• Қоғам
  • 17 Желтоқсан, 2022

«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА»: ҚУАТТЫ ҚАЙДАН АЛАМЫЗ?

Жаңабек БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Соңғы он-он бес жылдың қарайында әлемде, оның ішінде біздің Қазақстанда да жаңа үрдіс пайда болғаны рас. Жасыл экономика! Әу баста қалаларымызда жүйткіп жүрген жасыл автобустар ғана осы бір «жасыл экономиканың» белгісі сияқты еді, енді жасыл галстук, жасыл костюм-шалбар, жасыл аяқ-киім де осындай моданың ізіне ерген сыңайлы. Қысқасы, «жасыл экономиканың» қыр-сыры көбейіп барады. Ол бір ғана мемлекет, ел ғана емес, тұтас ғаламшарды тұтас шарлап кеткен. Бір елдер қайтарымды энергетиканы күн қуатынан, енді бір елдер үдеп соққан желден, тағы бір елдер тулаған толқыннан, енді бір елдер вулкан мен бұрқ-сарқ етіп қайнаған гейзерлерден алуға ықыласты. Ең бастысы, әлемдегі 200-ден астам мемлекеттердің барлығы да жасыл желекті көбейтіп, ну орманды қорғауға ден қоюда. Яғни, жасыл желекті – орманды сақтау және көбейтуге арналған тәптіштеп әрі ұзақ мерзімді бағдарламаның өзегі ретінде танылып отыр.

Өткен айда көне шаһар – Тараз қаласында «Төрт тонна құм» аталатын айрықша арт-байқауының тұсауы кесілді. Бұл ерекше акцияның басты мақсаты – жалпыхалықтық-ақпараттық «Сексеуілді сақтайық» аясында «Мерке» өңірлік табиғи паркін ашуға арналды. Бұл шараға Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасының тұрақты өкіліндігінің орынбасары (ПРООН) Сухраб Ходжиламатов қатысты.

– Сексеуіл – экожүйенің айрықша маңызды тізбегі болып табылады және түрлі жабайы аңдар мен алуан түрлі құстардың мекен еткен жері, туған Отаны. Осы бір ерекше өсімдік шөлейтті, баябан даланы басып қалуға және топырақты аздыруға айтарлықтай кедергі келтіреді. Ал Қазақстанда 80 пайыздай жер алабы шөл далаға айналуы мүмкін. Ақ сексеуіл мен қара сексеуіл тоғайлары республиканың ормандарының жартысын (48, 90 пайыз) жауып жатыр, яки алты миллионға таяу жерді алып отыр, – деді БҰҰ-ның мәртебелі өкілі.

Жамбыл облысының өкілі Нұржан Нұржігітовтің айтуына қарағанда, облыстағы орман қоры төрт миллион жерді алуда, яки облыстың территорясының 15 пайызы ғана жерұйық жерлер. Орман мен тоғайлар табиғи экожүйесін қорғау үшін сексеуілді тоғайлар мен орманды алқаптарда питомниктерді көбейту керек.

Айта кетерлік жайт, бұл тақырып кездейсоқ алынбаған еді. Топырақтың құнарының азаюы мен шөлейтті жерлердің көбеюі қазір Жамбыл облысында өзекті болып отыр. Өңірде Мойынқұм, Шу, Талас, Сарысу аудандарында кең көлемде құм басып алған жерлер бар. Мемлекетімізде сексеуілді жаппай отауға моратори жарияланған болса да, әзірге сексеуілді тонаушылар азаймай тұр.

«Төрт тонна құм» арт-байқауы экология-лық мәдениет деңгейін көтеруге, сексеуіді қорғауға, осынау аяулы өсімдіктің жойылып кетпеуіне адамдардың қолұшын беруіне үндейді.

Арт-инсталляция Жамбыл облысының шөлді аймақтарынан әкелінген, іргесін 4 тонна құм жапқан үйді бейнеледі. Оның да айтары бар:бір ғана сексеуіл тамыры 4 тонна құмнан қорғай алады.

Айта кетерлігі, топырақ құнарының азайып, шөлейтті даланың көбейіп келе жатқаны Жамбыл облысында ғана емес, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында да өзекті мәселе.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында «Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы ақпарат жоқ. Жер құнары, су ресурстары мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақты шашырап жатыр» деп атап көрсеткен болатын.

Экология мен егін шаруашылығының негізгі қағидасы – қайтарым немесе топырақ құнарлығын арттырудың ғылыми негізі. Биыл ғаламшардағы халықтың саны 8 миллиардқа жетті! Ғалымдардың пайымдауынша, осы жүзжылдықта    адамдар   9 млрд-қа  жетеді.  Осыдан 50-30 жылдар бұрын тыңайтқышқа адамдардың көзқарасы бөлек еді: заһар дедік, зәр дедік. Тыңайтқыштың  пайдасын көрмей келіппіз. Егер диқан өсімдік қалдығымен, гумуспен, минералды органикалық тыңайтқыштармен бірге топыраққа қажетті қоректі сіңіре алғанда ғана құнарлылық сақталады. Осы шаруа тап-тұйнақтай атқарылғанда ғана мол өнімнен дәмеленуге болады. Еліміз бойынша минералды тыңайтқыштарды қолдану көрсеткіші мынандай: бізде бір гектар егістікке 5-6 кило ғана келеді. Ресейде бұл көрсеткіш 45 килоға, Еуропа елдерінде 130 кило, АҚШ-та 170 килоға тең.  Украина мен Канаданың гектар түсімі ерекше.

Биология ғылымының докторы Әбілжан Құсайыновтың айтуынша:

– Фотогипстің тұзды жерлердің суфизикалық қасиетін жақсартатын тамаша  қасиеті бар. Яки, тұзды суларды ұрықтандыру арқылы қоршаған ортаны ластайтын қалдықтарды жоюға болады. Шын мәнінде фотогипс үйінділерінің мәселесі өте күрделі.

Ғалымның айтуына қарағанда, топырақ қасиетін жақсартатын осы тыңайтқышты қолданған кезде картоп өнімділігі 70 пайызға, майлы дақылдардан 50 пайызға, арпа 37 пайызға көп шығады екен.

Таяуда Еуролық Одақтың Сыртқы Істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Жозеп Боррель елімізге ат басын бұрды. Осы ретте Жозеп Боррель мен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы Істер министрі Мұхтар Тілеуберді журналистерге баспасөз жиналысын өткізді.

Оның айтуынша қарағанда, қарым-қатынастарымыздың барлық бағыттар бойынша белсенді дамып келе жатыр. «Бұған Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельдің жақында Қазақстанға жасаған сапары, сондай-ақ Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың және Еуропалық комиссиясы президенті Урсула фон дер Ляйеннің биылғы 7 қарашада Шарх Эль-Шейхте өткен климаттық өзгеру бойынша жаһандық конференцияның әлемдік көшбасшылар саммит (Сор 27) аясында ҚР-ЕО арасында шикізат, аккулмляторлық батерялар мен жасыл сутектің тұрақты кұн тізбектері жөніндегі стратегиялық туралы меморандумға қол қоюы дәлел бола алады», деді М.Тілеуберді.

Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сауда көлемі 42 пайызға ұлғайып, 29,5 млрд долларды құрады. Қазақстанның үкіметі мен ірі еуропалық Svevind компаниясы арасында Маңғыстау облысында «жасыл» сутекті өндіру және тарату орталығын құру жөнінде маңызды қол қойылды. Ауыл шаруашылығын цифрландыру, көлік пен логистика және т.б. салалардағы ынтымақтықты тереңдетуге, «жасыл» экономикаға көшуге, энергия тиімділігін арттыруға назар аударды.

Осы ретте тұрақты шикізат, аккумлятор және жаңартылатын сутекті құн тізбегі бойынша түсіністік мәнін айырып алуға тиіспіз.  Еуропа Қазақстанда аммиак тыңайтқыштарын салуға және сирек металдарды өндіруге қолғабыс беруді міндетіне алды.

Бір сөзбен айтқанда, экономиканы «жасылдандыру» процесі қымбат жоба, бірақ бізге одан өзге жол жоқ.

6166 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №3

14 Сәуір, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жарас Сәрсек

«Үркер» журналының Бас редакторы