• Руханият
  • 30 Сәуір, 2022

ҰСТАЗ

Алматыға алғаш келген кезім. Жұмыс іздеп Желтоқсан 175-ші ғимаратқа бардым. Бір шетінде телеарна, радио. Көне тартқан ғимарат болсада, біршама тарихтың сырларын аңғартуда. Сөйтіп, осы ғимараттың төртінші қабатындағы газет-журналдар редакциясына бас сұқтым. Өз кезегімді күтіп, бірінші басшының  қабылдауында отырғанмын.  Сол кезде, үстінде қара пальтосы, басында қара шапкасы, үлкендеу көзәйнек киген, жасы үлкен кісі кіріп келді. Біраз ентіккен екен. Осылайша, мен отырған диванға жайғасты. Аманхан Әлімханұлы екен. Ақжарқын әңгімесін бастап кетті. Ал менің көзім хатшы қызда. Жас кезінде төртінші қабатқа жылдам көтеріліп, жүгіріп түсе беретінін айтып әзілдеп қояды. осы күні түсінудемін. Әңгіме жалғасты. Хатшы қыз жайына қалды.

Ағамыз ол кездері «Ақиқат» журналының бас редакторы еді. Мені әрдайым қолдап, жазуға үйрете бастады. Әрқашан,  -ұлттық мүдде, ұлттық болмыс пен қастерлі қазақы дүниетанымға жақын болу керектігін айтатын. Кабинетіне бара қалсаңыз, қысылып-қымтырылмай кіретінбіз. Үнемі жылы жүзімен қарсы алатын. Ол кісінің қолдауымен қаламақыға жазып жүрдік. Мақаламызды, қарап, түзетуден ерінбейтін. Өзі қарайды, тексереді. Шебер жаза білудің жолдарын үйрететін. Нағыз педагог-ұстаз дерсіз.

Әр барғанымда, жасында көрген қиыншылығын, бәрінің өтетінін айтып, мотивация беретін. Шіркін! Сондай жақсы адам болатын. Маған үнемі «Олжас мына дүниені жақсы адамдар ұстап тұр. Мен сол жақсы адамдардың жақсылығын көп көрдім» дейтін.

Бірде журналға әзірлеген материалының суреті бермеппін. Шикілеу екен.  Ағаның өзі хабарласып, «соңына шейін қадағаламайсыңдар, материалдарыңа жандарың ашымайды», деп телефоннан біраз айтыңқырады. Дереу суреттін жібердім. Көп өтпей журналға шығыпты. Өзім де редакцияға барып қалдым. Сондағы Аманхан ағаға ризалығымда шек жоқ. Жаспын. Тәжірбием аз. Бүткіл алты Алашқа аты шыққан, ақын ағамаған өткендегі айтқаны уайымдаушылық, маған жан ашу екендігін білдірді.  «Ұлық болсаң – кішік бол» деген сөздің кімге арналғанын іштей түйіп алдым. О кісі де, мәңгілік сапарға аттанып кетті. Көңілде тек жақсы естелігімен сақталды.

Әрбір айтқан ақылы, өсиеті, болашаққа байланысты игі ойлары мәңгі жадымызда.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

2913 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы