• Руханият
  • 30 Қыркүйек, 2022

АЛТЫНБЕКТІҢ КЕҢІСТІГІ

Марат ТӘЖИН

Осыдан алты жыл бұрын, өткен ғасырдың ең биік немесе жаңа ғасырдын ең төменгі шегінде десе де болады, біз президент Ақаевпен кездеспек болып, Бішкекке бет түзегенбіз. Сол жаздың аптабында екі сағатқа созылған жол бойы Мұқағали Мақатаевтың жарқын да зарлы лирикасымен әдемі өрнектеліп еді. Алтынбек Мұқағалидын өлендерін әліпбиді танығандай жатқа білгенімен қоймай, оны бар жан-тәнімен, болмысымен, жүрегімен ғана емес, ақылмен сезіп, кең даладағы күнді көргендей түсініп, қабылдайтын. Ол өзгеше адам болатын. Кейде, қатты суық, ызғардан кейін аппақ, жылы таң атып, шатырдан аққан тамшылар жылуы күннің өңін аша түседі. Алтынбек те сондай сәттерде жарқырап кететін.

Біз бір-бірімізбен өте тығыз байланысып, серттескен дос болдық деп айта алмаймын. Дастарқан басында да жиі кездесе қоймадық, бір-бірімізбен шешіліп сырласа да қоймадык. Бірак, он жыл бойы күнделікті араласып, жұмыла бір іспен айналысып келдік. Біз бір-бірімізге иық арта білдік.

2004 жылдың қыркүйегінде біз салмақты, ауыр сөйлескен едік. Мен ол таққан сынды қабылдай алмадым, меніңше, оның айтқандары әділетті емес-тін. Содан кейін біз жарты жыл бойы сөйлеспей жүрдік. Ал 2005 жылдың акпанында кездейсоқ Алматыда жолығып қалдық. Сонда біз қандай позицияны ұстансақ та, бір-бірімізге деген сыйластығымызды жоғалтпаймыз деп шештік. Және сол сөзімізде тұрдық. Артынша ол маған бірнеше рет телефон шалып, бір-екі рет қысылтаяң жағдайда өзін қолдағаным үшін алғысын білдірді. Мен де оның қандай жағдайда болса да, сол бір қыстағы әңгімеден бас тартпағанына риза болдым.

2006 жылдың ақпанында қасіретті оқиға орын алды. Сол кеште Алтынбектің мүмкіндігі болса, ол міңдетті түрде менімен хабарласар еді. Менің бұған сенімім зор. Мүмкін, сол кеш басқаша аяқталар ма еді. Бірақ оған мұндай мүмкіндікті бермесе керек.

Ол қашан да жүректі азамат болатын. Зекең – Заманбек Нұрқаділовтің жиені қайтыс болғанда Алтынбек маған хабарласып: «Біз Заманбекке барып келуіміз керек, ол жұмыссыз отыр. Қазір одан бәрі де бас тартуда, ешқайсысы араласқысы келмейді, ол қазір өте киын жағдайда қалып отыр», – деген болатын. Ал ол кезде екеуінің қарым-қатынасы біршама шиеленісіп қалған кезең еді. Бірақ Алтынбектін ер азаматқа тән мұндай қадамға баруы бізге таңсык емес-тін. Өйткені, ол үшін бұл қалыпты жағдай-тын.

1992 жылы президенттің тапсырмасымен ол мені әкімшілікке жұмысқа шақырды. Шынымды айтсам, мен сол кезде мүлде басқа нәрсені жоспарлап отырған едім: батыс елдерінің бірінің университетіне бармақшы болып, Ұлыбританияда тәжірибе алысқан әріптестерімнің бірі бизнеспен айналысуға шақырған. Бірақ  Алтынбек сендіріп, иландыра білетін. «Егер біз бәріміз кетіп қалсак, мұнда кім жұмыс істейді?» дегені есімде. Мемлекеттік сезім деген оның қанында болатын.

Арада біраз жылдар өте ол менің Алматыдағы саяжайыма келіп, өзінің қызметтен кету жөнінде жазған арызын көрсетті. Ол сол кездегі премьермен түсінісе алмады. Мен оның арызын жыртып тастадым. Сол жолы, біз біраз уақыт саяжайда жүріп, әңгімелестік. Мен сонда оның бұдан төрт жыл бұрын айтқан сөздерін еске салдым. Ол күліп: «Мен сонда сені жұмысқа бекер шақырмаған екенмін», – деп еді.

Әрине, мұнын бәрі бюрократиялык кәкүр-шүкір, шын мәніңде, біз екеумізге заман тәлкегінің ең ауыр да қиын жолдарынан бірге өтуге тура келді. Сонда ол өзін абыроймен  ұстай білді, өз арының алдында адал бола білді. Бұл – өте манызды, өйткені, ар алдындағы тазалығын әркім өзі ғана біледі.

Айткандай-ақ, біреу білер, біреу білмес. Ақпарат министрлігі Астанаға алғашқылардын бірі болып келіп, сонда Алтынбек қызметкерлеріне бар жағдайды жасап, жұмыстың бәрін қайтадан бастады. Сол жылдары елдің қаржылық қауқары да мәз емес-тін, Астанада ғимараттар да жетпей жатты. Бірақ ол істің адамы еді. Ол өзін-өзі жарнамалап жатпай у-шусыз-ақ басқарушы міндеттің барлық ауыр есебін шеше алды.

Алтынбек қашан да бір қасиетімен ерекшеленетін. Оның бойында саясаткердің бойынан табыла бермейтін бір ерекшелік бар-тын: ол қандай да бір проблеманы әр тараптан ғана көріп қоймай, оны шешудің бірнеше  жолын тауып жүретін. Алтынбек ойламаған жерден менің көз алдымда саяси тапқырлықты суырып салатын. Бұл – табиғи қасиет, мұны ешқандай біліммен жетілдіре алмайсың. Бұрын осы генетикалық дарындылық жеткілікті болатын. Қазір тиімді саяси қызметке қол жеткізу үшін үнемі интеллектуалды треннинг өткізіп, сабақ алып отыру керек. Алтынбек соңғы жылдары өз бойыңдағы біраз қасиеттерін жетілдіріп, сабақтап отырды, мұны оның сөз сараптауынан, ой толғауынан байқауға болады. Ол табиғи дарындылық пен білім, тәжірибенің бір-бірімен ұштасап, мықты да, терең тұлға кұрайтын өмірдің алтын шағына жетіп қалған  еді.

Адамды жақсы білсең, оның қаншалықты ірі тұлға екенін, құлашын кеңге сілтеп ойлай алар ірілігін көре білмейсің. Алтынбекті білгендердің біразы осындай оптикалық елес-тен шыға алған жоқ. Бұл адамзат баласына тән көзкарастың қарғыс атқан ерекшелігі – жаныңда неше жыл бірге жүрген адамның қадірін оның көзі тайғанда ғана түсініп, біле аласың.

Маған үнемі қарама-қарсы отырған Алтынбектің сол бір ақылды да адал, мығым көзқарасы жетпей жатады...

1295 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы