• Білім-ғылым
  • 20 Мамыр, 2022

ҰСТАЗДЫҢ БАСТЫ ЖЕТІСТІГІ – ОҚУШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Биылғы түлектерім, 4а сынып оқушылары өте үздік шәкірттерім. Олар сабақта алғыр, сонымен қатар өнер мен спортқа жақын. Қазір үлкен азамат болған бұрынғы оқушыларым, Әлем чемпионы Закарин Сұңғат және Азия чемпиондары Күшікбаев Алмас, Шынтемірұлы Расул ағаларына ұқсап  республикалық турнирлерде үнемі биіктен көрініп жүрген Адайұлы Әнуар, Тәңірберген Райымбек, Ясин Саналыдан көп үміт күтеміз.

Саналы Ясин ерекше дауысымен «Ұлы дала ұрпағы» байқауының «Вокал» жанры бойынша жүлдегер, ал  Нұрлан Жанайна «Көркем сөз» жанры бойынша 1-орын иеленді.

Жоламан Кәусар би өнерінен республикалық сайыстардың  жеңімпазы.

Жұмабекұлы Ерсұлтан Халықаралық «Атадан-мұра» байқауының  «Көркем сөз» жанры бойынша 2-орын иегері.

Білім сайыстарынан қазіргі кездегі онлайн олимпиадалардан үнемі жоғары ұпай алатын Жұбанова Аяулым,Сабырғалиева Ақниет,Мерген Ерасыл,Асылбек Айша, Ерболат Еңлік тәрізді оқушыларымның болашағына зор  үміт артамын.

Бастауышты бітіргелі отырған әрбір оқушыма тек талмас талап тілеймін.

Гүлзат АБЖЕТОВА,

А.Меңдалыұлы атындағы орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімі

Маңғыстау облысы,

Шетпе кенті.

14348 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы