• Қоғам
  • 20 Қазан, 2022

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ

Біздің қазақта «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дейтін ғажап нақыл сөз бар.  Жырақта оқу, білім алу, тәжірибе жинау мақсатымен жүрген жастардың отанына деген сағынышы жайлы білген едік.

Бауыржан АҚЫШ,

АҚШ-та жұмыс жасаушы:

Елді аңсаймыз

–  Биыл Нъю-Йорк-те тұрып жатқаныма – 3 жыл. Мұнда әртүрлі жұмыс істеп жүрмін. Бір кездері қоймада жүктерді реттедім. Енді бірде темір кесіп, оны жалғайтын дәнекерлеуші болдым. Осылайша біраз жұмыс атқарып жүрмін. Арасында ағылшын тілі курсына қатыстым. Мұнда жүріп-тұрудың бәрі – ақша.  Бірақ табыс та жаман емес. Дегенмен, ауық-ауық елді аңсаймыз. Туған жерді сағынамыз. Қазақстанның орны айрықша.Болашақта тіл үйреніп, бизнесті игеріп, елге пайда әкелуді мақсат тұтамыз.

 

Естемес ШӘКІРЖАН,

Түркияда білім алушы, PhD докторант:

Атамекенді ардақтайық

– Қазір Анадолы өлкесінде әдебиеттану бойынша докторантурада оқып жүрмін. Оқу, білім, тұратын жай –барлық жағынан қамтылған дей аламыз. Бастысы, ілімге құштар жанға бар жағдай жасалған. Бүгінгі таңда дәм бұйырып, осындамыз. Ара-арасында атамекенді сағынамыз. Оның ішінде Алматының орны бір бөлек. Ойымыз, тілегіміз бен жүрегіміз – қазақ даласында. Бала күнім Қытайда өтті. Сонда тудық, өстік. Мектепті тәмамдап, Түркістанға оқуға түстік. Одан соң елорда университеттерінің бірінде магистр дәрежесін қорғадым. Әлгінде Алматыны текке айтпадым. Міне, дәл сол шаһарда азды-көпті жұмыс істеп те үлгердім. Қарап тұрсам, атамекенге деген құштарлығымыз ешқашан азаймапты. Мына дүниеде қазақтың өз елі барына іштей шүкіршілік етемін. Жалғанда ұлтарақтай жерге жете алмай жүргендер қаншама! Сол себепті, қолдан келгенше ілім-ғылым үйреніп, тәжірибе жинақтау керек.Отанға оралғаннан кейін игергендерімізді іске асыру қажет деп санаймын. Осы жолда әрбіріміз жұмылған жұдырықтай болсақ, алынбайтын асу болмасы анық.

Р.S. Қазақта «Туған жерге туыңды тік» дейтін аталы сөз бар. Қарап тұрсаңыз, таза  шындық. Барлық ойды түйгенде айтарымыз осыған тіреледі. Әлемнің қай түкпірінде болсақ та, қасиетті Отанымызға кәделі іс жасау әркімнің парызы деп білеміз.

Әзірлеген Олжас МҰРАТБЕКҰЛЫ

 

2512 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы