- Айтарым бар...
- 14 Желтоқсан, 2021
Адам салар, сала алмас табан ізді

Сүндет СЕЙТОВ
Үміт
Бетперде таққан адамдар емес,
Адамды таққан бетперде.
Вирусты тапқан жамандар емес,
Жақсылар десем, жек көрме!
Пайғамбарлар-ай, қайда жүрсіңдер,
Үмметің бүгін ашқұрсақ.
Жүректер сосын қайда дүрсілдер,
Кеудені көрге лақтырсақ?
Танауым бітеу, тыныс ала алман...
Дегендей: «Құдай көп көрер».
Қабырға ішіне ығыса қалған,
Ығыры шыққан өкпелер.
Адамдар қазір ентігіп жатып,
Шығысқа күнді батырды.
Келер күн деймін, сол күні бақыт,
Алданышым болар ақырғы...
Жалғыз емеспін, көппін деймін де,
Қоршауын бұзып үрейдің.
Төрткүл әлемге, төрт бірдей дінге,
Төрт түрлі бақыт тілеймін...
Осы дүниеде қалғым келеді,
Өмір сүрсем де кембағал.
Құдай қаласа, ауру береді,
Құдай қаласа, ем болар...

Жылама деді ол, мен жүрсем,
Сұрама деді: кесел, мұң.
Көңіл бос шақта, сен білсең,
Мойны бос кетті-ау шешемнің…
Мойны бос кетті-ау, кебінге,
Оралып, маған білдірмей.
Ол тірі деген сенімде,
Тоқтадым басым идірмей.
Мойны бос кетті-ау, әжемнің,
Мойны бос кетті-ау, атамның,
Мойны бос кетті-ау, анамның,
Бәленің бәрі меніңше,
Мойнына түскен жүктен-дүр…
Көңіл бос шақта өткенді,
Еске алдым, доғар, жеткен-ді.
Есіме түсір сұр күзді,
Есіме түсір көктемді!
Атасына мына нәлеттің,
Қайғыны сұлу жар еттім.
Доғаршы, доғар, мінеки,
Табалдырыққа шеге сап,
Жер анама тал ектім.
Аман-сау жүріп кешіңде,
Дұға жасайын бесінде.
Есіме түсірмесең де,
Анамның жоғын ұмыттым,
Анам болғаны есімде…

Тұмсығымменен жер шұқып дегелек құстай,
Жалғыз қалудан шаршаймын, көбелек те ұшпай.
Көзіңді ойып алғым-ақ келеді менің,
Көзіңді құртсам, жүрер ме ебелек шықпай?
(Жемтігін дегелек құстың ажырық жапқан,
Ақымақ құс-ай,
Су ішсең не етті өзеннен жазылып аққан?!
Жемтігің – судың иесі, патша – балығы,
Жаныңның күзі – ағын су, жазы – бұлақтан).
Мені адам құрлы көре алмай әзілдейді ышқым,
Әзілдейді ышқым, ырқымен мәйіндей күштің.
Қазақтың құсы – дегелек құс болса деп ем,
Қазақтың хәлі – дәл менің хәлімдей мүшкіл!
Ғарышта
Күз жұпары аңқыған дала мынау,
Дала мынау, мен қайда қарадым-ау?
Еркесіне хат жазып, қалам алып,
Хат-хабарсыз жабыққан қарамын-ау!..
Сол ерке қыз тұрмысын құрған бәлкім,
Бөксесінен тентек жел ұрған қалпы…
Кім айтады ұрының мекен-жайын,
Жүрегінің кілті ұрланған түн?
Шауқанның жары болған Балқадиша,
Сияқты… түн ортасы салған иша.
Зәк шектім, секілденіп мен де сол күн,
Кірешке шегеленген ардақ Иса.
Батыстан ызғырық жел жетті бөтен,
Ызғардың ызасынан кетті көкем…
Қаңбақтай ұшып-қонып жүрген сұлу,
Жел айдап, қай баурайға кеттің екен?
Естігем осы өлкеде сүргеніңді,
Бұрымдар өзің жоқта түрлі өрілді.
Бәлкім сен мұнда емессің, мен сеземін,
Қазақтың даласында жүргеніңді…
Аға
(Жақсы адам – Сансызбай ағама)
Жан бар ма екен бөгенін бұзып келер,
Мен әйтеуір тұншықпай жүзіп келем.
Сансыз байлық табылар жер бетінен,
Сансыз уақыт табылмас қызық көрер!
Аға, бізді бір адам табыстырды,
Өмір сізді өзгемен алыстырды.
Фәни менен мың құлаш алыс тұрды,
Тағы бізді бір адам табыстырды.
Құдай берсе, береді артық етіп,
Құдай алса, алады қалдық етіп.
Сізді туған анадан айналайын,
Бесігінен ел сыйлар ер түлетіп.
Көрісерміз, күн туса сырды ашатын,
Мен болармын сөзіңе жыр қосатын.
Өмір сүру мүмкін бе, айтыңызшы,
Айналада жан болмай сырласатын?
Көзсіз ерлік жасайды кім өзіңдей,
Кімде жүрек бар екен жүрегіңдей?
Адам - адам болмайды бұ заманда,
Адамдықпен өмірді сүре білмей!
Бұ жалғанда еңбегің қалар ізгі,
Адам салар, сала алмас табан ізді!
Құдай бізге сәт берді сырласатын,
Енді жолықтырсыншы аға, бізді!
Шыназ
Жағасында Бозсудың мал жүретін,
Жазуы сол – жадымның мен білетін.
Бергі бетке өтерде сол өзеннің,
Қимай-қимай кеткенмін арғы бетін!
Ағасында елімнің болды – ағалық,
Анасында жерімнің болды – аналық.
Елім-айлап, жел айдап көшіп өттім,
Жүк арбасын ауылдың жалдап алып.
Отаным-ау, көңілсіз күйге айналған,
Бауырыңа жетелеп, қинайды арман.
Басармысың Шыназым, құшағыңа,
Құшағына қазақтың симай қалған.
Өзеніңді мен әлі кешіп өтем,
Дүнияның шекара шеті ме екен?
Туған елі болғанмен Ержігіттің,
Туған жері болмаса – жетім екен!
Жетім емеспін…
Сағыныш
Көзімді зағипқа беріңдер,
Қолымды батырға беріңдер,
Жолымды ақынға беріңдер,
Жанымды анама беріңдер,
қайта өмір сүрсінші ол!
Терімді кітапқа қаптаңдар,
Қылмыскердің емес,
Ақынның терісі дерсіңдер...
Көзімді - өзіме беріңдер,
Қолымды - өзіме беріңдер,
Жолымды - өзіме беріңдер,
Жанымды қайтармаңдаршы,
Қайта өмір сүрсінші ол...
Көзіммен көрейін соны,
Қолыммен ұстайын соны,
Жолыммен шақырып оны,
Жаныммен сүйейінші мен,
Сағындым...
Қылмыскердің емес,
Ақынның сағынышы дерсіңдер…
Анажан
Қайда қалды мейірім, айтшы, соны?!
Нәр сұраған жанымның қатты шөлі...
Қай ғасырда, қай жылы, қай мезгілде,
Жан-дүнием нұрланар сәт түседі?
Көз жасыңнан шөлдесем, сімірем де,
Сүп-сүйкімді күн кешем бір іреңде.
Сырқатыңнан күні ертең айығасың,
Сен аңсаған шипаның бірі – менде...
Жымыңдаған көздерің мұздан нұрлы,
Көктем – көкшіл келеді, күз – жаңбырлы...
Тағдыр менің өкпеме дақ түсірді,
Тағдыр сенің миыңа із қалдырды...
Дақ пен ізді біз қайтсек жеңе аламыз?
Тар ауада біз қайтсек дем аламыз?
Қай Отанға бет бұрсақ оңаламыз?
Қай Отаннан қай күні ораламыз?!
Жан жарың да анажан, сырқат дейді,
Жеңіл түрін сырқаттың – мұрсат дейді!
Бізге Құдай мәңгілік жанар берсін,
Ұшқан құсқа назар сап тұрсақ мейлі...
Толқып-тасып тынады жан теңізі,
Қолтықтасып тағдырдың мәңгі егізі.
Уайым жоқта ұқсаңыз, Құдай да жоқ,
Уайым бар да, Құдай да бар негізі...
Сабыр...
Дұға
Әкемді алсаң, ал Құдай, шешемді алма,
Шекпен тоқып берсе де өлмеймін ғой.
(Халық айтқан екен)
Бергі беттен анамыз кеткен түні,
Ары жағына көпірдің жеткен күні.
Көкқарғаның суығы кешіккен кез,
Ауылымның жоқтады бес кемпірі.
Өгей қатын болмайды өз анамдай,
Жас парлаған маңдайда көз оңалмай..
Билеу қандай болады көңіл күйсіз,
Қайғы үстінде сімірген боза қандай?..
Әкемді алса, Құдайым не болады?
Анамды алды, ажалдың шоқ орағы.
Өлім жетіп, жалғызым жоғалғанмен,
Түн ішінде өлең боп оралады.
Жамап берген әкемнің бәтеңкесін,
Киіп алсам, қадайды қатер несін.
Шекпен киіп алғанмын қырыққабат,
Шешем мықтап алған ғой әпергесін...
Шешемді алдың, Құдайым, әкемді алма,
Бәтеңкесінен қымбат өтем бар ма?
Шекпеніммен інімді қорғап жүрем,
Тұмсығымен түртпестей бөтен қарға.
Анамның қайда екенін күн айта ма?
Әкемнің жерде екенін түн айта ма?
Әкесін анасы үшін құрбан еткен,
Халықты түзей көрші Құдай Тағала!

3949 рет
көрсетілді28
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Dobllf
03 Мамыр, 2022viagra us - buy sildenafil 150mg online buy viagra 100mg online cheap
Tagaqx
07 Мамыр, 2022cheap prednisolone 20mg - purchase prednisolone without prescription cialis coupons
Ggjgsl
09 Мамыр, 2022buy clavulanate for sale - cialis 5 mg cialis 40mg for sale
Qefdjj
12 Мамыр, 2022bactrim 960mg without prescription - viagra 50mg canada viagra overnight shipping usa
Teukcn
14 Мамыр, 2022order cephalexin pill - order cephalexin 500mg for sale order erythromycin pill
Shyjfz
16 Мамыр, 2022purchase fildena sale - fildena pills ivermectin cream 1
Tjfptg
18 Мамыр, 2022buy rhinocort pill - disulfiram online order antabuse sale
Delbae
19 Мамыр, 2022order cefuroxime 500mg for sale - order cefuroxime sale cialis 10mg cost
Muwszx
21 Мамыр, 2022ampicillin 250mg us - ciprofloxacin online cialis us
Humnfw
23 Мамыр, 2022order amoxicillin generic - buy levitra 20mg generic order levitra sale
Gaxfog
24 Мамыр, 2022buy ivermectin uk - stromectol otc levitra 10mg generic
Oidzlo
26 Мамыр, 2022doxycycline us - generic tadalafil cialis 40mg oral
Dgaexh
28 Мамыр, 2022cialis prices - modafinil for sale provigil price
Auwyqc
29 Мамыр, 2022prednisone 40mg cost - buy ed pills uk buy accutane 40mg pill
Jirzfy
30 Мамыр, 2022order generic amoxicillin 1000mg - sildenafil pills purchase viagra generic
Sweafk
01 Маусым, 2022prednisolone 10mg drug - order sildenafil 150mg cialis viagra sales
Ucoexv
03 Маусым, 2022furosemide over the counter - buy lasix generic ivermectin 12mg otc
Upuqky
06 Маусым, 2022glucophage order online - norvasc over the counter buy norvasc for sale
Ekrwua
07 Маусым, 2022buy lisinopril generic - omeprazole canada order generic tenormin
Hcosme
09 Маусым, 2022cheap levitra 10mg - clomiphene order online clomiphene 50mg us
Vyotqs
10 Маусым, 2022buy ventolin inhalator for sale - buy a research paper online order priligy 30mg
Hevskc
13 Маусым, 2022tadalafil 5mg ca - sildenafil women sildenafil 50mg us
Fwevdg
15 Маусым, 2022cheap prednisone 40mg - isotretinoin 5 mg amoxil 1000mg pill
Ytovbx
19 Маусым, 2022cenforce 50mg drug - buy stromectol 3mg online cheap domperidone online order
Yjutzw
20 Маусым, 2022order sildenafil 100mg sale - cialis over the counter buy cialis 5mg generic
Vvoncq
21 Маусым, 2022buy modafinil 100mg - buy prednisone 20mg online budesonide without prescription
Ogkjzf
23 Маусым, 2022buy accutane generic - amoxicillin without prescription brand tetracycline 500mg
Gffuuc
27 Маусым, 2022clopidogrel medication - clopidogrel 75mg us buy metoclopramide pill