- Мәдениет
- 24 Қыркүйек, 2021
АСПАНҒА ШАПШЫҒАН АРҒЫМАҚ

1954 жылы жазға салым Украинаның астанасы – Киев қаласы ерекше құлпырып сала бердi. Жаймашуақ кездiң жанға жайлы уақыты болатын. Украин халқы өз елiнiң Ресеймен тiзе қосқан 300 жылдығын тойлап жатқан. Оған әлемнiң түкпiр-түкпiрiндегi 65 мемлекеттен қонақ шақырылды. Солардың қатарында достық қарым-қатынасы ертеден басталған Қазақстаннан келген кiсiлер де бар едi.
Киевке Қазақстаннан барлығы оншақты адам келдi. Iшiнде бұлбұл көмей әншiмiз Күләш Байсейiтова, мың бұралған бишiмiз Шара Жиенқұлова бар. Арасындағы ең жасы – Ермек Серкебаев. Ол кездерi саяси қуғын-сүргiн көрiп, Мәскеуде қызмет етiп жүрген Мұхтар Әуезов делегация қатарына жолдан қосылған. Атақты партизан, жүрек жұтқан батыр Қасым Қайсенов бұлардың бәрінен де ертерек барып алған едi.
Қазақ даласынан тойға тарту ретiнде бiр сәйгүлiк алып барған болатын. 300 жылдық мерейтой ресми түрде Киевтiң Орталық стадионында аталып өттi. Сол кездi сағына еске алатын Халық қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов:
– Халық керемет көп жиналды. Украина Үкiметi бiр жақта трибунада отырды. Бiз атты алып келгенде, Мұхаң – Мұхтар Әуезовтiң айтуымен, аттың екi жағынан Күләш пен Шара жетектейтiн болған. Ең алдымен, Мұхаң мен Нұртас Оңдасынов, сосын ат жетектеген екi қызымыз, артынан делегация мүшелерi жүрiп отыратын болды. Аттың ер-тұрманының өзi қымбат, Қостанай малының тұқымы болатын. Атты осылай жетектеп, үкiмет алдына апарып тапсыруымыз керек едi, Күләш пен Шара екi жағынан ұстаған ат жүрмей қойды. Алдыңғы екi аяғын көтерiп, аспанға шапшып тұрып алды, – дейдi.
Қазақ жұрты қашаннан-ақ өзi қадiр тұтар сыйлы қонағына ат мiнгiзiп жатады. Себебi, қазақ үшiн жылқы малы – мүлде бөлек дүние. «Ер қанаты – ат» деп, оны ерекше бөле-жара атаған. Жол азабына қарамай, алты айшылық жердегi сонау Украинаға ат жетектеп баруы да сондықтан едi. Бiрақ, Күләш пен Шараның жетегiне ат жүрмей қойған.
«Адам жылқы тектi» деп қазақ тегiн айтпаған. Қалай болған күнде де, қазақ пен жылқының арасында беймәлiм бiр байланыс бар. Қазақтың қос шынары – Күләш пен Шараның жетегiне жүрмей, ат аспанға шапшығанда, әркiмнiң әрқалай ойлағаны рас. Ал, шындығында, бұл аттың өзiндiк қасиетi бар болатын.
– Төрт түлiк малдың iшiнде жылқы қазаққа ең жақыны болып есептеледi, жанындай жақсы көретiн малдың бiрi. Жылқы деген әрi тамақ, әрi көлiк. Жылқының мiнезi де қызық, өзi қазақпен ортақтасып тұрады. Қазақ тұрған жердiң бәрiнде жылқының Керқұлан дейтiн бiр түрi болды. Ол 1917 жылға дейiн бар болатын, содан кейiн ол құрып кеттi. Анау, Прежевальский жылқысы деп жүргенi сол – Керқұлан. 1917 жылдан кейiн ол тек Жоңғарияда бар-тұғын. Жылқының тағы бiр Тарпаң деген тегi бар едi, оның ең соңғы тұяғы 1864 жылы Украин даласында оққа ұшты. Содан кейiн Тарпаң болған жоқ, – деген болатын бір әңгімесінде этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы.
Әрине, бұл аттың арғы аталарының бiрi осы Украин даласында оққа ұшқанын ешкiм бiлген жоқ. Бiлген күннiң өзiнде, ұлан-асыр той үстiнде ол кiмнiң есiне түсе қойсын. Сыйға алып барған ат ойламаған жерден мiнез көрсеткенде, ел-жұрт шошыңқырап қалды.
Асаулық танытқан арғымақ аспанға шапшығанын қойғанда, төрдегi құрметтi орында отырған маршал Буденный жүгiрiп келiп, атты аялай берген. Қазақстан делегациясын бастап барған Нұртас Оңдасынов халқымыздың рәсiмi бойынша тойға тарту ретiнде әдейi арғымақ әкелгенiн айтты.
– Аттың екi аяғын аспанға көтерiп, мiнез көрсеткенiн көрген жұрт «Аттарың асау ма, немене?» деп сұраған едi. Оған Мұхаңның қалжыңдап: «Ол асау емес, аттың сiздерге сәлем берiп жатқаны» дегенiне жұрт бiраз күлiп алды. Тойға келген Буденный трибунадан жүгiрiп түсiп, қатты қызығып, аттан айырылғысы келмей, қызықтады да жүрдi, – дейдi Қасым Қайсенов.
Марқасқа маршал аттың сырын жақсы бiлсе керек. Сүйрiктей сәйгүлiкке қатты қызыққан. Ол жағына бiр шығып, бұл жағына бiр шығып, әбден ындыны құрыған. Аттың жал-құйрығына алма-кезек көз тастап, тосын тартуға таң-тамаша қалыпты. Арғымақты айналшықтап жүрiп алған.
Атты тани бiлетiндерге дауа жоқ. Олар тұлпары қайсы, мәстегi қайсы – сыртынан қарап-ақ ажырата алады. Қазақ жерiнен жаман аттың келмесiн Буденный да бiлген. Ұлы далада аңызға айналған небiр арғымақтар болғанын, бәлкiм, естiген де болар. Бұрынғы қазақтардың да қайсыбiрi болсын, аттың сыны мен жай-күйiн жетiк бiлуге талпынған. Белгiлi сатирик-ақынымыз марқұм Қажытай Iлиясұлы соның бiрi еді.
– Қазақ жылқының құйрығының өзiн жетi-сегiзге бөледi: қылыш құйрық, сымпыс құйрық, қисық құйрық, ұялы, шұбалаң, шалқұйрық, шолаққұйрық деп келедi. Қазақ үшiн, алдымен, ат, сосын - бап. Екеуi бiр жерден шықса, ол бәйгеден келедi. Пони деген, мәстек деген бiзде болмаған. Жылқыны мен тоғызға бөлемiн, қазақ соның ең тәуiр нұсқасын алып қалған. Алайда, қазаққа бiткен тұлпардың бәрiн сыртқа, Ресейге алып кетiп қалып отырған, содан кейiн өзiмiзге жылқы құтаймаған, – дейтiн Қажытай Iлиясұлы.
Украинаға алып барған ат та осындай тектi тұқымнан болатын. Жетекке жүрмей жұлқынған аттан шошынған жұрт Әуезовтiң тапқырлығына дән риза болады. Ел-жұрттың есiн алған ер-тұрман мен қарасаң көз тоймайтын сұлу сәйгүлiк тамаша тойдың сәнiн кiргiзген. Украин халқы Тарас Шевченконың бiр жұртына айналған Қазақстаннан келген тартуды ерекше ықыласпен қабылдайды.
– Күләш пен Шараның жетегiне ат жүрмей қойғанда, аттың күтушiсi: «Бұл ат әйел адамның артынан ермейтiн едi, басқа кiсiлер жетекке алсын» дедi. Содан не iстеймiз, бiр жағынан мен, бiр жағынан Ермек Серкебаев ұстап едiк, ат жүрiп кеттi, – дедi Халық Қаһарманы, жазушы Қасым Қайсенов.
Шынында, байқап қарап тұрсаң, жылқы да адам сияқты, өзiндiк әртүрлi мiнезi болады. Оның үстiне, той үстiнде тарпаңдық танытқан тұлпар Қазақ даласынан барған емес пе. Күләш пен Шара әйел заты болғасын, жетегiне жүрмей қойған. Тектiлiгiн танытқан.
Әнуарбек Әуелбек,
журналист.

5736 рет
көрсетілді29
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Adqxqm
02 Мамыр, 2022sildenafil 100mg - buy sildenafil 100mg pill buy viagra 50mg for sale
Gkybjb
08 Мамыр, 2022order prednisolone 40mg without prescription - purchase gabapentin online order cialis without prescription
Efzbao
10 Мамыр, 2022augmentin price - buy cialis 20mg generic where to buy cialis
Lscvhk
13 Мамыр, 2022bactrim 960mg tablet - buy sildenafil pills buy sildenafil 100mg online cheap
Pbatqa
15 Мамыр, 2022cost cephalexin 250mg - erythromycin 250mg sale buy erythromycin for sale
Bcmzus
17 Мамыр, 2022fildena online buy - ivermectin 6 mg pills ivermectin 6 mg tablet
Cikuwn
20 Мамыр, 2022buy generic cefuroxime 500mg - purchase cialis for sale cialis 40mg canada
Btuqkm
22 Мамыр, 2022order ampicillin sale - ciprofloxacin price cheap cialis generic
Hvzkjg
24 Мамыр, 2022amoxicillin tablet - zithromax online buy levitra generic
Meokhd
25 Мамыр, 2022ivermectin 80 mg - stromectol cost uk levitra 10mg price
Cvvguz
27 Мамыр, 2022cheap doxycycline 200mg - clomiphene 50mg sale buy cialis online safely
Ftzvyh
28 Мамыр, 2022tadalafil generic name - levitra or cialis buy modafinil 200mg
Mdlycj
30 Мамыр, 2022buy deltasone 10mg for sale - buy deltasone 20mg online order isotretinoin 10mg online
Jnbumy
02 Маусым, 2022cheap generic prednisolone - gabapentin 100mg drug sildenafil 50mg us
Rhsmvv
03 Маусым, 2022lasix over the counter - doxycycline 100mg cost stromectol where to buy
Urwxnr
05 Маусым, 2022order plaquenil 400mg generic - buy plaquenil online cheap brand baricitinib
Edwgvj
07 Маусым, 2022cost glucophage 1000mg - amlodipine 5mg brand cheap norvasc
Iekkre
08 Маусым, 2022lisinopril uk - order metoprolol 100mg pills atenolol 100mg usa
Hanhbf
11 Маусым, 2022ventolin pills - order albuterol online buy dapoxetine sale
Gxvfow
13 Маусым, 2022order synthroid online cheap - hydroxychloroquine without prescription order plaquenil 400mg for sale
Gtfhei
14 Маусым, 2022how much is cialis - buy cialis 10mg pill female viagra
Vlquxz
16 Маусым, 2022prednisone 40mg pill - xenical for sale order amoxil 1000mg without prescription
Ryefxl
17 Маусым, 2022diltiazem price - prednisolone 10mg pills gabapentin canada
Qlerox
18 Маусым, 2022lasix online order - allopurinol 100mg oral doxycycline 200mg without prescription
Vcxfrz
19 Маусым, 2022buy cenforce 50mg pill - order stromectol 6mg for sale domperidone 10mg oral
Ckptvj
22 Маусым, 2022purchase modafinil sale - modafinil 100mg usa purchase rhinocort
Cmfhyb
24 Маусым, 2022isotretinoin 10mg pill - order accutane 10mg sale tetracycline medication
Wwuwen
26 Маусым, 2022buy cyclobenzaprine 15mg generic - buy colchicine pill inderal 10mg tablet
Rjelnc
27 Маусым, 2022generic plavix 75mg - methotrexate 5mg price buy reglan generic