• Айтарым бар...
  • 25 Маусым, 2022

РЕФЕРЕНДУМ.

Әсел ӘНУАРБЕК

2022 жылдың  5 маусымы Қазақстанның тарихи хронологиясына енді. Бұл күні күллі Қазақстан елдің басты құжаты – Конституцияға өзгерістер енгізу үшін референдумға қатысқан. Тәуелсіздік тарихында үшінші рет өткізілгелі отырған бұл жолғы реформаның орны ерек, мәні бөлек. Бұл реформа – ел болашағын айқындайтын бастама  болатын.

27 жыл бұрын  өткізілген референдум

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Мемлекет басшысы референдум маңызды дипломатиялық институт екенін айтты.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата заңы 1993 жылы Жоғарғы Кеңесте қабылданды. Негізгі заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Ал 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конс-титуцияны қабылдау үшін бүкілхалықтық референдум өтті. Ата заңды әзірлеуге Жоғарғы Кеңес қатысқан жоқ. Себебі дәл осы кезде бір палаталы орган тарап кеткен еді. Референдумға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 90 пайы-зы қатысыпты. Жаңа заңды 7 млн-нан астам қазақстандық қолдап, дауыс берген. Осылайша, мемлекетіміз президенттік республикаға айналды. Парламент екі палатадан – Сенат пен Мәжілістен құралды. Конституциялық және Арбитраж соттардың жұмысы тоқтап, тек Жоғарғы сот қалды. Жаңашылдықтардың бірі – елімізде вице-президент қызметі жойылады.

Мемлекет басшысының бастамасымен 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдум негізінде Конституцияның 99 бабының 33-і өзгерді. Бұл – Ата заңның үштен бір бөлігі жаңарды деген сөз. Нақтырақ айтсақ, 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарланған еді. 25 сәуірде Конституцияға түзетулер енгізумен айналысып жатқан жұмыс тобы өздері дайындаған өзгертулерді жариялады. Белгілі болғаны, 2 бөлімнің атауы өзгерді. Негізгі өзгерістер мыналар: Президенттің өкілеттігі қысқарады. Парламент пен мәслихаттардың рөлі артады. Мәжіліс депутаттарын сайлаудың мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Конституциялық сот құрылады.

Ата заңда «Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деп нақты жазылды. Елбасы мәртебесі және Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы деген анықтама да алынып тасталды және өлім жазасы жойылды. Ал заңдарды Сенат мақұлдап, Мәжіліс қабылдайды. Президенттің қол қоюына жіберіледі. Егер ол келіспесе кері қайтарады. Бірақ депутаттардың 3-тен 2 бөлігі Президент шешімін қабылдамаса, Мемлекет басшысы сонымен келіседі.

«27 жыл бұрын өткізілген референдумда қазіргі Ата заң қабылданды. Одан кейінгі барлық конституциялық реформа Парламентте мақұлданды. Негізінде, бұл заңды қалыптасқан тәжірибе. Бірақ дамудың жаңа кезеңінде, Жаңа Қазақстанды құру жолында еліміз үшін осындай аса маңызды шешімдерді бүкіл халық болып қабылдауымыз керек. Бұған кәміл сенемін. Сондықтан бүгін мен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым», –деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ел болашағын  айқындаған реформа

Конституциялық реформа – мемлекеті-мізді одан әрі демократияландыру жолындағы маңызды тарихи кезең. Бұл реформалар саяси-әлеуметтік дамуға, экономикалық жаңару мен жаңғыруға үлкен серпін берді. Конституцияның жаңа үлгісімен мемлекетіміз ұзақ жылдар алға қойған үлкен мақсаттарды орындауға қадам басты. Конституциямызға енгізілген демократиялық өзгерістердің негізгі бағыттарын мыналардан көруге болады. Біріншіден, бірқатар билік уәкілетті Парламентке өтті, яғни құзыреттік міндеттер қайта бөлінді.

Конституциялық реформа – еліміздің дамудың жаңа жолын таңдағанының көрінісі. Тарихқа көз жүгіртсек, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі әлемде бар тенденция. Алысқа бармай-ақ көршілес елдерде мұндай саяси процестер жақын жылдарда болған. Сол себепті 27 жылдан кейін өткізілген референдумға үрке қараудың еш жөні жоқ еді. Тиісінше, бұл қадам Конституциямызда айқындалған әр азаматтық конституциялық құқын растап, елдегі өзгерістерді өз таңдауына қалдырды.

Сонымен референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Әрбір азаматымыз дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алды. Конституциялық реформа барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталған. Түзетулер «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түбегейлі көшуді көздеді. Конституциялық реформа биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтті. Үйлесімді және теңгерімді жүйені нығайтты. Мәслихаттардың ықпалын арттырды.

Конституциямыз азаттығымыздың айшықты айғағы екені анық. Сондықтан референдумда дауыс беруді тек маңызды саяси шара ретінде ғана қарамай, әр адам өзінің тағдырына, ұрпағының жарқын болашағы үшін дауыс бергенін сезінді. Ал конституциялық түзетулер жобасы бойынша азаматтардың жаппай дауыс беруі демократиялық қағидаттарды берік ұстанатынымызды білдірді.

«Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, Екінші Республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет. Қазіргі реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту. Мен баршаңызды елдің ертеңі, ұрпақтың келешегі үшін референдумға қатысуға шақырамын!», – деп атап өткен еді Мемлекет басшысы.

Қорыта келгенде, Ел тарихы үшін маңызды шараға күллі халық болып атсалысып, Қазақстанның келешегін берік қалыптастырудың маңызы зор екеніне баршамыз да куәміз

3748 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы