• Айтарым бар...
  • 02 Наурыз, 2022

Абайдан асқан ақын жоқ!

Батырханқызы Арайлым

 

Абайдан асқан ақын жоқ!

Қанша ақын туылып,
Белдерін бекем буынып.
Абайға жетері жоқ болдау,
Қаншама ақын суынып.

Абайдың асыл сөздері,
Жанып тұрған шырақтай.
Шөл далаға нәр берген,
Сыңғырлаған бұлақтай.

Қазақтың Абай ақыны,
Шындықты жетік қолдаған.
Халық үшін аянбай,
Жанын салып қорғаған.

Ауылым!

Қимаймын, қимай тұрмын, қия алмаймын, 
Ауылымды өскен жерді жиі ойлаймын.
Баға жетпес байлығым"Сүттіқұдық"
Өскеніме қуанам сені көріп.
Табиғатың керемет әсем еді,
Асыр салып бақтарыңда ойнаған.
Жетпейдіғой жердің жеті кереметі,
Көркіңе сенің жайнаған.

1468 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы