• Руханият
  • 24 Желтоқсан, 2019

Әлемдегі алып көпірді салған қазақ

Пекиндегі Тиян Ан Мин сарайын салған қазақ екенін тарихтан білеміз. Ерте-ерте, ертеде Елқыдыр деген қазақ салған. Қазақты қара-байыр, ғылым-техникамен айналысу қолынан келмейтін ұлт ретінде көрсету, жаншып ұстау сол кездегі басым ұлттардың жымысқы саясаты екеніне көзіміз жетті. Өзімізді-өзіміз бағалап, биіктен бір қыранымыз көрінсе қуана алақайлайтын шақтамыз бүгін. Сондай қуаныштың біреуін қойнымызға сиғыза алмай бір-бірімізден сүйінші сұрап жатырмыз, себебі біреу: Елқыдырдың бір ұрпағы араға бәлен ғасыр салып көгімізде жарқ етті! Ол дүниедегі ең алып, ең төзімді су бетіне көпір салған – Өрлеуқан Қисаұлы. Гонконг-Джухай-Макао көпірі Гонконт қаласын теңіз арқылы екі ірі қала – Жухай мен Макао арасын тұтастырған дүниедегі ең ірі көпір. Бұл көпірдің құрылысы 2009 жылы 15- желтоқсанда басталып, 2017 жылы шілдеде Гонконг-Жухай бөлігі, 2018 жылы 6-ақпанда Гонконг-Макао бөлігінің құрылысы аяқталып, сол жылы 28-қыркүйекте Гонконг-Жухай-Макао үш бөлігі толықтай тұтастырылды. Тоғыз жылда салынып біткен көпірдің құрылысына 20 миллиярд доллар қаржы жұмсалған. Көпірдің салмағы 500 мың тонна. 2018 жылы 23-қазанда алып көпірдің ашылу салтанаты Гуаң Дұң қаласында өтті.Қытай басшысы Си Цзиньпин көпірдің қолданысқа берілгенін жариялады. Ертесінен бастап қатынаған көліктер не бәрі 45 минутта үш қаланы басып өтті. Көпірдің ұзындығы 55 шақырым болып, шыдамдылық мерзімі 120 жыл. Көпір құрылысын іске асырар алдында оның сілкініске қарсылық қуаты басты назарға алынып, қатаң талап қойылды. Осы қатаң да жауапты міндетті өз міндетіне алған, көпірдің сілкініске қарсы тұру, сілкіністі жеңілдету, сілкіністі үзу шарасын жобалаған қандасымыз Өрлеуқан Қисаұлы зілзаланы жеңілдету және тосу шарасын сәтті ойлап шықты және қолданысқа енгізді. Бұл шараны ол «қарапайым жолмен қиындықты жеңе алған шара» деп атады. 1963 жылы Қытайдың Алтай аймағы, Көктоғай ауданында туылған Өрлеуқан Қисаұлының студенттік шағы өткен ғасырдың сексенінші жылдарына тұспа-тұс келеді. Ол кезде Қытай экономикасы қатты дами қоймаған.Жол қатынасы қолайсыз, табиғаты қатал Өр Алтайдан Үрімжіге жету үшін жолда екі қонып, үш күн жүретін. Онан ары Да Лиян университетіне бару үшін кейде отырып, кейде түрегеп пойызбен 72 сағат жол басуға тура келетін, білімге деген құштарлық оның жігерін жасыта алмады, Доң Би педегогикалық университетінде білімін жалғастырды. Жапон елінде оқыды, ұзақ жыл зерттеу жұмысымен айланысты, бұл күнде Гуаң Жоу университетінің құрметті профессоры, көптеген ғылыми атақтардың иегері. Қытайдағы жер сілкінісі кезінде мәдени мұралардың да қоса бүлінетіндігін басты назарда ұстаған Өрлеуқан тұңғыш рет байырғы мәдени мұраларды зерттеу нысанын ұйымдастырып, алғашқы ондыққа кіретін маңызды мәдени мұраларды қорғауға алуда да осы әдісті қолданды. Алматы қаласында да жер сілкінісі жиі болатынын ескерсек, осындай мықты маман елге де керек-ақ. Алыс-жуықтағы бар-жоғымызды түген-деп, қандасым деп бауырға тартып, етек-жеңімізді толық жияр күн қашан туар екен десеңізші!

Мағиза Құнапияқызы

376 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы