ
Сені өсіргенді сондай махаббат пен мейірім көрсетіп қартайт.
Сені бала кезіңде қалай тыңдаған болса, дәл солай шыдамдылық, қызығушылық арқылы оларды сөйлет, тыңда, қайталана беретін әңгімелерін айтуына рұқсат ет.
Саған сансыз мәрте жеңілгені сияқты, олардың да жеңіске жетуіне мүмкіндік бер.
Саған достарыңмен көңіл көтеруге мүмкіндік бергені сияқты, оларға да көңіл көтеруіне мүмкіндік бер.
Олар немере, шөберелерімен сөйлесуге құмар, өйткені сені солардың жүзінен табады.
Олардың ұзақ уақыт бойы алып жүрген мүліктермен бірге жайлы өмір сүруіне мүмкіндік бер, өйткені өмірінің кейбір қимас бөліктерінен ажырататын болсаң қиналып, азап шегеді.
Сені қаншама қателессең де түзетіп, қолайсыз жағдайға қалдырмағаны сияқты, оларға да қателесуіне мүмкіндік бер.
Қалған аз өмірінің соңғы сәтіне дейін оларға жақсы өмір сыйлап, бақытты ұстауға тырыс.
Сенің жолың басталған кезде олар саған қолын созғаны сияқты, оларға да сен қолыңды соз!..
АДАММЕН СӨЙЛЕСУДЕН ГӨРІ...
Қапалақ қар жапалақтаған қыстың тыныш кештерінің өз әуені болады.
Сан мың қар періштелері көктен билеп түсіп келе жатқандай, сол үнсіз әуенге елітіп, уақытты ұмытып, олармен бірге шалқып билей жөнелгің келердей...
Егер осы тылсым әуен, үнсіз бебеу, тұнық желпілге еріп билеп кетер болсам, бақыттан басы айналған әнімді желге жетектетіп, күллі әлемге шашып жіберетін секілдімін...
Күздің соңында жапырақтарын сілкіп тастап, дірдек қаққан ағаштар қазір ақ тонға оранып қалғиды. Ербиген бұтақтары белгісіз күштен селтең еткенде шалқая қарап тұрған менің бетім мен кеудеме үстіндегі ақ ұнтағы ақтарылып түсті.
Ағаштар қатты тоңып тұрған болар деп ойладым.
Қаншама жылдар бойы қыста өзегіне дейін суыққа ұрынып, көктем жылымығы кіре жібігісі келіп, сазарған сұры аспанға бұтақтарын жайып, жалбарынумен бірде қатып, бірде жібіп, жапырақ жайып, жалаңаш қалып, төрт мезгілдің теперішінде жан бағумен жанталасып күнелтті екен.
Көктемнің алғашқы ала қарғасы ұшып келіп қонақтаған сәттен бастап құрысқан денесін жұмсақ желге сипалатып, анасына еркелеген баладай жаңбыр тамшысына бұлданып, бұлғақтайтын болар...
Жел тараған кезде еркімен тербелетін жапырақ толы бұтақтары ербиіп, қалтырап, бүкірейген кейуананың таяғы секілді андыз-андыз шошаяды...
Сансыз жапырақтарым қайта көктеп, сол желпілдеген желектермен денемді бүркеп, қашан сәнденеді екенмін деген беймағлұм ойдан ләззат алып, көңілін аулайтын болар...
Жанымның жалтақ шырылы қарға оранып, қатып-семген ағаштармен тілдеседі...
Ей, пенделер!
Ағаш пен адамның тағдыры бірдей.
Сен сияқты сәби болдым, уақыт өте келе қартайып, мен де бір кезде тамырымнан үзіліп құлаймын.
Сенің жастық шағың секілді оқтай түзу болған менің денем де жасым ұлғая келе жапырақ жайған бұтақтарымды көтере алмай, еңкейіп бүкірейемін...
Екеуіміз де бұл әлемге тағдырдың бір жазуымен өсіп–өркендеп, құлаймыз деп сыбырлып тұрған секілді...
Сонда мен тоңып қалтыраған ағаштың жыл сайын қаншама жеміс-жидектері көктеп шығатын әрбір бұтағын құшақтап, жылытқым келген еді...
Осы ойдың жылуымен тағы бір түннің үнсіз дыбысын хатқа түсірдім.
Адаммен сөйлесуден гөрі күнмен, аймен, ағашпен, желмен сырласып, қойғым келген сұрақты қойып, естігім келген жауапты естимін.
Кейде маған, адамдардың қасірет-қайғысы, адамдардың өмірі еш маңызды емес тәрізді....
2544 рет
көрсетілді0
пікір