• Әдебиет әлемі
  • 30 Сәуір, 2022

Астананың көктемі

Астананың көктемі
Сотқар жел мен қыңыр аяз ерткені...
Саған тартқан шығар-ау
Сазарып ап өте шығар қасыңнан 
Бұл қаланың байлары мен бектері. 
Мені санар басқаға 
Бөтен ойдан қаш-сана, 
Қабағыңды аш-сана,
Уай, қазақта мендей ақын көп пе еді?!

Долы боран әндетті, 
Одан ықпай жерге қонған қар да епті...
...Қарғалы, Елек - болды менің несібем,
Дәм-тұз айдап, саған қарай көшіп ем,
Ай, әйтпесе, Ақтөбенің Астанадан несі кем?
Елеусіздеу қалған бір кез Есіл ең...
Дәрежеңді артық етсе Тәңірі етті. 

Боран аға, қоя тұршы бұрқамай,
Әуселеңді бұрын-дағы көргенбіз,
Жел мен-дағы алысқанбыз бірталай.
Соны білмей мына есірік немеңіз 
Жағамнан кеп жұлқады-ай. 
Жүйкесіне тиген-ау
Жүрген қалпым етек-жеңім қымтамай. 

Астананың көктемі –
Маған таңсық емес жел мен бораның
Боран деген – ашуы ғой ағаның,
Жел дегенің – шапалағы даланың,
Бұларыңа үйренген мен баламын... 
Сондықтан да қақпай, сірә, шеткері
Ақ қар емес, ақ самал боп өп мені, –
Астананың көктемі.

2317 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы